Іш ЖЕЛДЕНІП ауырғанда маринадталған ҚИЯР жеңіз

0
7 910

Маринадталған ҚИЯР мына ТӨРТ ауруды емдейді


Іш ЖЕЛДЕНІП ауырғанда маринадталған ҚИЯР жеңіз

фото: co38tula.ru

Маринадталғн қияр түрлі дәрумендер мен минералды заттарға бай. Сондықтан да күнделікті тамақтану мәзіріңізге қосып отыруға кеңес береміз. Бұл қандағы қанттың деңгейін реттеп, асқорыту жолдарының жұмысын жақсартады.

Ал егер маринадталған қиярдың қатарына кефир, ашытылған қырыққабат, йогурт қоссаңыз, ағзаны қажетті нәрлендіруші затпен байытасыз. Тіпті, семіздік ауруынан зардап шегіп жүргендерге де таптырмайтын ем екенін ескеріңіз.


Маринадталған қиярдың нәрлік құрамы қандай?

100 гр. маринадталған қиярда бір тәулікке қажет К дәрумені бар. Ол өз кезегінде қанның айналымын жақсартады, тамырларды тазалап, сүйектің саулығын арттыратын кальций мен темір элементінің ағзаға сіңуін жеңілдетеді.

Оған қоса, бір тәулікке жететін А дәруменін аласыз. Нәтижесінде иммундық жүйеңіз нығайып, көздің көру қабілетін жақсартады. Теріні жаңартады, шаш пен тырнақтың саулығын сақтайды.

Ағзаны 7 пайыз кальций элементімен толықтырады. Өздеріңіз білетіндей, бұл минералды зат тіс пен сүйектің жағдайына жауап береді. Тіпті, жүйке жүйесін жақсартып, жүрек-қан тамыр ауруларынан сақтайды.

Сонымен қатар ағзаны 5 пайыз калий элементімен толықтыратынын да білгеніңіз жөн. Ал калий ағзадағы су мен тұздың мөлшерін реттеп, ішектің жұмысын жақсартады. Қан қысымын қалпына келтіріп, жүрек пен тәннің саулығына жауап береді.

фото: Яндекс.Дзен

Маринадталған қияр адам денсаулығына қалай әсер етеді?


Ас қорытуды жақсартады

Маринадталған қиярдың құрамы пайдалы бактерияға бай. Соның арқасында ішектің жолдарын жақсартып, жеңіл әрі жылдам жұмыс істеуіне ыпқал етеді. Әсіресе, ішіңіз кеуіп, желденгенде және ішіңіз қатқанда 1 дана маринадталған қияр жеңіз.


Ауыр дерттен сақтайды

Маринадталған қияр – керемет антиоксидант болып табылады. Әсіресе жүрек дертінен сақтайтын бета-каротиннің қызметін атқарады. Сондықтан да қиярды үзбей жейтіндер жүрек ауруынан, инсульт, тыныс алу ағзаларынан ауруларынан және кейбір рак ауруларынан сақтанады екен.

фото: jam-bakery.ru

Бұлшықеттердің түйілуін болдырмайды

Маринадталған қияр түрлі минералдардың қайнар көзі. Әсіресе, ауыр еңбектен соң, дене жаттығуларын жасаған соң міндетті түрде 1 дана қияр жеуге әдеттеніңіз. Сонда ағза жоғалтқан қуатын қайта қалпына келтіріп, бұлшықеттің түйілуін болдырмайды.


Қандағы қантты реттейді

Маринадталған қиярдың құрамындағы сірке су қандағы қантты төмендетумен қатар, оның бір қалыпты ұзақ уақыт сақталуын қамтамасыз етеді. Әсіресе ұйқы безінің жұмысын жақсартуға ықпал ететін гормонға өте пайдалы. Өздеріңізге мәлім, егер ұйқы безі өз деңгейінде жақсы жұмыс істейтін болса, қант диабеті ауруынан сақтанасыз.


Пайдалы әрі емдік қасиеті мол қиярды шамадан артық жеуге болмайтынын да ұмытпаңыз. Оның құрамындағы тұз қан қысымын көтеріп, түрлі аурулардың қозуына ықпал етуі мүмкін. Әсіресе, бауыры мен бүйрегі ауыратындарға өте сақ болған жөн.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Дереккөз: joinfo.com


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Балаңыздың ИММУНИТЕТІН көтеретін СЕГІЗ әдіс


Себепсіз ЖЫЛАУ мына БЕС аурудың белгісі


ҚАН қысымы ТҮСІП КЕТКЕНІН немесе КӨТЕРІЛГЕНІН қалай БІЛУГЕ болады?