Жүргізуші ұйықтап кеткен: Алматы облысында көлік жол жиегіндегі темірдің ортасына кіріп кетті (видео)

0
321

Екі жолаушы зардап шекті.


Жүргізуші ұйықтап кеткен: Алматы облысында көлік жол жиегіндегі темірдің ортасына кіріп кетті (видео)

ERNUR.KZ. Алматы – Өскемен тасжолында жантүршігерлік жол апаты болды, деп жазады stan.kz.

Оқиға 18 шілдеде сағат 18:20 шамасында болған. Жүргізуші рөлді басқара алмағандықтан көлік жол жиегіндегі темірдің ортасына кіріп кеткен.

Алматы облысы полиция басқармасы оқиғаға қатысты түсінік берді.

"26 жастағы Toyota автокөлігінің жүргізушісі Алматы-Өскемен тасжолының 109 шақырымында келе жатып, рөлді басқара алмай, жол жиегіндегі темірге соғылған. Бұл дерек Қонаев атындағы ПБ-де Қылымыстық кодекстің 345-бабы бойынша тіркелді. Сараптамалық тексерулер тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада.

Жол апаты салдарынан жүргізуші жансақтау бөлімінде алған жарақаттарынан қайтыс болды, екі жолаушы зардап шекті. Екі жолаушы да Қонаевтағы ауруханаға жатқызылды.


Желідегілердің айтуынша, қаза тапқан жүргізуші жаттықтырушы болған.

"Баламның футболдан жаттықтырушысы қаза тапты. 97 жылғы еді, жүргізуші көлік айдап ұйықтап кетіпті. Иманды болсын", "Ұйқы қысса ұйықтап алған дұрыс жолда, мәңгі ұйқыға кеткенше", "Жолда бара жатқан кезде көп жерде бейіт бар, сол жерлерде асықпай қол жайып, бар білгенін оқып өту керек, көп жерде байқаймын, бейіттің жанынан басып айдайды", – деп жазған пікір қалдырғандардың бірі.