​Емізулі АНАЛАРДЫҢ ісінген КӨКІРЕГІН мына 5 ӘДІСПЕН емдеңіз

0
56 546

Бұл ем көкіректің ісігін кетіреді, емшек ұшының жарылғанын емдейді әрі жиналған сүтті таратады.


​Емізулі АНАЛАРДЫҢ ісінген КӨКІРЕГІН мына 5 ӘДІСПЕН емдеңіз

фото: fun-gate.ru

Омыраудың ісінуі – медицина тілімен айтқанда мастит деп аталады. Тұңғышын босанған әрбір ананың 90 пайызы сәбиін дұрыс емізе алмай, емшегінің ұшы жарылып, сүт толып, көкірегі ісіп қиналады. Тіпті, бөбегін бауырына алып, емізудің орнына сауып беретін немесе енді ғана дүниеге келген сәбиді ана сүтінен айырып, емізуден бас тартып жататындар да бар. Өйткені ісінген омырау қол тигізбей жанына батып ауыртады.


Емшек өте нәзік мүше әрі ерекше күтімді қажет етеді. Емшектің қабынуын медицина мамандары мазь, дәрі секілді әдістердің көмегімен емдейтін болар. Ал халық емінде асүйдегі мына заттардың көмегіне жүгінуге болады.


ЫСТЫҚ НАН

фото: osken-onir.kz

Ісінген омырауды ыстық нанмен емдеуге болады екен. Қалай дейсіз бе? Қызық болса, назар аударыңыз.

Мейлінше нанды өзіңіз үйде пісірген дұрыс. Егер мүмкіндік болмаса пештен жаңадан суырылған ыстық нанды алып, майлыққа ораңыз. Оны омырауы ісінген келіншек кеудесіне қойып, жылы оранып жатады.

Тағы бір артықшылығы, ыстық нан – ана сүтін пісіреді екен. Сонда баланың іші желденіп, аузы уылмайтын болады. Ананың да көкірегінің ұшы жарылмайтын көрінеді.


АСҚАБАҚ

450 грамм асқабақты ыдысқа саласыз. Үстіне 1 литр су құйып, отқа қойыңыз. Бір қайнап шыққан соң 1 литр сүт пен 1 ас қасық қант қосып, отын бәсеңдетесіз. Қайнатпа қоймалжың болғанға дейін ұзақ уақыт қайнау керек. Дайын болған қоймалжыңды аздап салқындаған кезде, мақта матаға салып, омырауға басасыз. Бұл емді әр екі сағат сайын жасап отырсаңыз, 3 күнде-ақ оң нәтижесін береді.


ҚЫРЫҚҚАБАТ


фото: prozhelezu.ru

  • Қырыққабаттың сыртқы қабығын алып тастаңыз. Ауыр затпен қырыққабат жапырағын ұрсаңыз, шамалы жұмсарады. Жұмсақ жапырақты омырауға қойып жатасыз. Нәрестені емізіп болған соң қырыққабатты қайтадан қоюды ұмытпаңыз.
  • Тағы бір әдісі балмен жасалады. Ол үшін жұмсартылған қырыққабат жапырағына қыздырылған балды жағасыз. Бал жағылған жапырақты омырауға қойыңыз. Сыртынан жылы орасаңыз да болады немесе төстартқышты (бюстгальтер) киіп аласыз.


КІР САБЫН


фото: posudaguide.ru

Қолданылмаған кір сабынды алып, үккіштен өткізесіз. Сабынның ұнтағын 2 дана жұмыртқаның сарыуызымен араластырасыз. Дайын болған қоймалжыңды жұдырығыңызбен қысып, біріктіресіз. Сосын көкірегіңіздің көлеміндей етіп жайып, ісінген омырауға қойыңыз. Сыртынан тағамдық (пищевой) пленкамен орау керек. Бұл компреспен күні бойы жүруге болады.


ҚАНДЫАҒАШ

Қара қандыағаштың (ольха) жапырағын шағын шыны банкіге толтырып саласыз. Бетіне ерітілген сары майды құйыңыз. Қақпағын мықтап жауып, 20 минуттай бұлау жасайсыз. Ол үшін банкіні ыстық суға салу керек. Белгіленген уақыттан соң банкіні алып жылы орап қойыңыз. Аздап жылыған кезде дайын болған мазьді омырауға сіңдіре отырып кезектестіріп жағасыз. Емді күніне 2-3 рет қайталауға болады.


Ескеріңіз!

Біз ұсынған мына емнің қай қайсысын қолдансаңыз да, бөпеңізді емізетін кезде көкірегіңізді міндетті түрде сабындап жуып, құрғатып сүртесіз. Сосын сүтіңіздің біраз бөлігін сығып тастау керек.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Материал түрлі дереккөздерінен алынды


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Мына БЕС түрлі АУРУДЫ тауықтың ЖҰМЫРТҚАСЫМЕН емдеуге болады


Пияз ҚАБЫҒЫНЫҢ қайнатпасы ҚАНДАЙ АУРУҒА ем?