Жұмыссыз жастар санын 5%-ға дейін азайтамыз - Балаева

0
473

Балаеваның айтуынша, "Ұлттық рухани жаңғыру" жобасы аясында жастарға және оның проблемаларын шешуге көп көңіл бөлінеді.


Жұмыссыз жастар санын 5%-ға дейін азайтамыз - Балаева

ERNUR.KZ. ОКҚ брифингінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева "Ұлттық рухани жаңғыру" жобасы аясында жастарға қандай жағдай қарастырылғанын айтты, деп жазады zakon.kz.

Балаеваның айтуынша, "Ұлттық рухани жаңғыру" жобасы аясында жастарға және оның проблемаларын шешуге көп көңіл бөлінеді.

Кемінде 800 мың жас адам тұрғын үй жинақ жүйесімен қамтылатын болады. Оның ішінде, әлеуметтік қызметтерімен миллион адамға дейін қамту, барлық бағдарламалар бойынша жас отбасылар үшін несиелеу үлесін 25%-ға дейін ұлғайту және 1,5 млн жасты бұқаралық спортпен және экологиялық жобалармен қамту бар, - деді министр.

Оның айтуынша, NEET санатындағы жастарды қолдауға ерекше көңіл бөлінеді.

Бұл жерде біз жұмыспен қамтылмаған жастардың санын 5%-ға дейін төмендетудің нақты міндетін қойып отырмыз, деп түйіндеді ведомство басшысы.