​ДАРШЫН шайы БАСЫҢЫЗДЫҢ ауырғанын басады

0
4 215

Керемет нәтижесін байқайсыз


​ДАРШЫН шайы БАСЫҢЫЗДЫҢ ауырғанын басады

фото: detkisuper.ru

Бас ауруы кенеттен пайда болып, бірден жағдайыңыз өзгереді. Ауруды басу үшін дәрі ішесіз. Алайда басыңыз ауырған сайын дәрі ішсеңіз, соған тәуелді болып қалуыңыз ғажап емес. Сондықтан дертіңізді дәрімен емес, үй жағдайында мына әдіспен емдегеніңіз жөн.


Бас ауруының себептері:

  • суды аз мөлшерде ішу;
  • алкогольді көп ішу;
  • төсекте ұзақ жату;
  • бөлме температурасы;
  • ауа ылғалдылығының төмендігі басыңызды ауыртады.

Егер белгілі бір дерттің салдарынан басыңыз ауырса, онда дәрігерге тексеріліп, қажетті ем-шараны жасаңыз. Ал егер себепсіз басыңыз ауырса, онда мына әдіс арқылы ауруыңызды емдейсіз.

фото: zalpstroy.ru


ТҮЙМЕДАҚ шайы – ауруды басатын қасиетке ие. Күніне 3 рет түймедақ (ромашка) шайын ішетін болсаңыз, бас ауруынан айығасыз, асқазан мен ішектегі мәселеңізді шешесіз. Оған қоса, иммундық жүйені нығайтып, суықтан қорғайды.

Шайды дайындау үшін 1 ас қасық түймедақ үгіндісін 1 шыны қайнаған суға араластырып, бетін жауып қоясыз. Шамамен 5 минуттан соң сүзіп алып, ем ретінде ішіңіз.


ЖАУЖАПЫРАҚ шайы – бас ауруын емдейтін супер дәрі. 3 ас қасық кептірілген шөпті 1 стақан қайнаған суға салып, бетін жауып қойыңыз. Шамамен жарты сағаттан соң тұнбаны сүзіп алып, 2 ас қасықтан әр 2 сағат сайын ішіңіз.

Жаужапырақ (мелисса) шайы жүйкені тынықтырып, құлақтың шуылын басады әрі ұйқысыздықтан арылтады.


ШҮЙГІНШӨП шайы – басыңызды дерттен қорғайды. Ол үшін 1 ас қасық ұнтақталған шүйгіншөпті ыдысқа саласыз. Үстіне 1 стақан қайнаған су құйып, отқа қойыңыз. Баяу отта 4 сағат қайнату керек. Сосын оттан алып, ыдыстың қақпағын мықтап жабасыз. Тура 10 минуттан соң дайын болған қайнатпаны сүзіп алып, 1 ас қасықтан күніне 3 рет ішіңіз.


ЖҰПАРГҮЛ шайы – бас ауруын қойдыратын дәрінің қызметін атқарады. Егер бірдей көлемде жалбыз (мята), күреңот (кипрей) және жұпаргүл (душица) шөптерінің үгіндісін араластырыңыз. Оның 1 ас қасығын 1 стақан қайнаған сумен араластырып, қақпағын жауып қоясыз. Шамамен жарты сағаттан соң дайын болған тұнбаны сүзіп алып, ем ретінде ішесіз.

фото: kvd9spb.ru


АСКӨК дәні – бас ауруын емдейтін бірден-бір дәрі. 1 ас қасық аскөк дәнін жарты стақан қайнаған суға араластырып, 5 минут тұндырып қойыңыз. Осы уақыттан соң тұнбаны сүзіп алып, аз-аз жұтымнан күні бойы ішесіз.


ПИЯЗДЫҢ қабығы – басыңыздың ауырғанын басып, вирустан қорғайтын қасиетке ие. Пияздың қабығын тазалап жуып, ыдысқа салыңыз. Үстіне қайнаған су құйып, отқа қоясыз. Тура 2 минут қайнатып алып, бетін жауып қойыңыз. Шамамен 1 сағаттан соң дайын болған қайнатпаны сүзіп алып, жарты стақаннан ішесіз. Емді күніне 3-4 рет қайталауға болады.


ДАРШЫН шайы – бас ауруынан арылтады. Ол үшін 1 гр. ұнтақталған даршынды (корица) стақанға салыңыз. Үстіне қайнаған су құйып, бетін жауып қойыңыз. Жарты сағаттан соң дайын болған тұнбаға жарты шай қасық қант қосып, аз-аз жұтымнан ішесіз.

Қалған тұнбаға матаны малып алып, самайыңызға және маңдайыңызға таңсаңыз болады.


Жоғарыда берілген қайсы емді қолдансаңыз да керемет нәтижесін байқайсыз. Ендеше, басыңыз ауыра бастағаннан-ақ дереу емдік шайды дайындап ішіңіз.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз!

Дереккөз: econet.ru


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ЖӨТЕЛДІ жеңу үшін МЫНАНЫ ішіңіз


БАУЫРДЫ емдейтін «СУПЕР» дәріні білесіз бе?


СӘБИ сүйгіңіз келсе ЖЕРЖАҢҒАҚ жеңіз