​Зират отқа оранды

0
2 564

Оқиға орнына дереу жеткен Семей қаласының құтқару жасағының жеті қызметкері лапылдаған отты 1,5 сағатта әрең ауыздықтады.


​Зират отқа оранды

Знаменка тас жолы бойында орналасқан зираттардың ішінен өрт шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ. altaynews.kz сайтына сілтеме жасап.

Нақтырақ айтсақ, құрғақ шөптен тұтанған қызыл жалын қабір басындағы ағаш кресстерді, арнайы қоршалынған сыртқы сүйеніштер мен орындықтарға дейін шарпып үлгерген. Осының салдарынан айналаның барлығы көк түтінге оранған.

Оқиға орнына дереу жеткен Семей қаласының құтқару жасағының жеті қызметкері лапылдаған отты 1,5 сағатта әрең ауыздықтады.

Мамандар өрт қасақана немесе қауіпсіздік ережелерін сақтамағандықтан осындай жағдай орын алуы мүмкін деген болжам жасауда. Қазіргі кезде өрттің шығу себеп-салдары анықталып жатыр.