Алақан, аяқ және қолтық терлей берсе...

0
13 543

​Қысы-жазы аяғы терлеп, мазасызданатындар бар. Олардың басты проблемасы – осы бiр жағымсыз әрекеттен арылу. Аяқ терлеу көзге көрiнбейтiн микробтардың өмiр сүрiп жатқанынын дерек бередi. Одан арылу, әрине, ұзақ уақытты талап етедi. Сондықтан да барынша шыдамдылық танытып, жағымсыздықтан арылыңыз.


Алақан, аяқ және қолтық терлей берсе...

Фото: echenie-simptomy.ru

Қысы-жазы аяғы терлеп, мазасызданатындар бар. Олардың басты проблемасы – осы бiр жағымсыз әрекеттен арылу. Аяқ терлеу көзге көрiнбейтiн микробтардың өмiр сүрiп жатқанынын дерек бередi. Одан арылу, әрине, ұзақ уақытты талап етедi. Сондықтан да барынша шыдамдылық танытып, жағымсыздықтан арылыңыз.

Аяқтағы жағымсыз иісті бор қышқылы кетіреді

Кәдiмгi бор қышқылы аяғыңызды терлегеннен және жағымсыз иiстен құтқарады. Кез келген дәрiханадан табылатын бор қышқылын жақсылап ұнтақтаңыз. Күнде таңертең осы ұнтақты аяғыңыздың саусақтарының арасына және табандарыңызға шашып, таза шұлығыңызды киiңiз. Негiзiнде бұл емді жасап жүрген кезде шұлығыңызды мүмкiндiгiнше күнiне 2 рет ауыстырыңыз. Кешке үйге келген соң 40 градустағы жылы сумен аяғыңызды жуыңыз.

Емдi үзбей 2 апта жасасаңыз, бұл проблемадан түбегейлi арыласыз.

Алақаныңыз терлесе, жүйкеңізді емдеңіз

Егер алақаныңыз терлей беретiн болса, онда сiзге жедел түрде жүйке жүйеңiздi емдету керек. Тез арада невролог дәрiгерiне барыңыз.

Алақанның терлеуін халық емімен де жазуға болады. Ол үшін 2 литр суға жарты стақан ас содасын салыңыз. Күнiне 2 рет осы ерiтiндiге қолыңызды салып отырыңыз.

Сондай-ақ, глицериннің 1/2 бөлiгiн, лимонның 1/4 бөлiгiн, медициналық спирттiң 1/4 бөлiгiн араластырыңыз. Қолыңызды жақсылап жуыңыз да дайын болған қоспаны алақаныңызға сiңдiре отырып жағыңыз.

Сондай-ақ үй жағдайында крем жасап алыңыз. Ол үшiн қырмызы, бақбақ, жолжелкен және қалақайдан бiрдей көлемде алып, жақсылап ұнтақтаңыз. Содан соң 1 ас қасығын 1 стақан қайнаған суға салып, тұндырып қойыңыз. Шамамен 40 минуттан соң дайын болған тұнбадан 2 ас қасығын алып 50 гр. iш маймен араластырыңыз. Оған 1 ас қасық бал мен 5 ас қасық кастор майын қосыңыз. Бiркелкi етiп араластырыңыз да, жатар алдында алақаныңызға жақсылап жағыңыз. Бір айға жетпей оң нәтижесiн байқайсыз.

Жаңғақ ағашының тұнбасы қолтық терлеуінен арылтады

Бүгінгі таңда екiнiң бiрiнiң қолтығы терлейді. Оны кетiру үшiн қымбат ұнтақтар мен жағатын кремдер, түрлi антиперспирант қолданып жатады. Бiрақ оның көмегi уақытша ғана. Қолтықтың терлегенiнен түбегейлi арылу үшiн халық емiне жүгiнген жөн.

  • Түймедақ тұнбасы

Ол үшiн 6 ас қасық кептiрiлген түймедақ гүлiн алып ұнтақтаңыз. Сөйтiп үлкендеу ыдысқа салып, үстiне 2 литр бөлме температурасындағы қайнатылған жылы суды құясыз. Қақпағын жауып, 1 сағаттай тұндырасыз. Сонан соң 2 ас қасық ас содасын салып, жақсылап араластырыңыз. Дайын болған тұнбаға мақтаны немесе дәкенi малып алып, қолтығыңызды сүртесiз.

  • Қырықбуын тұнбасы

1 ас қасық ұнтақталған қырықбуынды 10 ас қасық араққа салып, бетiн жауып қоясыз. 10 күндей күн сәулесі түспейтін, құрғақ әрi жылы жерде тұруы керек. Белгiленген уақыттан соң мақтаны малып қолтығыңызды сүртесiз.

  • Грек жаңғағының ағашы

Грек жаңғағының ағашы да тершеңдікке дауа болады. Ағашты жақсылап ұнтақтап, спиртке саласыз. Құрғақ, күн түспейтін жерге қойып, 1 аптадай тұндырасыз. Сөйтiп дайын болған тұнбамен қолтығыңызды сүртiңiз.

Қолтықтың терлеуiне жейтiн тағамдарыңыздың да әсерi бар. Құрамында С дәруменi бар тағамдарды көбiрек жеңiз. Лимон, қара қарақат, анар мен қызыл жемiстерді дастарханыңыздан үзбеңіз.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет