Зияткерлік меншікке келген залалды өтеудің орнына өтемақы төлеу институты енгізіледі

0
1 211

Құқық иеленушінің құқықтары бұзылған жағдайларда, бұзушылықтың сипатын, біртектес тауарлардың нарықтық құнын негізге ала отырып, ол залалды өтеудің орнына талап етуге құқылы өтемақының сот белгілейтін мөлшерін айқындау ұсынылады.


Зияткерлік меншікке келген залалды өтеудің орнына өтемақы төлеу институты енгізіледі

Парламент Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік cаласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды, деп хабарлайды ERNUR.KZ .

Заң жобасының мақсаты зияткерлік меншік cаласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру, оның нысандарын тіркеу рәсімдерін оңайлату, құқықтық олқылықтарды жою, сондай-ақ зияткерлік меншікті қорғау саласында әкімшілік кедергілерді туындататын ережелерді алып тастау болып табылады. Заң жобасымен бірқатар заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Құжатпен тауар белгілеріне құқықтар бұзылған кезде залалды өтеудің орнына өтемақы төлеу институты енгізіледі. Құқық иеленушінің құқықтары бұзылған жағдайларда, бұзушылықтың сипатын, біртектес тауарлардың нарықтық құнын негізге ала отырып, ол залалды өтеудің орнына талап етуге құқылы өтемақының сот белгілейтін мөлшерін айқындау ұсынылады.

Сонымен қатар, Заң жобасымен тауар белгілеріне өтінімдер сараптама ұйымына келіп түскен кезден бастап оларды міндетті түрде жариялау туралы жаңа ереже енгізіледі. Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.

дереккөз: parlam.kz