​Жыл басынан бері 800 келіншек зорланған

0
2 094

Статистикалық мәліметтер зорлау фактілері Алматы мен Алматы облысында жиі тіркелетінін көрсеткен.


​Жыл басынан бері 800 келіншек зорланған

Иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Елімізде жыл басынан бері 800 келіншек сексуалды шабуылдың құрбаны болған деп хабарлайды ERNUR.KZ Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Күдіктілер бұрымдыларды әр түрлі жерден тосып алып отырған. Бірі жаман ойын жеделсатының ішінде асырса, енді бірі көлікке отырғызып, ешкім естімейтін, көрмейтін жерге апарып зорлаған. Статистикаға сенсек мұндай фактілердің дені Алматы мен Алматы облысында тіркеліпті. Алайда, мамандар деректер шындыққа жанаспайды, әсілінде құрбандардың саны бұдан да көп деп дабыл қағып отыр.

Біздің қоғам «Қызды қырық үйден тыю» деген қағиданы әлі де қатаң ұстанады. Бірақ, соған қарамастан қаракөздерін ренішке беріп қоятыны тағы бар.

Писсимистік статистиканы Алматы облысы бастап тұр. 129 факт тіркелген. Одан кейін Алматы - 79-қылмыстық іс. Астанада қалыспайды - 54, ал Шымкентте - 40 ару зорлық-зомбылықтың құрбанына айналған.
Неге сонша қыз зорлағыш болып кеттік? Аурудың ең негізгі себебі қоғамдағы имандылық барометрінің төмендеуі дейді білетіндер. Яғни елде ұлттық идеология жоқ.

«Ал жалпы зорлыққа кім барады? Зорлыққа әдетте өзіне-өзі сенімсіз адамдар барады. Мәдениеті төмен. Қазақ айтады ғой, «Аузында әзілі жоқтың қолында шоқпары жүреді»,- деп. Немесе қазақ айтады тағы, «Жақсының ақылы жүрегінде болады, жаманның ақылы білегінде болады»,-деп. Сол жақсылар азайып, жамандар көбейгенде осындай зорлық көбейеді», дейді Абайтанушы Омар Жәлел.

Қысқасы «Келші қарғам шашыңнан иіскейін, иіскейін бірақта тиіспейін!»,- деген Мұқағалидің көзқарасын қоғамға қайтару қажет болып тұр. Тентектерді тезге салудың тағы бір тетігі заң екені бесенеден белгілі. Алайда, одан қорқып жатқан біреу бар ма өзі?

Зорлық-зомбылыққа ұшыраған талай бұрымдының ісін қарап, сотқа дейін сүйреп жүрген Айманның айтуынша біздегі жазалау жүйесін әлі де жетілдіру қажет.

«Шынымызды айтсақ кінәлілер көп жағдайда жазаларын алмайды. Елу проценттен астам десек те болады. Себебі біздің елде көп әйелдер біріншіден өздерінің зорланғандығы туралы арызданбайды. Себебі полицияға ешқандай сенім жоқ. Мысалы менде қазір бір іс бар, Астанада болған. Жаңағы чиновниктер екеуі чиновник, үшіншісі чиновник емес. Олар қызды зорлаған. Ол іс әлі күнге дейін сотқа кеткен жоқ. Дәлелдер болса да. Екі чиновник ауылшаруашылығы министрлігінің чиновниктері», - дейді Заңгер, құқық қорғаушы Айман Омарова.