​ГЕМОРРОЙҒА таза БАЛ жақсаңыз жазылады

0
15 173

Емді қашан және қалай жасау керектігі төменде жазылған


​ГЕМОРРОЙҒА таза БАЛ жақсаңыз жазылады

фото: ogemorroe.ru

Соңғы кезде геморрой ауруына шалдыққандарды жиі естіп жатамыз. Тік ішекте орналасқан геморроидалды түйіндердің шамадан артық ұлғаюынан пайда болған бұл ауру жүріп-тұруды қиындатады, аяқты бастырмай ауыртады, қалауыңызша жатуға мүмкіндік бермейді. Сыздап ауыртатын геморрой ерлерде де, әйелдерде де кездеседі.


Геморройдың белгілері қандай?

Енді ғана пайда болғанда мүлде білінбейді. Уақыт өте келе анал жолдары қышып, тілінгендей белгі береді. Бірден шаншып ауырады да, аз уақытта басылады.

Сол себепті көп жағдайда асқындырып алады. Ал асқынған кезде қан кету қаупі болады.


Геморрой неден пайда болады?

  1. Геморродың пайда болуына созылмалы іш қату себеп болады. Егер сіздің тамақтану мәзіріңізде крахмал мен ашытқы көп болса, онда ішек жұмысына кері әсер етеді де, іш қатады.
  2. Әйелдердің жатырында өзгерістер орын алғанда геморрой пайда болады.
  3. Тік ішектің қабынуынан да геморрой шығады. Бұл кезде сұлы қайнатпасымен дертіңізге дауа табасыз.
  4. Бір орында отырып жұмыс істеу де аурудың пайда болуына әкеледі. Егер сіздің жұмысыңыз бір орында тапжылмай отыру болса, онда әр 20 минут сайын жеңіл жаттығу жасауды әдетке айналдырыңыз.

Күн ұзақ бір орында тұрып жұмыс істеу де геморройдың шығуына септігін тигізеді.

5. Ауыр зат көтеруден де сақ болыңыз. Белге түскен салмақ геморрой шығаратынын ұмытпаңыз.

фото: gastralab.ru

Ендеше, ауруды асқындырмай алдын алуға асығыңыз. Анал жолында қандай да бір өзгеріс байқасаңыз, дереу дәрігерге тексеріліңіз. Ауру енді басталғанда халық әдісімен тоқтатуға болады. Ал асқынған жағдайда тек хирургиялық ота жасалынады.


Геморрой халықтық әдіспен емделеді

Тек қана жаңадан басталған ауруға ғана қолданасыз

  • Тік ішекке ұзыншалап кесілген шикі картопты немесе қызылшаны майға шылап кіргізесіз;
  • Анал тесігіне өрік майын жақсаңыз да керемет ем болады. Бұл майды кез келген дәріханадан табасыз;
  • Шайқурай майынан жасалған клизма да керемет көмектеседі;
  • Сарымсақ тісін де тік ішекке салсаңыз, нәтижесін көресіз. Сол кезде аздап ашытуы мүмкін. Алайда ауруыңызды басып, тезірек жазылуға ықпал етеді. Сарымсақ үлкен дәретпен қоса сыртқа шығады. Оған қоса, сәбіз, алма, жүзім шырындарын араластырып ішсеңіз де геморройға ем болады;
  • Ашқарынға сарысу ішіңіз. Егер күніне 2 рет 1-2 стақан емдік суды ішсеңіз, геморройдан құлан-таза айығасыз;
  • 1 литр сүтке 1 дана туралған пиязды салып қайнатасыз. 10 минуттай қайнаған соң сүзіп алып, ваннадағы жылы суға араластырыңыз. Осы суға 15-20 минут отырасыз. Бұл әдіс ішке шыққан геморройды емдейді;
  • Салқын суға отыру да геморройдың жазылуына септігін тигізеді. Ол үшін 1 литр салқын суды тегенеге құйып, 5 минут отырыңыз. Емді күніне 2 рет таңертең және кешке жасайсыз. Егер суға аздап марганец ерітіндісін қоссаңыз, емдік қасиеті еселенеді;
  • Егер анал тесігінен қан байқасаңыз, онда ақбас қырыққабатты көбірек жеңіз және 1/2 стақан ашытылған қырыққабаттың суын ішесіз.
  • Геморройдың салдарынан анал тесігі жырылған болса, бал жағыңыз. Емді жататын кезде күніне бір рет жасайсыз.

фото: kto-chto-gde.ru


Геморройды емдеу кезінде мынаны шектеңіз

Геморрой шыққандарға крахмал мен ашытқыны, ыстық кофе мен шайды, спиртті ішімдікті үзілді-кесілді ұмытқаны жөн. Оған қоса, фасолді, қышаны, бұрышты, ащы тағамды, шикі жеміс пен бананды шектегеніңіз дұрыс. Оның орнына гүлді қырыққабатты, балықты, балды, пиязды үзбей жеңіз. Күніне 3-4 рет 1 ас қасық пияз шырынын ішсеңіз де керемет ем болмақ. Сондай-ақ, шикі көкөніс пен жемістен әзірленген шырынның да пайдасы орасан зор.


Геморройдан сақтанудың ең тиімді әрі төте жолы – дұрыс тамақтану, белсенді қозғалыс, іш қатуды болдырмау, белге салмақ салмау екенін ескеріңіз!


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Дереккөз: arina-nikitina.ru


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Өсімдік МАЙЫ ішектегі ҚҰРТТЫ түсіреді


Мына АЛТЫ ауру мазалағанда КАКАО ішіңіз


БУЫНЫҢЫЗ ауырса ҚЫША қосылған ВАННАҒА түсіңіз