​БҮЙРЕК ауырғанда СҮТ қосылған ШАЙ ішіңіз

0
10 771

Бүйрек ауырғанда не істеу керек?


​БҮЙРЕК ауырғанда СҮТ қосылған ШАЙ ішіңіз

фото: tabloidbintang.com

Сүт – тек тұмау мен тыныс жолдары ауруларында ғана пайдалы деп айта алмаймыз. Кішкентайымыздан сүйсініп ішетін сүт өнімі бүйрек ауырғанда да пайдалы екен. Тіпті, сүт қосылған тағамдардан дайындалған диета да мұндайда өте жақсы әсер етеді. Алайда кей жағдайларда сиыр сүті аллергия беріп, жақпай жатады. Осындай кезде сүтке азырақ су қосып ішуге болады. Сонда сүт ағзаға тез сіңіп кетеді.


Бүйрек аурулары мазалағанда мынадай қайнатпаларды дайындап ішіңіз:

фото: lvcorsetti.ru

  • Қайың жапырақтарынан дайындалған қайнатпа бүйректі емдеуде таптырмас дәрмек бола алады. Ол үшін сізге жарты стақан кептірілген қайың жапырақтары мен 1 литр қайнаған сүт қажет. Жапырақтарды жаңа піскен сүтке салып, 20-30 минут жылы жерге қойыңыз. Осы уақыт өткеннен кейін сүтті дәкемен сүзіп алып, суытыңыз да, тамақтанудан бұрын бір апта бойы ішіңіз. Егер 1 апталық емнен нәтиже байқалмаса емді тағы да бір апта жалғастыруға болады.
  • Бүйректі емдейтін тағы бір қайнатпа – арша ағашының тұқымы. Арша ағашының тұқымына 1 литр қайнаған ыстық су құйып, жылы жерге жарты сағатқа қалдырыңыз. Осы тұнбаны сүзіп алып, қайнаған сүтпен араластырыңыз да, 1-2 ас қасықтан күніне 3 рет тамақтанудан бұрын қабылдайсыз. Емделу уақыты- 2 апта.
  • Бүйректің жақсы жұмыс істеуі үшін бүлдірген шырынын ішіңіз. Мұндай шырынды дайындау үшін 1 стақан бүлдіргенді тазалап жуып, еттартқыштан өткізесіз. Болмаса шырынсыққышпен шырынын алуға да болады. Осыдан соң сүтті қайнатып, оған бүлдірген шырынын қосыңыз. Барлығын жақсылап араластырып, күніне 3 рет, тамақтанудан жарты сағат бұрын қабылдау керек.


Сүт қосылған шай

Бүйрегіңізде тас бар екені анықталған болса, сізге сүт қатылған шай жақсы көмектеседі. Шайды түймедақ гүлінен дайындайсыз. Ол үшін 4 ас қасық кептірілген түймедаққа, жаңа ғана қайнаған 1 стақан сүт құйыңыз. Сөйтіп сүттің бетін жауып, жылы жерге қойыңыз. Жарты сағаттан соң тұнбаны сүзіп алып, суытып қоясыз. Осылайша дайындалған тұнбаны тамақтанудан жарты сағат бұрын 3-4 жұтымнан қабылдайсыз. Емделу курсын 1,5-2 аптаға дейін жалғастыруға болады. Мұндай тұнбаны ұзақ уақыт сақтамаған дұрыс. Себебі, сақталу мерзімі ұзарған сайын тұнбаның пайдалы құрамы да өзгере береді. Тіпті, сүт іріп кетуі де мүмкін.


Асқабақ шырыны


фото: mrfilin.com

Бүйректегі токсиндер мен құмды асқабақ, сәбіз және қайың шырындары жақсы тазалайды. Шырындарды мезгілге орай таңдай аласыз. Ал, емделу курсын 3 аптадан 2 айға дейін жалғастыруға болады. Есте сақтаңыз: шырындарды тамақтану арасында қабылдайсыз. Сонымен қатар, ерте дайындауға болмайды. Қабылдаудан 20 минут бұрын дайындасаңыз жеткілікті. Оған дейін сумен араластырудың да қажеті жоқ. Қайың шырынына азырақ бал қосуға болады.


Шалғам шырыны


фото: news.myseldon.com

Шалғамды тазалап жуып, үккіштен өткізу арқылы шырынын аласыз. Сосын шырынды балмен араластырып, күні бойы ас қасықпен қабылдау керек. Сонда бар болғаны 2-3 аптаның ішінде бүйрек құмнан да, майда тастардан да тазарады.


Лавр жапырағы

1 стақан қайнаған ыстық суға 2 лавр жапырағын салып, 2 минут қайнатыңыз да, күні бойы ішіңіз. Осылайша емді 3 күн бойы жалғастырасыз. Сосын 2 апта үзіліс жасап, курсты қайталайсыз. Емделуді 4 рет қайталауға болады.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Материал түрлі дереккөздерінен алынды


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


БАС ауруынан ДӘРІСІЗ арылуға болады


ЙОДТЫҢ жетіспеушілігі МЫНА ауруларды тудырады


Жиі ЫҚЫЛЫҚ ТИЮ жақсылықтың БЕЛГІСІ емес