БАЛ мен СОДА қызыл иектің ҚАНАУЫН тоқтатады

0
8 074

Қалай, қашан қолдану керектігі төменде толық жазылған


БАЛ мен СОДА қызыл иектің ҚАНАУЫН тоқтатады

фото: dentalclinic-heviz.ru

Тіс ауруының түрлері көп. Қызыл иектің қанауы, суықтауы, гингивит, пародонтит, стоматит... Тізе берсеңіз жалғасып кете береді. Бұлардың бәріне көбінесе тіс етінің ауруы себеп болып жатады. Тіс еті яғни қызыл иек суықтаған кезде ісінеді, қанайды. Осы кезде ауыз қуысы ауырып, мазаңыз болмайды. Тіс ауруын емдеу үшін алдымен қызыл иектің саулығын жақсартуымыз қажет.


Алдымен қызыл иектің не себепті ауыратынын анықтап аламыз. Сосын емдеу әдісімен танысамыз.

Қызыл иектің ауруына:

  • ауыз қуысына дұрыс күтім жасамау;
  • дұрыс тамақтанбау;
  • дәрумен мен минералдың жетіспеуі;
  • асқазан-ішек жолдарының ауруы себеп болады.

Егер қызыл иек ісініп, қызарып, қанай бастаса, дереу емдеу әдісін бастаңыз. Егер уақытылы ем жүргізбесеңіз, тісіңізді жұлдыруға тура келеді. Ал ауыз қуысында енді ғана басталып келе жатқан жайсыздықты сезсеңіз, үй жағдайында мына емді жасаңыз.

фото: vseglisty.ru


Сутегінің асқын тотығы

Дәріханада сатылатын 3 пайыздық сутегінің асқын тотығының 1 ас қасығын 1 стақан жылы суға араластырып, ауыз қуысын шаясыз. Емді күніне 3-4 рет қайталасаңыз, қызыл иектің ісінгені басылып, қанауы тоқтайды.


Емен қабығы

Ыдыстағы 500 гр. суға 2 ас қасық ұнтақталған емен қабығын салып, отқа қоясыз. Бір қайнап шыққан соң отын бәсеңдетіп, 4 сағаттай қайнату керек. Белгіленген уақыттан соң отын өшіріп, қақпағын мықтап жабыңыз. Шамамен 20 минуттан соң дайын болған тұнбаны сүзіп алып, ауыз қуысын шаясыз. Емді күніне 2-3 рет жүргізуге болады.


Ас содасы

200 гр. қайнаған жылы суға 1 шай қасық ас содасын, шым-шым тұз бен 50 гр. сәлбен (шалфей) қайнатпасын араластырасыз. Дайын болған емдік сумен аузыңызды шайыңыз. Емді тәулігіне 4 рет қайталау керек.


Шөп қайнатпасы

500 гр. суық суды ыдысқа құясыз. Оған 1 шай қасықтан шайқурай (зверобой), аюбадам (бузина) және бүлдірген (земляника) жапырағының үгіндісін салып, отқа қоясыз. Бір қайнап шыққан соң отын бәсеңдетіп, 15 минут қайнатыңыз. Осы уақыттан соң ыдысты оттан алып, бетін жауып қоясыз. Шамамен 40 минуттай тұндырылған соң сүзіп алып, әр екі сағат сайын ауыз қуысын шайып отырыңыз.


Алоэ

Жүзжылдық өсімдіктің бір жапырағын кесіп аласыз. Оны тазалап жуып, қақ ортасынан екіге бөліңіз. Әр бөлікті қызыл иекке қойып, 15 минут жатасыз.

фото: fiteria.ru


Түймедақ пен қырмызы

200 гр. қайнаған суға 1 ас қасық үгітілген түймедақ (ромашка) немесе қырмызыгүл (календула) шөбін араластырып, бетін жауып қоясыз. 25 минуттан соң тұнбаны сүзіп алып, ауыз қуысын шаясыз. Емді күніне 3-4 рет қайталауға болады.


Ара желімі

1 стақан қайнатылған жылы суға 20 тамшы ара желімінің спиртін (дәріханада сатылады) араластырып, ауыз қуысын шаясыз.


Бал мен сода

1 ас қасық бал мен 4 ас қасық теңіз тұзын араластырасыз. Дайын болған қоспаны сұқ саусағыңызға жағып алып, қызыл иекке масаж жасап уқалайсыз. Бұл емді күніне 2-3 рет қайталасаңыз, керемет нәтижесін көресіз.


Жөке гүлі мен емен қабығы

2 ас қасық ұнтақталған емен қабығы мен 2 ас қасық үгітілген жөке (липа) гүлін араластырасыз. Оның 1 ас қасығын 200 гр. салқын суға салып, отқа қойыңыз. 2 минуттай қайнаған соң оттан алып, қақпағын жауып қоясыз. Шамамен 20 минуттай тұндырылған соң сүзіп алып, ауыз қуысын шаясыз. Бір емнен соң қызыл иектің ісінгені басылады, қызарғаны кетіп, қанауы да тоқтайды.


Қызыл иектің саулығы – бүкіл ағзаның саулығына кепіл екенін ескеріңіз. Ендеше, оның саулығын сақтау үшін қажеттінің бәрін жасаңыз. Көбірек көкөніс пен жеміс жеңіз. Құрамы кальций, фтор элементіне бай тағамдарды тұтыныңыз. Сүт, ет өнімдерін үзбей жеңіз. Ал тәтті, ащы, суық-ыстық тағамдарды бір мезгілде қабылдамаңыз. Сондай-ақ, спиртті ішімдіктер мен шылым шегуді шектеңіз.

Есесіне, тіс тазалығына өте мұқият болыңыз. Ауыз қуысын күніне екі рет тіс пастасымен жуып отырыңыз. Әр тамақтан соң аузыңызды жылы сумен шаюды әдетке айналдырыңыз.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Дереккөз: partner-med.com


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Жиі АУЫРАТЫН балаға МЫНА әдісті жасаңыз


СТРЕСС мына ДЕРТТІҢ қозуына себепші болады


ЖҮРЕГІҢІЗ АЙНИ БЕРСЕ КАРТОП шырынын ішіңіз