​БҰРЫШ пен БАЛ бір күнде ЖӨТЕЛДІ емдейді

0
17 602

Бастысы қалай, қашан қолдану керектігін біліп алыңыз...


​БҰРЫШ пен БАЛ бір күнде ЖӨТЕЛДІ емдейді

фото: viplor.ru

Күз-қыс мезгілдері жөтелдің күшейетін кезі. Таңғы салқын тыныс жолдары арқылы тамағымызға әсер етеді. Одан бөлек жаз бойы ішетін салқын су да тамақты жыбырлатпай қоймайды. Негізінде жөтел – ағзаның қорғаны десек артық болмайды. Өйткені біз жөтелу арқылы өкпенің жұмысын жандандырамыз әрі жиналған қақырықты сыртқа шығарамыз. Егер қақырық сыртқа шықпаса, бактерияның көбеюіне әкеледі де, ағзаны жаулап, адамды ауруға шалдықтырады. Десе де жөтелдің пайдасы бар екен деп оны емдемей жүруге де болмайды. Мейлінше жөтел күшеймей тұрған кезде жоюға әрекет ету керек.


Жөтелден арылу үшін сізге ингалация жасатыңыз, дәрі ішіп, екпе салдырыңыз демейміз. Бар болғаны халықтық әдіспен тиімді емделу жолдарын таңдаңыз.

Кез келген дәріхана сөрелерінде тұратын бұл емдік шөптерден тұнба әзірлеп, жөтелді жазыңыз.


ӘНІС тұнбасы

2 ас қасық әніс дәнін шағын ыдысқа саласыз. Үстіне 1 стақан қайнаған су құйып, отқа қойыңыз. 20 минуттай баяу отта қайнау керек. Белгіленген уақыттан соң ыдысты оттан алыңыз. Тұнба бөлме температурасында салқындағанда қабатталған дәкемен сүзіп аласыз. Дайын болған емдік сусынға 2 ас қасық бал араластырып, 3 ас қасықтан ішіңіз. Емді күніне 3 рет жүргізу керек.


КУРКУМА тұнбасы

фото: fitfit.ru

1 стақан сүтке 1 шай қасық куркума араластырып, отқа қоясыз. Қайнауға жеткен кезде отын сөндіріңіз. Емдік қасиеті мол сүтті ыстық күйінде ішесіз. Емді жатар кезде жүргізу керек.

Есіңізде болсын! Куркуманың ағзаны қыздыратын қасиеті бар.


НАСЫБАЙГҮЛ шайы

Термосқа 1 стақан қайнаған су құйыңыз. Оған 2-3 тал жасыл насыбайгүлдің жапырағын салып, қақпағын жауып қоясыз. Шамамен 1 сағаттан соң дайын болған тұнбаны сүзіп алып, 50 грамнан ішіңіз. Емді күніне 2-3 рет қайталау керек.

Біле жүріңіз! Жасыл насыбайгүл – суыққа қарсы ем болады әрі түрлі бактерияның көзін жояды.


БҰРЫШ пен БАЛ

Емдік қасиеті орасан бұл «дәріні» дайындау үшін бізге 1/4 шай қасық ұнтақталған қара бұрыш пен 1 ас қасық табиғи таза бал қажет. Шыны ыдысқа қажетті заттарды салып, жақсылап араластырыңыз. Тамақтан кейін осы қоспаны шайнап жейсіз. Емді күніне 3 рет қайталасаңыз, жөтелден біржолата құтыласыз.


МАНДАРИН ТҰНБАСЫ

фото: ru.sm.news

2-3 дана мандариннің қабығын кесіп аласыз. Қабыққа 1 стақан қайнаған су құйып, қақпағын жауып қойыңыз. Шамамен 30 минуттан соң дайын болған тұнбаны сүзіп алып, ашқарынға ішесіз.

Мандарин тұнбасы тыныс жолдарын тазалайды, қақырықтың тез әрі оңай шығуына септігін тигізеді.


ҚАРАҒАЙ ТҰНБАСЫ

Дәріханада сатылатын қарағай бүршігінің 15-18 данасын алып, стақанға салыңыз. Үстіне толтырып қайнаған су құйып, бетін жауып қойыңыз. Шамамен 40-50 минуттан соң тұнбаны сүзіп алып, 1 ас қасықтан күніне 4-5 рет ішесіз. Емді тамақтан алдын жүргізу керек.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Дереккөз: zdorovyda.ru



Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Аяқ-қолдың МҰЗДАУЫ қандай ДЕРТТЕН дерек береді?


КОФЕГЕ қанттың орнына БАЛ қосып ішсеңіз АҒЗАДА қандай өзгеріс болатынын білесіз бе?


Таңертең ҰЙҚЫДАН ШАРШАП оянуға МЫНА аурулар себеп болады