Жұмбақ өлім: Алматыда 18 қабаттан секірген 15 жастағы бозбала туралы тың деректер белгілі болды

0
401

Үйде әпкесі екеуі ғана тұрған.


Жұмбақ өлім: Алматыда 18 қабаттан секірген 15 жастағы бозбала туралы тың деректер белгілі болды

Алматыда 18 қабаттан секірген 15 жастағы бозбала туралы тың деректер белгілі болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Алматы арнасына сілтеме жасап.

Куәгерлердің сөзінше, марқұм талдырмаш, ешкіммен қақ-соғы жоқ бала болған.

Жеткіншек кеше таңсәріде зәулім үйдің соңғы, яғни 18 қабатынан жерге құлаған. Қайғылы оқиға болған жерде жуылып, шайылған қанның іздері әлі жатыр. Куәгерлер мұнда екі көлік тұрғанын айтады. Жас жігіт сол екі көліктің ортасында қалған көрінеді.

«Әйгерім» тұрғын үй кешенін күзететін Айман Майлыбаева - оқиғаға куә болғандардың бірі. Таңертең кезекті алмастырып жұмысқа кіріскені сол екен, қаралы хабарды полицейлерден естіген. Сағат 7:40 оны тәртіп сақшылары шақыртыпты.

Пәтердің есігін тәртіп сақшыларына ашып берген де өзі. Сөзінше, үйде марқұм мен әпкесі екеуі ғана тұрған. Жалдамалы пәтер емес, үй өздерінікі дейді.

«Жүгіріп, есігін ашып бәрін көрсетіп, қарадық. Туған әпкесі мен жаңағы бала тұрады екен. Үйінің іші тап-таза, бәрі жиналған. Бала секірген дейді», – деді тұрғын үй кешенінің күзетшісі Айман Майлыбаева.

Куәгерлердің айтуынша, адамның өлі денесін алғаш болып тұрғын үй кешенінің бірінші қабатындағы сән салонында істейтін еден жуушы көріп, полицияға хабарлаған.

«Мен тек полиция қызметкерлерінің көп болғанын көрдім. Жан-жақтың бәрі қоршаулы болды. Сосын ішке кіріп, жоғарыдан қарағанымызда беті жабылған адамның денесі жатқанын көрдік», – деді куәгер Дмитрий Хан.

Қазір Алматы қалалық полиция департаменті «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған. Тиісті сараптама тағайындалды. Ал жасөспірімнің биіктен секіруіне не себеп болғаны сол күйі белгісіз.