Жүкті әйелін қорлаған қарағандылық ер адам жазадан құтылып кетті

0
372

Қарағанды қаласының Әлихан Бөкейхан ауданының соты бірге тұрған жүкті әйелді ұрып-соғып, бөтен еркекпен жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген ер адамға қатысты қылмыстық істі қарады.


Жүкті әйелін қорлаған қарағандылық ер адам жазадан құтылып кетті

ERNUR.KZ. Бірге тұратын жүкті әйеліне жәбір көрсеткен қарағандылық ер адам жазадан құтылып кетті, деп жазады tengrinews.kz.

Қарағанды қаласының Әлихан Бөкейхан ауданының соты бірге тұрған жүкті әйелді ұрып-соғып, бөтен еркекпен жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген ер адамға қатысты қылмыстық істі қарады.

Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 123-бабы "Жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектiң жыныстық қатынас жасауына, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттерге мәжбүр ету" бойынша сотқа жіберілді. Жәбірленушінің адвокаты сотталушы әйелді досымен жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлегенін дәлелдеуге тырысты.

Жәбірленуші тарап өкілінің барлық уәжіне қарамастан, сот сотталушының кінәсін дәлелденбеген деп тапты. Жәбірленушінің адвокатының айтуынша, ол күдіктіні 121-бап "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бойынша жауапқа тартуды талап еткен.

"Күдікті өз ниетін соңына дейін жеткізбегендіктен, прокуратура қылмыс құрамы жоқ деп шешті. Содан кейін біз оны 107-бап "Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру" санатына ауыстыруды сұрадық. Қылмыстық іс сотқа жіберілді. Сот оны кінәлі деп танып, оның бұрын соттылығы бар екенін ескере отырып, оған барлығы үш жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жәбірленуші тарап сот үкіміне шағымданбақ болғанымен, бірақ апелляциялық шағым өзгеріссіз қалдырылды", - деді әйелдің адвокаты.

Бұл жолы жәбірленуші тарап сотталушы мен оның досын 123-бап "Жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектiң жыныстық қатынас жасауына, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттерге мәжбүр ету" бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартқысы келген.

"Бірақ сот олардың кінәсі дәлелденген жоқ деп шешті. Біз сотта жәбірленушінің сотталушыға материалдық және моральдық тәуелді екенін дәлелдегенімізбен, бірақ сот мұны ескермеді. Соған қарамастан, бұл үкімнің үстінен шағымданатын боламыз", - деді жәбірленушінің адвокаты Ибрагим Садвоқасов.

Әлихан Бөкейхан аудандық сотының баспасөз қызметі ақтау үкіміне қатысты түсініктеме берді. Жәбірленуші қылмыстың объективті жағын аша алмай, қылмыстық құқық бұзушылықты жасау әдісін, атап айтқанда, бопсалаудың қалай болғандығын толық сипаттап бермеген.

"Бопсалау әрекеті және жәбірленушінің жүкті жағдайын пайдалану қылмыстық құқық бұзушылық болып табылмайды. Сот айыптау ісінде көрсетілген мән-жайларды, сондай-ақ ұсынылған дәлелдемелерді назарға алды. Барлығын ескере отырып, іс-әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылықтың жоқтығына байланысты айыптау бабы бойынша сотталушыларды ақтау туралы шешім шығарылды", - делінген сот баспасөз қызметінде.

Еске салайық, бұған дейін Қарағандыда ер адам бірге тұратын жүкті әйелді ұрып-соғып, досын қуанту үшін мәжбүрлеген болатын. Жасалып жатқан бұзақылығы туралы түсірілген видео әлеуметтік желіде тарап, талас-тартыс тудырды. Кейін Октябрь аудандық соты әйелдің күйеуін жәбірленушінің денсаулығына қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіргені үшін кінәлі деп тауып, үш жылға бас бостандығынан айырды. Ер адам бұған дейін де сотталған.