Жылқы іздеп жоғалған ақтөбеліктер Қызылордадан табылды

0
1 918

Жылқы іздеуге шығып хабарсыз кеткен азаматтар табылды


Жылқы іздеп жоғалған ақтөбеліктер Қызылордадан табылды

ERNUR.KZ. Ақтөбеде жылқы ізгеуге шығып, хабарсыз кеткен 6 адам табылды, деп жазады ҚазАқпарат.

"Жоғалған ақтөбеліктер Қызылорда облысынан табылды. Оларды іздеуге Қарағанды, Қызылорда облыстарының және Ырғыз аудандық ішкі істер органдарының қызметкерлері жұмылдырылды. Жоғалғандар Қызылорданың Арал ауданынан табылды. Іздеу жұмыстарына тікұшақ жұмылдырылды",- деп хабарлады.

облыстық ІІД баспасөз қызметі. Еске салсақ, 1 қыркүйек күні 33 бас жылқыны іздеуге шыққан 6 адам хабарсыз кетті. Жоғалғандардың туыстары полицияға арыз жазып, іздеу жұмыстарын жүргізуді сұрады.