Жыныс мүшесіне 7 сим-карта жасырып өтпек болған келіншек ұсталды

0
486

Түрмеге одан басқа ұялы телефон, және USB сымын алып кірмек болған.


Жыныс мүшесіне 7 сим-карта жасырып өтпек болған келіншек ұсталды

ERNUR.KZ. Павлодар қаласының тұрғыны колонияға телефон, сим-карталар мен USB-сымдарды интимді жерінде жасырып, алып кірмек болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде айтылғандай, 30 жастағы павлодарлық әйел адам кісі өлтіргені үшін жазасын өтеп жатқан күйеуімен кездесуге келген. Әйелді тексеріп қарау кезінде металл іздегіш сигналы белгі берген.

"Мекеменің әскери қызметкерлері мен әйел қызметкерлері әйелді мұқият тексергеннен кейін одан контрацепция құралында жасырылған тыйым салынған заттар бар екені анықталды. Ондағы заттарды тексерген кезде ұялы телефон, 7 сим-карта және USB сымы табылды", – деп хабарлады департаментте.

Қалалық тұрғын мүшеқапқа салынған телефонды және басқа тыйым салынған заттарды жыныс мүшелеріне жасыруға тырысқан.

Әкімшілік кодекстің 481-бабы "Қылмыстық-атқару жүйесiнің мекемелерiнде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттар, бұйымдар мен нәрселер беру" бойынша қала тұрғынына қатысты хаттама жасалды. Жазаны сот анықтайды. Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде хабарланғандай, мұндай бұзушылыққа жол берген адам сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап бір жылға ұзақ кездесу құқығынан айырылады.