Жұмысшыларға бір сағаттық ескерту ереуілдерін ұйымдастыруға рұқсат беріледі

0
612

Заң жобасында ереуілдерді ұйымдастыру тәртібін жеңілдетілген.


Жұмысшыларға бір сағаттық ескерту ереуілдерін ұйымдастыруға рұқсат беріледі

ERNUR.KZ. Мәжіліс депутаттары еңбек даулары мен жанжалдарды шешу тәртібін оңайлатуға қатысты түзетулер жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп жазады inbusiness.kz.

Атап айтқанда, заң жобасында ереуілдерді ұйымдастыру тәртібін жеңілдетілген.

Сонымен қатар оның нормаларында жұмыс берушінің мәжіліс залын беру міндетін қарастырылған.

Ереуіл туралы шешімді жұмысшылардың үштен екі бөлігі емес, қарапайым көпшілік дауыспен қабылдауға болады, бұл ретте конференцияның кворумы да қысқарады. Заң жобасына "бір сағаттық ескерту ереуілі" түсінігі енгізілген.

"Қызметкер ереуіл ұйымдастыруға жеткенге дейінгі рәсім күрделі, үш кезеңнен тұрады: арыз беру, бітімгерлік комиссиясы, еңбек арбитражы. Оған 11 күннен 33 күнге дейін уақыт кетеді. Ереуілге дейін жұмысшылардың талаптарын шешуге бір ай уақыт кетеді. Ескерту ереуілін бітімгерлік рәсімдері мен келіссөздер кезінде ұйымдастыруға рұқсат етіледі. Бұл жұмыс берушіге берілген белгі деуге болады. Оның ұзақтығы бір сағаттан аспауы тиіс, өйткені мұндай ереуіл жұмыс берушіге экономикалық зиян келтірмеуі керек", - деп түсіндірді Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева.

Егер кәсіпорында бір мезгілде кәсіподақ және жұмысшының сайланған өкілі болса, ереуіл туралы шешім қабылдау үшін бірыңғай орган құрылады. Заң жобасында еңбек арбитражының құрамына үшжақты комиссиялардың өкілдерін енгізу де қарастырылған.