​Жұлдыздар ауызашарда жартылай жалаңаш отыр (видео)

0
4 909

Олар бұл әрекетімен халықтың сынына қалды.


​Жұлдыздар ауызашарда жартылай жалаңаш отыр (видео)

Қазақстандық танымал өнер иелері бассейнде отырып ауыз ашты, деп хабарлайды ERNUR.KZ. KYN.kz сайтына сілтеме жасап.

Олар бұл әрекетімен халықтың сынына қалды. Әншілер мен актерлер үнемі желідегі парақшаларына тамақ пен демалыс орындарын жарнамалап жүретіні бүгінде ешкімге құпия емес.

Видеода әнші Ақбота Керімбекова Алматыда ашылған демалыс орнында ауызашар берген Алмуша құрбысына алғыс білдірді. Ал эстрада әншілері Нұрлан Еспанов пен Асхат Тарғын үстілеріне сүлгі жамылып алып, қолдарын бұлғап халқымен амандасып отыр. Өздерін қонақ етіп отырған әйел көпшілікті ораза мерекесімен құттықтады.


Бұл видеоны көрген халық бірден өздерінің пікірлерін жарыса жазып жатыр.