Жұртты дүрліктірген видео: Ұшақтың қызыл сұйықтықты қайда шашқаны белгілі болды

0
1 528

Бұл бейнежазба Маңғыстауда түсірілмеген.


Жұртты дүрліктірген видео: Ұшақтың қызыл сұйықтықты қайда шашқаны белгілі болды

Маңғыстау облысының әкімдігі қызыл түсті сұйықтық шашып жүрген ұшақтың видеосына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


"Әлеуметтік желілерде тарап жатқан бейнежазба Маңғыстауда, жалпы Қазақстанда түсірілмеген. Еліміздің Қорғаныс министрлігіне хабарласып, сұрадық. Ведомство өкілдері қызыл түсті сұйықтық шашып жүрген ұшақтың министрлікке тиісті емес екенін мәлімдеді. Олардың айтуынша, бұл ұшақ Америка Құрама Штаттарына тиесілі. Әдетте Америкада өртті сөндіру үшін суға қызыл түсті бояу қосылады. Бұл су шашылған аумақты алыстан көру үшін жасалады екен", - делінген хабарламада.


Әкімдік жалған ақпарат таратқандар үшін ҚР Қылмыстық Кодексінің 274-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік қарастырылғандығын еске салды.