ИНФЕКЦИЯНЫ жою үшін қияр ТҰЗДЫҒЫН ішіңіз

0
6 183

Тұздықтың түрлі дертке дауа екенін білесіз бе?


ИНФЕКЦИЯНЫ жою үшін қияр ТҰЗДЫҒЫН ішіңіз

фото: ru.foodmes.com

Тұздалған қияр – кез келген мезгілде тұтынатын ең сүйікті тағам. Әсіресе, күз бен қыста тұздалған қиярсыз тамақ жемейтініміз анық. Ал оның тұздық суы денсаулыққа өте пайдалы екен. Нақтырақ айтқанда:


БҰЛШЫҚЕТТІҢ ҚҰРЫСУЫН ЕМДЕЙДІ

Тұздық натрий элементіне бай. Бұл элемент ағзадағы суды жеткілікті мөлшерде ұстауға ықпал етеді. Егер спортпен айналыссаңыз, ауыр жұмыс істесеңіз, ауыр зат көтерсеңіз, еріксіз терлейсіз. Міне осы кезде адамның ағзасындағы су тер болып сыртқа шығады да, ағза сусыздана бастайды. Ал ағза сусызданғанда бұлшықет құрысып, дене тырысады. Аяқ-қолдың сіңірі тартылады. Мұндайға жол бермеу үшін судың орнына 1 стақан қияр тұздығын ішіңіз.


АС ҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖҰМЫСЫН ЖАҚСАРТАДЫ

Сүт және ашытылған өнімдердің құрамы пробиотикке бай. Ал өз кезегінде ішектің жұмысын жақсартып, пайдалы бактериямен байытады. Егер сізді іш қату, іш өту, құрылдау, тамақты қорыта алмау секілді жайсыздықтар мазаласа, онда жатар алдында 1 стақан қияр тұздығын ішіңіз.

фото: sadgrad.ru


АҒЗАНЫ ИНФЕКЦИЯДАН ҚОРҒАЙДЫ

Қияр тұздығы Е және С дәруменінің қайнар көзі. Бұл екі керемет антиоксидант ағзаны инфекциядан, бактериядан, вирус пен құрттан тазалайды. Сондықтан аталған аурулармен алысқыңыз келмесе, қияр тұздығын ішуге әдеттеніңіз.


АРТЫҚ САЛМАҚТАН АРЫЛТАДЫ

Семіздік – қауіпті ауру. Сіз артық салмақтан арылғыңыз келсе диета ұстап, сүйікті тағамдарыңыздан бас тартып әуре болмаңыз. Оның орнына қияр тұздығын ішіңіз. Егер үзбей 7 күн ішсеңіз, нәтижесі таңқалдыратыны сөзсіз.


ҚАНДАҒЫ ҚАНТТЫ РЕТТЕЙДІ

Қанда қант өз шамасынан асып кетсе диабет және басқа да созылмалы аурулар белең алады. Бұл дерттің дендеуіне жол бермеу үшін қияр тұздығын ішуге кеңес береміз. Тұздықтың құрамындағы сірке су қандағы қанттың деңгейін түсіреді.

фото: che-yar.com


АҒЗАНЫ УЫТТАН ТАЗАЛАЙДЫ

Әсіресе алкоголді ішімдік ішкен адамның басы ауырып, өзін жайсыз сезінеді. Бұл жағдайға ағзадағы уыт себепші екенін біле бермейміз. Ал тап сол уытты ешқандай дәрі шығара алмайды. Бұл кезде де 1 стақан қияр тұздығын ішсеңіз, жаныңыз тыныштала бастайды. Спиртті ішімдік несеп айдап ағзадағы судың бәрін сыртқа шығарады. Оның орнын сумен емес, тұздықпен толтырсаңыз, тез әрі нәтижелі болады.


ХОЛЕСТЕРИНДІ ТӨМЕНДЕТЕДІ

Ғалымдар қияр тұздығының бірнеше дертке дауа екенін анықтаған. Бұл емдік сусын асқазанның, ішектің ауырғанын басумен қатар, қандағы майды реттейді.


ЫҚЫЛЫҚТАН АРЫЛТАДЫ

Ықылық тию – қауіпті дерт. Бірақ аса мән бермейтініміз өкінішті. Адамға жайдан-жай ықылық тимейді. Егер сізге көп ықылық тиетін болса, дәрігерге тексерілгеніңіз жөн. Ал егер ыстық үйден салқын далаға шыққанда, денеңіз түршіккенде немесе басқа да жағдайда ықылық тисе, 1 стақан қияр тұздығын ішіңіз. Бір ұрттамнан кейін-ақ ықылықтың басылғанын байқайсыз.


АУЫЗДАҒЫ ЖАҒЫМСЫЗ ИІСТІ КЕТІРЕДІ

Ауыз қуысындағы бактерия жағымсыз иістің шығуына ықпал етеді. Ал бактерияны ауызды тіс жуғышпен жуып, қайнаған сумен шайып кетіре аласыз. Оған қоса, 1 стақан қияр тұздығын ішсеңіз де, ауыздағы бактерия жойылады. Нәтижесінде, ауыздан шығатын жағымсыз иіс жоғалады, тіс жегінің қабынуы болмайды әрі кариес түспейді.


Қоймада тізіліп тұратын тұздалған банкідегі қиярды, қызанақты, болгар бұрыш пен сарымсақты ғана жемей, тұздығын да ішіңіз. Оны сүзіп алып, шыны ыдысқа құйып тоңазытқышқа қойсаңыз, қанша уақыт болса да тұра береді. Жоғарыдағы жайсыздықтар мазалағанда ем ретінде ішесіз.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Дереккөз: infoniac.ru


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ЖӨТЕЛГЕН кезде мына КОМПРЕСТІ жасаңыз


Түнде ТЕРЛЕУ қандай ДЕРТТІҢ белгісі?