​Баланың МҰРНЫ бітіп ТЫНЫС алуы қиындаса ТҮЙМЕДАҚ ТҰНБАСЫН тамызыңыз

0
56 945

Бір рет тамызғаннан-ақ мұрыннан аққан су сап тыйылып, тыныс жолдары ашылады


​Баланың МҰРНЫ бітіп ТЫНЫС алуы қиындаса ТҮЙМЕДАҚ ТҰНБАСЫН тамызыңыз

фото: med-gp9.ru

Мұрынның бітелуі – өте жағымсыз жағдай. Әсіресе жас балалардың түнде мұрны бітіп, демалуы қиындаған кезде аяп кетесің. Ыстық төсектен тұрғызғың келмейді, тұрғызбасаң, ұйықтауы қиындап, тыныс алуы нашарлайды. Жалпы, мұрын еш себепсіз бітелмейді. Ол белгілі бір аурудың басталуынан дерек береді.


Мұрынның бітелуіне:

  • мұрын жолдарының толып қалуы;
  • мұрын жолдарының ісінуі;
  • аллергия себеп болады.


Егер, балаңыздың мұрнынан су ақпаса да бітелетін болса, ол ісік немесе аллергия болуы мүмкін.


Ал мұрны дуылдап, қышып маза бермесе, онда аллергиялық риниттің белгісі.


Мұрыннан сұйықтықтың ағуы – вирустық инфекциядан хабар береді.


Ал қою жасыл түсті сұйықтық немесе қою сұр сұйықтық ақса, онда балада бактериялық инфекция бар деген сөз.

фото: фото: webapteka24.com.ua

Біз ұсынған емді қолданудан алдын балаңыздың жағдайын бақылаңыз. Міндетті түрде ПЕДИАТР дәрігердің кеңесін алғаныңыз жөн. Егер қызуы көтерілмесе, жөтел болмаса, құсу, іш өту секілді қосымша аурулар мазаламаса, онда үй жағдайында халықтық емін қолдануға болады. Тап осы мұрынның бітелуіне дәріханадағы дәрілер мен тамшыларға қарағанда, үй жағдайында әзірленген мына тамшылар тез әрі керемет көмектеседі.


ТҰЗ СУ

1 литр қайнаған суға 1 ас қасық ас тұзын араластырасыз. Әбден еріген кезде арнайы резіңке ыдысқа немесе инесіз шприцқа тартып аласыз да, балаңыздың мұрнына тамызасыз. Кезектестіріп тәулігіне 6 рет жасасаңыз, 2 күн өтпей оң нәтижесін байқайсыз.

Ас тұзының орнына теңіз тұзы да жарайды. Бірақ хош иісі болмауы керек.


ҚЫЗЫЛША ШЫРЫНЫ

Орташа көлемдегі бір дана қызылшаны майда үккіштен өткізесіз. Бірнеше қабатталған дәкемен сығып сөлін алыңыз. Дайын болған сұйықтықты 2-3 тамшыдан мұрынға тамызу керек. Емді күніне 3-4 рет жасауға болады.


АЛОЭ ШЫРЫНЫ

1 дана алоэ жапырағын кесіп алып, сығасыз. Дайын болған шырынды 4 тамшыдан мұрынға тамызыңыз. Емді күніне 4 рет қайталау керек.

фото: meditsina-online.ru

АРА ЖЕЛІМІНІҢ ТҰНБАСЫ

Дәріханалық тұнбаны сатып аласыз. Оны 1:20 (20 тамшы суға 1 тамшы ара желімі) көлемінде қайнатылған жылы сумен араластырыңыз. Дайын болған сұйықтықты 2 тамшыдан мұрынға тамызу керек. Емді тәулігіне 3 рет жүргізесіз.

Ара желімінен дайындалған сұйықтық тыныс жолдарын тазалайды, мұрындағы ісікті кетіреді әрі иммундық жүйесін нығайтады.


ПИЯЗ ШЫРЫНЫ

Бұл ежелден келе жатқан ем. Ескірмейді де, емдік қасиетін де жоймайды. Бірақ бала үшін аздап жағымсыздау. Кей балалар пияздың ащысына шыдамайды. Алайда емдік қасиеті орасан. Десе де пияз шырына аздап су араластырып тамызсаңыз, тыныс жолдары мен тамағыңызды ашытатындай тым ащы болмайды. Ол үшін 1 дана орташа пиязды үккіштен өткізесіз. Езілген пиязды қабатталған дәкеге салып, сығып сөлін алыңыз. Оған бірдей көлемде жылы су араластырып, мұрынға 2 тамшыдан тамызыңыз. Емді күніне 3-4 рет қайталау керек.

Негізінде 1-2 тамшыдан соң-ақ керемет нәтижесін байқайсыз.


ТҮЙМЕДАҚ ТҰНБАСЫ

1 ас қасық құрғақ түймедақ үгіндісін 1 стақан қайнаған суға салып, отқа қоясыз. Бір қайнап шыққан соң оттан алып, бетін жауып қойыңыз. Шамамен 15-20 минуттан соң тұнбаны сүзіп алып, 2 тамшыдан мұрынға тамызу керек.

Түймедақ тұнбасы тыныс алу жолдарының қабынуына ем болады, мұрынды ашады, бактериялық және инфекциялық вирустың көзін жояды әрі терең тыныс алуға септігін тигізеді.

фото: kakprosto.ru

ЫСТЫҚ ЖҰМЫРТҚА

Бұл балаға ойын ретінде ұсынылатын керемет емдеу әдісі. Мұрнынан суы ағып жүрген баланың мұрнына қабығы аршылмаған ыстық жұмыртқа қойыңыз. Әрине тері күймейтіндей болу керектігін байқаңыз. 15 минутқа жалғасқан ем тез әрі тамаша нәтиже береді.


ИТМҰРЫН ҚАЙНАТПАСЫ

Осы сусынды барлық балаңызға ішкізіңіз деп кеңес айтатын едім. Күніне ем ретінде жарты стақан итмұрын шырынын ішкен балаға ешқандай ауру жоламайды. Баланың иммунитеті мықты, гемоглобині өз деңгейінде, ағза толық минералды заттармен және дәрумендермен қамтылған болады. Итмұрын қайнатпасын ішкен баланың аяғынан сыз өтпейді, суықтамайды, тоңбайды әрі асқа тәбеті жоғары болады.


Ендеше, балаңыздың саулығының мықты болғанын қаласаңыз, онда күнде жарты стақан итмұрын қайнатпасын ішуді әдетке айналдырыңыз. Бұл сусынды отбасыңызбен түгел ішсеңіз де болады.


ЕСКЕРІҢІЗ! Біз ұсынған бұл емді АЛЛЕРГИЯСЫ бар БАЛАЛАРҒА қолдануға болмайды!


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Дереккөз: o-krohe.ru


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Аяқ-қолдың МҰЗДАУЫ қандай ДЕРТТЕН дерек береді?


Мына ТОҒЫЗ белгі БАУЫРҒА шлак толғанын білдіреді


Желкеге ТҰЗ қайдан және қалай ЖИНАЛАДЫ