​Иммунитетті көтеретін 10 қадам

0
1 376
Бұл рецепте тек қана табиғи азықтарды қолданасыз.

​Иммунитетті көтеретін 10 қадам

фото: ашық дерреккөзден

Бұл рецепте тек қана табиғи азықтарды қолданасыз. Ол біріншіден, ағзаңызды дәруменмен қамтиды, екіншіден, иммунитетіңізді көтереді.

1. 300 гр. үгілген грек жаңғағын, 300 гр. кептірілген өрікті, 300 гр. мейіз бен 3 дана лимонды еттартқыштан өткізесіз. Оған 1 ас қасық балды қосып, жақсылап араластырыңыз. Дайын болған қоспаны күніне бір рет (үлкендерге) 1 ас қасықтан, (кішкентайларға) 1 шай қасықтан ашқарынға қабылдау керек.

Қоспаны тоңазытқышта сақтаңыз.


2. 100 гр. үгілген грек жаңғағын, 100 гр. үгілген алманы, 2 дана лимон шырынын, 1 ас қасық балды араластырасыз. Дайын болған қоспаны 1 ас қасықтан күніне 2-3 рет қабылдайсыз.


3. Күніне 3 рет 1/2 стақаннан қызыл түсті жемістен немесе көкөністен балғын шырын ішіңіз. Тәбетіңіз тартса қызылша, шие, қара бүлдірген, құлпынай, жүзім, анар, мүкжидек шырындарын тұтыныңыз. Мұның саулығыңыз үшін пайдасы орасан әрі иммунитетіңізді көтереді.


4. 1 келі қара шетенге (рябина) 1,5 келі шекер аралстырып, 1 ас қасықтан қабылдайсыз. Емді күніне 2 рет таңертең және кешке жүргізу керек. Емделу мерзімі – 3 апта.


5. 0,5 келі мүкжидекті, 1 стақан үгілген грек жаңғақты, 2-3 дана текше етіп туралған көк алманы банкіге саласыз. Ыдысқа 0,5 стақан суға 0,5 келі шекерді салып, отқа қоясыз. Қант еріген кезде сиропты банкіге құйыңыз. Дайын болған тоспаны 1 ас қасықтан таңертең және кешке жейсіз. Артынан 1 шыны шай ішуді ұмытпаңыз.


6. Күз айларында балық майын қабылдаңыз. Күніне 1-2 шай қасық май ішсеңіз иммунитетті көтереді әрі зат алмасуды реттейді.


7. 5 ас қасықтан жаужапырақ (мелисса), жалбыз (мята), талшын (каштан), күреңот (иван-чай) шөптерін ыдысқа саласыз. Үстіне 1 литр қайнаған су құйып, тұндырып қойыңыз. Шамамен 2 сағаттан соң дайын болған нәрсуды күніне 3 рет ішіп таусытыңыз.


8. Бүрген (калина) мен қызылжидекті (брусника) бірдей көлемде алып, үгітіңіз. Оған татымына қарай бал мен аздап ыстық су араластырып, тұндырып қоясыз. Шамамен жарты сағаттан соң дайын болған емдік сусынды 1/2 стақаннан күніне 3 рет қабылдайсыз. Бұл ем маусымдық аурулармен күресіп, иммунитетіңізді күшейтеді.


9. Итмұрын (шиповник) – инфекциялық аурулармен күресетін ең керемет емдік шөп. Сонымен қатар авитаминоздың алдын алып, несеп пен өт айдайтын қызмет атқарады. Суыққа қарсы күресіп, жарақатты жазатын қасиеті бар. Итмұрыннан тұнба дайындау үшін: 8 ас қасық кептірілген шөпті 4 стақан қайнаған суға саласыз. Оған 4 ас қасық шекер қосып, 10 минуттай қайнатыңыз. Шамамен 4 сағаттай тұндырып қою керек. Белгіленген уақыттан соң тұнбаны бөтелкеге сүзіп құясыз. Күніне 2 ас қасықтан 3 рет қабылдайсыз.


10. 2-3 бас пиязды майдалап турап, 200 гр. шекермен араластырасыз. Үстіне 0,5 литр су құйып, баяу отта қайнатыңыз. Шамамен жарты сағаттан соң оттан алып қою керек. Қоспа салқындаған кезде 2 ас қасық бал араластырып, шыны ыдысқа сүзіп құясыз. Емдік қоспаны 1 ас қасықтан күніне 3-5 рет қабылдау керек.

Ләззат АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ.

Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет