​Бастың айналуын камфора майы тоқтатады

0
6 628

Емді қашан және қалай қолдану керектігі толық жазылған


​Бастың айналуын камфора майы тоқтатады

фото: nevralgia.ru

Қоғамдық көліктегі орындыққа теріс отырғанда, қайыққа мінгенде, жоғарыдан төмен қарағанда басының айналатынын айтып шағымданатындар баршылық. Негізінде бастың айналуына гипертония, атеросклероз аурулары себеп болады. Кейде басыңыз зақым алғанда, құлағыңыз суықтап ауырғанда да бас айналып мазаңызды алады. Оған қоса, бастың айналуына:

  • жүрек, қан тамыр аурулары;
  • зат алмасудың бұзылуы;
  • қан айналымның нашарлауы;
  • жүйке жүйесінің сыр беруі;
  • құлақтың қабынуы;
  • остеохондроз;
  • инфекция;
  • улану;
  • гормондық өзгерістер СЕБЕП болады.

фото: kladovayalesa.ru

Басыңыз айналған кезде құсқыңыз келіп, көңіл айниды, теріңіз қуқылданып, терлей бастайсыз. Жүрек қағысы да жиілейді. Бұл әрине, қалыпты жағдай. Дәрігердің нұсқауымен қажетті ем алсаңыз, көп ұзамай дерттен айығасыз. Ал еш себепсіз басыңыз айналса, онда халық әдісімен емделіп көріңіз.


Шырын ішіңіз

  • Күніне 3-4 рет 0,5 немесе 1 стақан сәбіз шырынын ішіңіз. Емді тамақтан алдын қабылдау керек.
  • 120 гр. сәбіз шырынына 50 гр. қызылша мен 80 гр. анар шырынын араластырып, ішіңіз. Емді күніне 3 рет тамақтанудан алдын қабылдаңыз.


Шөп тұнбасын ішіңіз

  • 1 стақан қайнаған суға 1 ас қасық жаужапырақ (мелисса) үгіндісін салып, демдейсіз. 5 минуттай тұндырылған соң сүзіп алып ішіңіз;
  • 1 стақан қайнаған суға 1 шай қасық ақжелген дәнінің үгіндісін салып, тұндырып қойыңыз. Шамамен 8 сағаттан соң тұнбаны сүзіп алып, 0,25 стақаннан ішіңіз. Емді күніне 4 рет қабылдайсыз;
  • 1 стақан ыстық суға 1 шай қасық беденің (клевер) үгілген гүлін салып, отқа қоясыз. 5 минут қайнаған соң сүзіп алып, 1 ас қасықтан қабылдайсыз. Емді күніне 4-5 рет ішуге болады.

фото: docfact.ru


Шырын мен шөп тұнбасынан басқа да емдік әдістер бар:

  • 300 гр. сарымсақты қабығынан аршып, жарты литрлік банкіге салыңыз. Үстіне толырып спирт құю керек. Банкінің қақпағын мықтап жауып, күн тимейтін жерге қоясыз. 2 аптадан соң дайын болған емдік сусынды қабылдауға болады. Күніне бір рет 20 тамшы қоспаны 0,5 стақан жылы сүтке араластырып ішіңіз.
  • Күніне 1 рет түскі астың алдында ашқарынға 1 шай қасық теңіз қырыққабатының ұнтағын шайнап жейсіз. Артынан жылы су ішу керек.
  • Бастың себепсіз ауруына фосфор элементінің аздығы себеп болады. Сондықтан да құрамы аталған минералға бай жұмыртқаны, балықты, сырды, қиярды, шалғамды, бұршақ пен грек жаңғағын жиі жеп жүріңіз.
  • 1 ас қасық долана гүлін 1 стақан қайнаған суға салып, бетін жауып қойыңыз. Шамамен 2-3 сағаттан соң дайын болған тұнбаны сүзіп алып, 0,5 стақаннан ішесіз. Емді түсте және кешке жүргізу керек. Емделу мерзімі – 1 ай.
  • Күніне 2 рет түскі және кешкі астан соң 200 мл жөке (липа) гүлінің немесе жалбыз (мята) жапырағының тұнбасын ішіңіз. Тұнбаны дайындау үшін 1 стақан қайнаған суға 1 шай қасық кептірілген жөке (липа) гүлін немесе жалбыз (мята) жапырағын салып, тұндырып қоясыз. Шамамен 25-30 минуттан соң дайын болған тұнбаны қабылдауға болады.
  • Басыңыз жиі айналатын болса, 3-5 минут камфора майын иіскеңіз.
  • 100 мл өсімдік майына 30 мл самырсын және 10 мл эвкалипт эфир майларын қосып, жақсылап араластырыңыз. Дайын болған қоспаны қақпағы мықтап жабылатын қою түсті ыдысқа салып, күн тимейтін жерге қоясыз. Басыңыз айналып бастағанда саусақтарыңызды майға малып алып, самайыңызды уқалаңыз.
  • 100 грамнан таушымылдық (пион) тамырын, жалбыз (мята) жапырағын және жөке (липа) гүлін алып, бір ыдысқа саласыз. Оның 2 ас қасығын термостағы 2 стақан қайнаған суға салып, бір түнге қалдырасыз. Таңертең тұнбаны сүзіп алып, күні бойы ішіңіз.


Бастың айналуына бей-жай қарауға болмайды. Ол қандай да бір дерттің алғашқы белгісі болуы ықтимал. Сондықтан да дәрігерге тексеріліп, нақты себебін анықтау артық етпейді.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Дереккөз: apteka72.com


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ЖӨТЕЛГЕН кезде мына КОМПРЕСТІ жасаңыз


АЛЛЕРГИЯДАН айыққыңыз келсе ҚҰРМА жеңіз


КҮЗДЕ қозатын АВИТАМИНОЗДЫҢ алғашқы БЕЛГІСІН біле жүріңіз