Жыл басынан бері кәсіпорындарда 134 адам қаза тапты

0
547

Ең көп жарақат алу жағдайлары бұрынғыдай еліміздің өнеркәсіптік өңірлерінде – Қарағанды, Шығыс Қазақстан облысы, Қостанай, Ақтөбе, Павлодар облысы және Алматы қаласында сақталуда.


Жыл басынан бері кәсіпорындарда 134 адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Жыл басынан бері еліміздің кәсіпорындарында 999 адам зардап шекті және 134 адам қаза тапты, деп жазады ҚазАқпарат.

Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Еңбек, әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов айтып берді.

«Жыл басынан бері 9 айда еліміздің кәсіпорындарында 999 адам зардап шекті, бұл өткен жылдың тиісті кезеңінен 5,8%-ға төмен. 134 адам қаза тапты, бұл да өткен жылмен салыстырғанда 4,3%-ға төмен», - деді Төлеген Оспанқұлов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, жазатайым оқиғалардың негізгі себептері – зардап шеккендердің салғырттығы (34,9%), өндіріс пен жұмыстарды жеткілікті түрде ұйымдастырмау, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерін бұзу, жол қозғалысы ережелерін бұзу.

«Ең көп жарақат алу жағдайлары бұрынғыдай еліміздің өнеркәсіптік өңірлерінде – Қарағанды, Шығыс Қазақстан облысы, Қостанай, Ақтөбе, Павлодар облысы және Алматы қаласында сақталуда. Зардап шеккендердің ең көп саны тау-кен металлургия кешені мен құрылыс саласының кәсіпорындарында байқалады», - деді Т. Оспанқұлов.