​БАС ауруынан ДӘРІСІЗ арылуға болады

0
15 154

Бас ауруын үй жағдайында мына 4 әдіспен емдеуге болады


​БАС ауруынан ДӘРІСІЗ арылуға болады

фото: all-dieta.ru

Бүгінде екінің бірінде бас ауруы кездеседі. Бастың ауруына түрлі себептер де бар. Емі де жалғыз дәрі емес. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне қарағанда дәрігердің қабылдауына келетін үш науқастың біреуі невролог дәрігерге жазылады екен.

Мамандар бас ауруына шыдап, уақыт созуға болмайды, дереу ем жасау керектігін айтады. Бас ауруының асқынуы миды зақымдайтынын ұмытпайық. Бас ауруын қойдыру үшін дәрі іше беруге болады. Бірақ бір ауруды емдеймін деп, екінші ағзаның саулығына кері әсеріңізді тигізуіңіз мүмкін. Егер сізді бас ауруы қатты мазалап, төсекке тартуға дейін апармаса, онда үй жағдайында мына 4 әдіспен емдеуге болады.


1. ҚЫЗЫЛ БҰРЫШ

фото: avon-061.ru

Құрамындағы капсаицин заты ауырсынуды басатын табиғи «дәрі». Өздеріңізге мәлім, басымыз ауырып, мұрнымыз пышылдай бастаса сорпаға бұрыш сеуіп ішіп аламыз. Тіпті, ата-әжелеріміз айран қосылған көжеге бұрыш қосып ішсеңдер, дененің иммундық жүйесін қалыптастырасыңдар деп ескертіп отыратын. Міне, бұл сөздің жаны бар. Қызыл бұрыш денені қыздырып, ағзадағы вирус пен бактерияның көзін жояды. Еріксіз терлетіп, инфекцияның өршуіне жол бермейді.

Егер басыңыз ауыра бастаса кез келген тамаққа бұрыш қосып ішіңіз. Бұрышты күнделікті қолданатын болсаңыз, сізді бас ауруы мазаламайды.


2. ЗІМБІР

фото: all-dieta.ru

Үзбей зімбір тұтынатындардың басы ауырмайды. Тамырдың ауруларын басып, ми тамырларының айналымын реттейді. Зімбір ішкі ағзалардағы ауруды басатын антиоксидантқа бай. Сонымен қатар, бас ауруын да қойдыратын қасиетке ие.


3. ЖАЛБЫЗ

фото: webmd.com

Бойыңызды балқытып, тыныштандырады. Ауруды басып, ұйқыңызды келтіреді. Әсіресе күні бойы қауырт жұмыс істеп шаршаған болсаңыз немесе ашуланып, жүйкеге талмақ түскен болса, онда ұйқыға жатар алдында 1 шыны жалбыз қосылған шай ішіңіз. Таңертең бәрі ойдағыдай керемет болады.


4. СУ

фото: on-desktop.com

Қан айналымының нашарлауы мен мидың дұрыс жұмыс істемеуіне судың әсері мол екен. Бұл екі жағдайға ағзаның сусыздануы себеп болады. Оған қоса, жалпы ағзаның жұмыс істеу қабілеті нашарлайды. Судың жетіспеушілігінен ми, жүйке, бауыр, бүйрек, асқазан дұрыс жұмыс істемейді. Тіпті, бойыңызды әлсіздік билеп, қан қысымыңыз көтеріледі. Тыныс алуыңыз нашарлап, белсенділік төмендейді. Салдарынан бас ауруы қозып, денсаулығыңыз нашарлайды.


Мұндай олқылықтың орнын толтыру үшін күніне 2-3 стақан су ішуге әдеттеніңіз. Ал егер күніне 2 литрге дейін сұйықтық қабылдайтындардың басы ешқашан ауырмайды, денсаулығы сыр бермейді. Жоғарыда айтылған кеңестерді қолданып, бас ауруынан біржолата құтылыңыз.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Дереккөз: healthwaters.ru


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


БАЛ мен МАЙ балаңыздың ЖӨТЕЛІН тоқтатады


БАУЫРЫ ауыратындарға БҰЛ тағамдарды жеуге БОЛМАЙДЫ


АНТИБИОТИК қабылдағаннан кейін АҒЗАНЫ қалай қалпына келтіруге болады?