​АЛМА сірке суы ТАМАҚ ауруын БІР-ақ күнде емдейді

0
12 637

3 рет шайған соң-ақ керемет нәтижеге көз жеткізесіз.


​АЛМА сірке суы ТАМАҚ ауруын БІР-ақ күнде емдейді

фото: ogorodnik.com

Тұмау тигенде немесе вирустық аурулар жұқтырғанда тамағымыз ауырады. Кейде тәттіні артығымен жегенде, салқын су ішкенде, шекілдеуік шаққанда да тамақ сыр береді. тамақтың неден ауырғанын анықтап алып, дереу ем қабылдау керек. Өйткені тамақ ауруын уақытында емдемесеңіз, жұтынуыңыз қиындап, ауруды асқындырып алуыңыз мүмкін. Сондықтан да үй жағдайында тамақтың жыбырлағанын басып, ауырғанын емдеуге болады. Ол үшін мына әдістің біреуін таңдап алып, байқап көріңіз...


ЛИМОН

Тамақ ауруының бірден-бір емі – лимон. Ол ауырғанын басып қана қоймайды, ары қарай асқынуына жол бермейді. Тамаққа түскен бактерияны, вирусты өлтіріп, тезірек жазылуына ықпал етеді.

Ем үшін 2 стақан суды ыдысқа құйып, отқа қоясыз. Ыдысқа тазалап жуылған 1 дана лимон мен 1 ас қасық жебіршөпті (тимьян) саласыз. Бір қайнап шыққан соң лимонды сүзіп алып, сөлін сығасыз. Қайнаған суды сүзіп алыңыз. Оған лимон шырыны мен татымына қарай бал қосып, жылы күйінде ішесіз. Емді күніне бірнеше рет қабылдауға болады.

Аталған емдік сусын тамақтың ауырғанын емдейді, ағзаны С дәруменіне қамтиды әрі иммундық жүйені нығайтады.

фото: tdayurveda.ru

ЖАЛБЫЗТІКЕН тамыры

Тамақ ауруына керемет ем болатын екінші әдіс – жалбызтікен (алтей) тамыры екенін ескеріңіз. Оны дайындау үшін 1 литрлік ыдысқа бөлме температурасындағы тұндырылған су құясыз. Қабатталған дәкеге 2 ас қасық ұнтақталған жалбызтікен тамырын салып, сұйықтыққа батырыңыз. Дәке түйінінің ұшын сыртында ұстап тұрып, қақпағын мықтап жабыңыз. Шамамен 8 сағаттан соң дәкені алып, сұйықтыққа татымына қарай бал араластырасыз. Дайын болған емдік тұнбаны жылы күйінде күніне 3-4 рет ішу керек.


СӘЛБЕН

Антисептикалық қасиетке ие сәлбен (шалфей) тамақтың ісігін басып, қызарғанын кетіреді. Ол үшін 2 ас қасық кептірілген сәлбенді 500 мл қайнаған суға саласыз. Жақсылап араластырып, қақпағын мықтап жабыңыз. Шамамен 30 минуттан соң тұнбаны сүзіп алып, тамағыңызды шаясыз. Емді әр 3-4 сағат қайталап отыру керек.


БАЛ

Тамақ ауруынын айықтыратын табиғи дәрі іздесеңіз балдың көмегіне жүгініңіз. Бактерияға қарсы күресетін күшке ие балдың ауруды басатын да қасиеті бар. Егер тамағыңыз қырылдап, ауыра бастаса күніне 2-3 шай қасық бал жеуге әдеттеніңіз. Егер аллергияңыз болса, онда кез келген сұйықтыққа (суға, шайға, сүтке) қосып қабылдауға АЛМА СІРКЕ СУЫ

Жарақатты жазатын, зарарсыздандыратын, сергітетін, иммундық жүйені нығайтатын әрі тамақ ауруларынан айықтыратын кереметі бар алма сірке суы туралы білесіз бе? Оны тәттілерге, салатқа немесе түрлі тағамға қосумен қатар, ем ретінде де кеңінен қолдануға болады.

Егер тамағыңыз қышып бастаса, 2 шай қасық алма сірке суын 1 стақан суға араластырып, тамағыңызды шаясыз. Емді 3-5 сағат сайын бірнеше минут жүргізсеңіз, бір күнде-ақ оң нәтиже байқайсыз.

фото: womensmed.ru

ТҮЙМЕДАҚ

Бұл өсімдік суықты әрі ісікті емдейтіні ежелден белгілі. Ендеше тамақ ауырған кезде түймедақ шайымен тамығыңызды шаюды бастаңыз. Егер қайнатпаға аздап сәлбен араластырсаңыз, емдік күші еселенеді.

Қйанатпаны дайындау үшін жарты ас қасық кептірілген түймедақты 1 стақан қайнаған суға салып, тұндырып қоясыз. Шамамен 20 минуттан соң дайын болған тұнбаны сүзіп алып, тамағыңызды шайыңыз. 3 рет шайған соң-ақ керемет нәтижеге көз жеткізесіз.


ЖАЛБЫЗ

Бал қосылған жалбыз тұнбасы тамақтың жыбырлағанын, қышығанын басады, қызарғанын кетіред әрі ісікті емдейді. Одан бөлек, тамақтағы инфекцияны өлтіретін қасиетке ие. Емдік тұнбаны әзірлеу үшін 1 стақан қайнаған суға 1 шай қасық жалбыз жапырағын салып, тұндырып қоясыз. Шамамен 10 минуттан соң емдік тұнбаны сүзіп алып, татымына қарай бал қосыңыз. Дайын болған сұйықтықты тәулігіне 5 ретке дейін ішуге болады.


Тамақ ауруы ересектерде де, балаларда да жиі кездеседі. Мезгіл таңдамайтын аурудың алдын алу үшін жоғарыда келтірілген емдік заттарды алып, дәріқобдишаңызға салып қойыңыз. Керек кезінде дайындап алып, ем ретінде қолданасыз.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.

Дереккөз: joinfo.com


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ШЛАК толған БАУЫРДЫ итмұрын ТАЗАЛАЙДЫ


Мына АЛТЫ ауру мазалағанда ҚИЯР қосылған СУ ішіңіз


АРЫҚТАУҒА себеп болатын СЕГІЗ ауру туралы білесіз бе?