Ағзаны тазалаудың халықтық тәсілдері

0
14 034

Ғалымдар әр ағзаны қай айда тазартуға болатынын айтады. Мәселен, қаңтар айында – өт қалтасы, ақпан – қуық, наурыз – асқазан, сәуiр – тоқ iшек, мамыр – аш iшек, маусым – омыртқа, шiлде – бүйрек, тамыз – көкбауыр, қыркүйек – бауыр, қазан – ми, қараша – өкпе, желтоқсанда – жүректi тазалайсыз.


Ағзаны тазалаудың халықтық тәсілдері

Ол үшін табандылық пен шыдам керек. Көпшілігіміз ем қабылдауда енжарлық танытатынымыз жасырын емес. Ауырған кезде ғана болмаса, өз еркімізбен дәрігерге қаралып, аурудың алдын алу дегеннен алыспыз. Өз уақытында ағзамызды артық заттардан тазартып, асқазан-ішектерді жуып тазартып тұрсақ, кез келген аурудың алдын аламыз. Негізінде ағзаны жылдың кез келген мезгiлiнде тазалауға болады. Ал ғалымдар әр ағзаны қай айда тазартуға болатынын айтады. Мәселен, қаңтар айында – өт қалтасы, ақпан – қуық, наурыз – асқазан, сәуiр – тоқ iшек, мамыр – аш iшек, маусым – омыртқа, шiлде – бүйрек, тамыз – көкбауыр, қыркүйек – бауыр, қазан – ми, қараша – өкпе, желтоқсанда – жүректi тазалайсыз.

Iшектi тазалау

Iшек сөлiнiң қышқылдығын сақтауда 2 литр қайнаған суға 1 ас қасық кез келген жемiс шырыны немесе сiркесуды қосамыз. Дайын сұйықтықпен ұйқы алдында клизма жасайсыз. Емделу тәртібі:

  • Бiрiншi апта – күн сайын
  • Екiншi апта – екi күнде бiр
  • Үшiншi апта – үш күнде бiр
  • Төртiншi апта – төрт күнде бiр
  • Бесiншi апта – бiр рет

Мұны жылына 1-2 рет ғана жасауға болады.

Бауырды тазалау

Емдi бастамас бұрын үш күн тек жемiс (мүмкiндiгiнше алманы пайдаланыңыз) жейсiз. Үш күннен кейiн таңертең және кешке қолдан дайындалған балғын шырынды iшiп, артынша клизма жасайсыз. Екi сағат өткен соң бауырдың айналасына ыстық грелка басып, 2 дана Но-шпа таблеткасын iшесiз. Бiр стақанға өсiмдiк майын, екiншiсiне мүкжидек, қарлыған мен лимон шырындарын жылытып қоясыз. Емді майды жұтудан бастайсыз. Алдымен екі жұтым май, сосын шырынды iшесіз. Осыдан кейiн 5 сағаттай грелканы ұстауды жалғастырасыз. Келесi күнi таңертең алма шырынын iшiп, клизма жасайсыз. Бұл күнi тек жемiстердi тұтыныңыз. Бұдан кейiн 5 күн тек қара суға ботқа қайнатып жейсiз. Бұл емдiк шараны жылына бiр рет, 3 емнен арасына 2 апта үзiлiс жасап, қайталайсыз.

Ескертетiн жәйт: мұны бала емiзетiн аналар, жүктi әйелдер, қант диабетi, өтiнде тасы бар науқастар мен күйзелiсте жүрген жандарға мұндай емдi жасауына болмайды.

Бүйректi тазалау

Бүйректi шлактан тазалау үшiн 100 гр. сәбiз, 30 гр. қияр, 30 гр. қызылша шырындарын араластырып, 2 апта бойы күнiнен iшiп отырасыз (бiрiншi түскi асқа 1 сағат қалғанда, екiншiсiн ұйқыға жатардан 2 сағат бұрын). Емдiк шара уақытында ет өнiмдерiн шектеген абзал. Бiр аптадан соң шараны қайта жалғастырыңыз.

Қанды тазалау

100 гр. алма шырынына 100 гр. қалақай шырынын араластырып, 20 күн таңғы астан 30 минут бұрын iшесiз. 10 күн үзiлiс жасап, шараны жалғастыруға болады. Ал лимфадағы шлактан былай арылуға болады: 1 литр тазаланған суға 400 гр. апельсин, 400 гр. грейпфрут, 200 гр. лимон шырынын араластырып, түске дейiн шырынды iшiп, кешке клизма жасайсыз. Емдеу уақыты 2 күн, жылына бiр рет ғана жасалынады.

Омыртқа мен буынды тұздан тазалау

300 мл суға 5 гр. лавр жапырағын салып, 5 минуттай қайнатасыз. Оны 3-4 сағат термоста ұстап, сүзгiден өткiзесiз. 12 сағат бойы сұйықтықты ұрттап iшiп отырасыз. Мұны үш күн қатарынан жасайсыз. Араға апта салып, емдi жалғастырыңыз. Тамырдағы қоқысты емдiк шөптердiң көмегiне жүгiнiп былай тазалай аласыз. 2 ас қасық шүйгiншөп тамырының ұнтағы, 1 стақан ақжелкек дәнi, 2 стақан балды термосқа салып, үстiне қайнаған су құясыз. Бiр тәулiктен соң 1 ас қасықтан астан бұрын күнiне 3 реттен iшiп отырыңыз.

Көкбауырды тазалау

Қырыққабат шырынын жылы күйiнде күнiне 2-3 рет 1 стақаннан екi апта бойы iшесiз. 7 күн үзiлiс жасап, екi апта қайта емдiк шараны жалғастырыңыз. Түнде 2 ас қасық тары жармасын жiбiтiп, таңертең суға қайнатасыз. 1 ас қасықтан таңеретең және кешке астан жарты сағат бұрын жейсiз. Ем 10 күн жүрзгiзiледi және бұл уақытта ет жеуге тиым салынады.

Ескерту: жүктi әйелдерге ағзаларын тазалау шараларын жүргiзуiне болмайды.

Ләззат Ахметова,

ERNUR.KZ