​БҮЙРЕК ауруын 6 ӘДІСПЕН емдеңіз

0
79 171

Бүйрек - бет-бейнеңіздің айнасы. Оның саулығын сақтау бірінші кезекте тұру керек.


​БҮЙРЕК ауруын 6 ӘДІСПЕН емдеңіз

фото: m.yandex.kz

Бүйрек – адам өміріндегі ең маңызды мүше. Оның саулығын сіздің сыртқы келбетіңіз айшықтайды. Бүйректің ауруын басталғаннан-ақ байқай алмайсыз. Ол уақыт оздырып асқына түседі. Бүйректі ауырған кезде емес, ауырмай тұрып емдеген абзал. Ол үшін дәрігерге барып, дәріханадан дәрі сатып алудың қажеті жоқ. Үйде өзіңізше ем жасап, бүйректің жұмысын жеңілдетуге болады. Өз кезегімізде керек болады-ау деген бірнеше әдісті ұсынамыз. Қажетті дегенін таңдап алыңыз.


  • Сұлы

Бүйректі үй жағдайында сұлы дәнімен тазарту үшін 1 шай қасық тазартылмаған сұлы дәніне 1 стақан қайнаған су құю керек. Дайын болған тұнбаны термосқа құйып, 12 сағат тұндырады. Таңертең дайын болған тұнбаны сүзіп алып, 1 шай қасық бал немесе қант қосып, таңғы ас ретінде ішеді. Бұл бүйректі тазалауға көмектесетін ең қарапайым әдіс.

фото: pridiabete.ru


  • Саңырауқұлақ

Бүйректе ет өсіндісімен анықталатын ауру да бар. Оны емдеу дәрігердің кеңесімен жүргізіледі. Бірақ ауырсынуды басу үшін ақ саңырауқұлақтан тұнба жасауға болады. Ол үшін саңырауқұлақтың қалпақшасын ұсақтап турап, 1 литрлік банкіге салып, арақ құяды. Қараңғы жерде 2 апта тұндырады. Содан кейін сүзіп, 1 шай қасық тұнбаны 50 мл суға араластырып, күніне 2 рет тамақтан 30 минут бұрын ішеді.


  • Көктерек

Көктеректің (осина) қабығы да бүйректегі ет өсіндісіне ем. Көктерек қабығының ұнтағын міндетті түрде күніне 3 рет, 1 шай қасықтан тамақтың алдында көп мөлшердегі сумен ішеді. Емдік курс 2 апта. Содан кейін 7 күн үзіліс жасап, емді қайталайды. Көктерек қабығының ұнтағын дәріханалардан сұрап көріңіз.


  • Анар жемісі

Анар шырыны да бүйрекке ем. Күнде 200-250 мл анар шырынын таңетең және кешке тамақтан кейін ішетін болсаңыз, бүйрек дерттері сізден алыс жүретін болады.

фото: ya-zhenschina.info


  • Түйежапырақ

Тіпті халықтық жолмен бүйрек жетімсіздігіне де дауа тапса болады. Оны түйежапырақ (луковица) тұнбасымен емдеуге кеңес береміз. Дайындау үшін 1 ас қасық ұсақталған түйежапыраққа 1 стақан қайнаған су құйып, түнімен тұндырады. Таңертең сүзіп, күні бойы аз-аздан ішеді. Бұл тұнбаны 1 ай қабылдайды.


  • Шөптер жиынтығы

Қырмызыгүл (календула), жалбыз (мята), жаужапырақ (мелисса) жиынтығының көмегімен бүйректі тұз бен құмнан тазалағыңыз келсе, аталған емдік шөптерді бірдей мөлшерде алу керек. Содан кейін шөптерді ұнтақтап араластырыңыз. Араласпадан 4 ас қасық алып, 0,5 л қайнаған суға салып, отқа қойыңыз. Қайнауға дейін жеткізіп, кейін термосқа құйып, түнімен тұндырасыз. Күніне 1 рет, 100 грамнан, үш айы бойы, кез келген уақытта астан жарты сағат бұрын ішу керек.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Дайындаған: Ләззат АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


СУ ағзадағы АУРУЛАРДЫ "жуады"


СІЗДІҢ үйіңізде болуы тиіс 6 түрлі ЕМДІК ШӨП