​Ішекті бір ас қасық күріш тазалайды

0
21 286

Бұл ем арқылы ішегіңізді шлактар мен улы заттардан тазартатыныңызға сеніңіз.


​Ішекті бір ас қасық күріш тазалайды

фото:1000.menu

Біз ұсынғалы отырған бұл рецеп өз нәтижесін берген, кеңінен қолданыста болатын танымал әдістер. Бұл ем арқылы ішегіңізді шлактар мен улы заттардан тазартатыныңызға сеніңіз.

Күріш

Дөңгелек пішіндегі күрішті аласыз. Жасыңызға сай мөлшерлейміз. Мәселен, жасыңыз 25-те болса, онда 25 ас қасық күрішті ыдысқа салыңыз. Салқын сумен жуу керек. Сосын күрішті бататындай етіп қайнатылған салқын су құясыз. Ыдыстың бетін жауып, тоңазытқышқа қойыңыз. Таңертең жидітілген күріштен 1 ас қасық алып, басқа ыдысқа салыңыз. Үстіне салқын су құйып, газға қоясыз. Баяу отта 5 минут қайнатыңыз. Піскен кезде жей беруге болады. Емді күнде таңғы 7-30-да жүргізу керек. Күрішті ашқарынға жейсіз. Сонан соң 3 сағатқа дейін ештеңе ішіп-жеуге болмайды.

Ал тоңазытқыштағы күріштің суын ауыстыруды ұмытпаңыз.

Ескеріңіз! Күріш ағзадағы тұзды ғана шығарып қоймайды, сонымен қатар калий элементін де жояды. Сондықтан да күрішпен емделуді бастағаннан-ақ тамақтану мәзіріңізге інжір, мейіз, кептірілген өрік, картоп, қалақай мен бал қосылған шайды қосыңыз.

Нәтижесінде:

  • теріңіз тазарады әрі түсі оңалады;
  • зат алмасу реттеледі;
  • бауырдың жұмысы жақсарады;
  • буын ауруларынан арыласыз;
  • денеңіз жеңілдеп, күш-қуатыңыз артады.

Лимон мен сарымсақ


фото:www.askdrmanny.com

4 дана лимонды ыстық суға салыңыз. 10 секундтан соң лимонды ыстық судан алып, 2-ге бөлесіз. Ыстық суда жидітілген лимоннан шырын шығару қиындық туғызбайды. 1 бас сарымсақты қабығынан тазартып, үккіштен өткізесіз. Екеуін бір ыдысқа салып, бетін жауып қойыңыз. 3 тәуліктен соң тұнбаны сүзіп алып, сұйықтықты тоңазытқышқа салу керек. Дайын болған емдік сусынды таңертең ашқарынға 1 ас қасықтан қабылдайсыз. Соңынан 50 мл су ішу керектігін ұмытпаңыз. Сусын біткен кезде жаңасын дайындап, емді қайта жалғастырасыз.

Қара қарақат

фото:pngpix.com

30-35 гр. қара қарақат жапырағы 200 мл қайнаған су құйып, тұндырып қоясыз. Шамамен 30 минуттан соң тұнбаны сүзіп алып, күніне үш рет 100 мл-ден ішесіз. Емді тамақтанудан 25 минут бұрын жүргізу керек.

Белсендірілген көмір

фото:process-heating.com

Дәріні салмағыңызға қарай есептеп қолданасыз. Мәселен, сіздің салмағыңыз 80 келі болса, онда 8 дана дәрі ішу керек. Бірақ бәрін бірден ішуден сақ болыңыз. 8 дана дәріні 2-ге бөліп, таңертең 4 дана, кешке 4 данасын қабылдайсыз.

Ескеріңіз! Белсендірілген көмірді ұнтақтап ішсеңіз, нәтижесі тезірек көрініс береді. Сондай-ақ дәніні көп мөлшердегі сумен ішуді ұмытпаңыз. Ем кезінде күніне кем дегенде 2 литрдей су ішу қажет. Емделу ұзақтығы – 2-3 апта.

Зығыр дәні

фото:flip.kz

100 гр. зығыр дәнін кофеұнтақтағыштен ұсақтап алыңыз. Оған 250 гр. күнбағыс майын араластырып, бетін жауып қойыңыз. Жиі-жиі қозғап тұруды ұмытпаңыз. 7 тәуліктен соң дайын болған қоспаны 1 ас қасықтан жейсіз. Емді тамақтанудан 45 минут бұрын күніне 3 рет жүргізу керек. Қоспаны қолданатын кезде араластырып алыңыз. Емделу мерзімі – 10 күн.

Ем кезінде қуырылған, қақталған, консервіленген және ұннан жасалған тағамдар мен тәттіні ұмытыңыз. Оның орнына балық пен көкөністерді көбірек жеңіз.

Ләззат Ахметова,

ERNUR.KZ.

Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.