Журналист Вадим Борейко операторының көлігін өртеген күдікті ұсталды

0
484

Өрт қойды деген күдікті екі айға қамауға алынған.


Журналист Вадим Борейко операторының көлігін өртеген күдікті ұсталды

ERNUR.KZ. Журналист Вадим Борейко операторының екі көлігін өртеп жіберді деген күдікті қамауға алынды, деп жазады tengrinews.kz.

Соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт қойды деген күдікті екі айға қамауға алынған. Мұндай санкцияны Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты шығарған.

"Биыл 23 ақпандағы сот ұйғарымымен соталды тергеп-тексеру органының өтінішхаты қанағаттандырылып, күдікті Ж.-ға қатысты екі ай мерзімге "қамау" түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды", - деді қалалық сот.