Жыл басынан бері 100 мыңнан астам автокөлік шығарылды

0
900

Жылдық өндіріс өсімі 40%-ға жуықтады.


Жыл басынан бері 100 мыңнан астам автокөлік шығарылды

ERNUR.KZ. Тоғыз айда Қазақстанда 109 552 автокөлік шығарылды. Өнімнің құны 1,3 триллион теңгеден асады, деп жазады sputnik.kz.

Өткен жылмен салыстырғанда өсім 39,2%-ды құрады.
Қыркүйек айында елімізде жалпы құны 156 миллиард теңгені құрайтын 12 231 көлік дайындалды. Бір жыл бұрынғы көрсеткіш 9 865 көлік және 105,7 миллиард теңгені құрап, бұл биылғымен салыстырғанда 24% пайыз өсім көрсетті.
Автомобильдер мен коммерциялық көліктер өндірісі 39,2%-ға өсті.
Қазақстандағы машина жасаудағы автомобиль өнеркәсібінің үлесі 44,5%-ды құрады.
Хабарламада қазақстандық автомобиль нарығы инвестиция тартуды жалғастырып жатқаны айтылған. Қостанайда жаңа Kia зауыты салынып жатыр және қазан айында Skoda брендінің қайта оралғаны туралы белгілі болды.
Сонымен қатар елімізде автомобиль бөлшектерін шығаратын цехтар да салынып жатыр.
Қазақстандағы автомобиль өнеркәсібі өнімінің негізгі көлемі (88%) Қостанай облысы мен Алматы қаласында шоғырланған: тиісінше 596,6 миллиард және 418,8 миллиард теңге.