Жұма күні 42 градус қатты аяз сақталады

0
556

Тек еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында, орталығында атмосфералық фронттардың әсерінен жауын-шашын, көбіне қар жауады.


Жұма күні 42 градус қатты аяз сақталады

ERNUR.KZ. Қазгидромет синопиктері 23 ақпан, жұмаға арналған ауа райы болжамын жариялады. Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз аязды ауа райы сақталады, деп жазады inform.kz.

Тек еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында, орталығында атмосфералық фронттардың әсерінен жауын-шашын, көбіне қар жауады.

Көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, жел күшейеді.

Қазақстан бойынша тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында 42 градус қатты аяз, Абай облысынң шығысында 40 градус қатты аяз сақталады.