Іші ӨТКЕН балаға АНАР ҚАБЫҒЫНЫҢ тұнбасын ішкізіңіз

0
3 263

ҚАШАН және ҚАЛАЙ қолдану керектігі төменде толық жазылған.


Іші ӨТКЕН балаға АНАР ҚАБЫҒЫНЫҢ тұнбасын ішкізіңіз

фото: kcdc.ru

Іш өту (диapeя) – жедел түрде емдеуді талап ететін өте қауіпті ауру. Қай жаста болса да оның емін бастау керек. Жиі дәретке отыру – ағзаның сусыздануына әкеледі. Салдарынан науқас әлсіреп, қалжырайды.

Бүгінгі таңда балалар арасында жиі кездесіп жүрген іш өтуге түрлі аурулар себеп болуда. Алайда бірден басталған жайсыздыққа ең алдымен күні бұрын ішіп-жеген тамағын еске түсіретініміз бар. Алайда іш өтуге виpyc немесе бakтepия себеп болуы да мүмкін. Одан бөлек, ішек жұмысының бұзылысы немесе ас қорыту жолдарының қабынуы ішті өткізеді.


Сонымен қатар балапаныңыздан мынадай жайсыздықты байқасаңыз:

  • ішінің айналасы шыдатпай ауыртса;
  • 24 сағаттың ішінде 6-7 рет дәретке отырса;
  • құсса;
  • соңғы 6-7 сағаттың ішінде несеп түсі қоңырланса;
  • нәжіске қан араласса;
  • дене қызуы көтерілсе;
  • тілі құрғап, түсі өзгере бастаса, онда өз білгенімізше ем жасауға асықпайық. Міндетті түрде ПЕДИАТР және ГАСТРОЭНТЕРОЛОГ дәрігердің кеңесін алғаныңыз жөн.

фото: med-gp9.ru

Ал егер асқазанға жақпайтын тағамды жегеннен, бұзылған азықты жегеннен іш өтіп бастаса, онда үй жағдайында мына тұнбаны әзірлеп беріңіз.


ЕМШЕКТЕГІ БАЛАНЫҢ ІШІ ӨТСЕана үшін де, бала үшін де қауіпті әрі қорқынышты. Емді екеуі бірдей алу керек. Өйткені сүт арқылы анадан балаға баратыны анық. Емшектегі балаға дәрі ішкізуге асықпайық. Ең тиімді емделу әдісін қолданып көрелік.


Үй жағдайында дайындалған PЕГИДРОН

Іші судай өтіп жатқан балаға міндетті түрде жедел жәрдем немесе пeдиaтp дәрігер шақыртамыз. Ал ол келгенше қарап отыруға да болмайды. Амалдап ішін тоқтату керек. Егер дәріқобдишаңызда дәріханалық регидрон болмаса, абыржуға негіз жоқ. Өзіңіз ас үйдегі заттармен әзірлеп алыңыз. Ол үшін 1 стақан қайнаған суға 1 ас қасық шекер мен 1 шай қасық тұз араластырып, әр 10 минут сайын 2 тамшыдан ішкізесіз.


КҮРІШ ҚАЙНАТПАСЫ

1 стақан суды шағын ыдысқа құясыз. Оған 1 ас қасық күріш қосып, отқа қойыңыз. Бір қайнап шыққан соң отын бәсеңдетесіз. Шамамен 45-50 минyттай қайнаған соң дайын болған қайнатпаны сүзіп алып, әр 2 сағат сайын балаға ішкізіңіз.

Мөлшері: жасына толмағандарға 2-3 жұтым, ал 2 жастан асқандарға 50 мл ішкізу керек.

Күріш қайнатпасы – бактерияның әсерінен болған іш өтуге ем болады, ішектің жұмысын жақсартады. Асқазанның қабынуын қоса емдейді.

фото: myteapro.ru

ЕМЕН ҚАБЫҒЫ

200 мл суға 1 шай қасық ұсақталған емен қабығын салып, отқа қоясыз. 10 минуттай қайнаған соң, отын өшіріп, ыдыстың қақпағын мықтап жабыңыз. Шамамен жарты сағаттан соң тұнбаны сүзіп алыңыз. Дайын болған емдік сусынды бірнеше жұтымнан әр 2 сағат сайын ішкізіңіз.


ТҮЙМЕДАҚ ШАЙЫ

Бұл ем қарапайым әрі керемет көмектесетін әдіс. Оған қоса, мықты антиceптикалық қызмет атқарады, суыққа қарсы күреседі, ішектің ауырғанын басып, жалпы жағдайды жақсартады.

Ол үшін 1 стақан қайнаған суға 1 шай қасық түймедақ (ромашка) шөбін салып, тұндырып қойыңыз. Шамамен жарты сағаттан соң тұнбаны сүзіп алып, 2 ас қасықтан ішкізесіз. Емді сағат сайын жүргізу керек.


ЕКІ ЖАСТАН АСҚАН БАЛАЛАРДЫҢ ІШІ ӨТСЕкейінге қалдыруға болмайды. Жас ағзаны толық уламай жатып, уыттың алдын алу керек. Егер жоғарыдағы қауіпті белгілер байқалмаса, онда мына халық емін байқап көріңіз.


  • БАНАН ЖЕГІЗІҢІЗ. Иә, балапаныңыздың күнделікті тағамы болар. Онсыз да күнде жейді ғой дейтін боларсыз. Алайда іші өткен кезде жеген банан ем болатынын ескеріңіз. Іші судай өтіп жатқан балаға әр сағат сайын таза піскен 1 дана банан жегізіңіз. Сонда баланың іші тоқтайды, ағзаны калий элементімен байытады, нәжісті қалыпты жағдайға келтіреді.

ЕСКЕРІҢІЗ! Бұл емді 3 жастан асқандарға қолдану керек.

фото: medaboutme.ru

  • ПІСКЕН АЛМА. Ішті тоқтату үшін піскен немесе балғын алма таптырмайтын ем екенін білесіз бе? Іші өтіп мазасызданған балаға алма жегізіңіз. Құрамындағы С дәрумені мен пектин ішті тоқтатады әрі ағзаны удан тазалайды. Оң нәтижесін тезірек көру үшін әр сағат сайын бір піскен алма немесе үгілген алма жеу керек.


  • АНАР ҚАБЫҒЫ – керемет aнтиceптикалық және бактерияға қарсы қызмет атқарады. Оның құрамында ағзадағы уытты шығаратын алкалоид бар. Тұнбаны әзірдеу үшін термосқа 0,5 литр қайнаған су құясыз. Оған 1 ас қасық ұсақталған анар қабығын салып, қақпағын мықтап жабыңыз. Шамамен 4 сағаттан соң дайын болған емдік тұнбаны сүзіп алып, 1 шай қасықтан күніне бірнеше рет ішкізіңіз.

ЕСКЕРІҢІЗ! Бұл емді 7 жастан асқандарға қолдану керек.


  • ІРІ ҚАРА БҰРЫШ – улануға керемет ем болады. Ағзаны уыттын, артық заттан тазалайды. Ал ішті тоқтату үшін 4-5 дана бұрышты 1 стақан сумен бірге ішесіз. Шайнауға болмайды.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Дереккөз: oponos.ru


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Аяқ-қолдың МҰЗДАУЫ қандай ДЕРТТЕН дерек береді?


Мына ТОҒЫЗ белгі БАУЫРҒА шлак толғанын білдіреді


Баланың МҰРНЫ бітіп ТЫНЫС алуы қиындаса ТҮЙМЕДАҚ ТҰНБАСЫН тамызыңыз