​КАМФОРА майы "ГРЫЖАНЫ" емдеуде көмектеседі

0
7 869

Дертті асқындырмай, дер кезінде ем жасау керек.


​КАМФОРА майы

фото: dobromed.ru

Грыжа (жарық) кез келген жаста пайда болады. Оны қарапайым тілмен еттің қысылуы дейміз. Грыжа пайда болғанда түрлі аурумен белгі береді. бірінің қолы, аяғы немесе белі ауырады. Қолын қимылдата алмай, жүре алмай, тіпті жатудың өзі қиындайды. Егер қысылған ет шіри бастаса, қауіпті жағдайға әкелуі мүмкін. Сондықтан дертті асқындырмай, дер кезінде ем жасау керек.

Алдымен грыжаның бар-жоғын анықтап алыңыз. Егер ота жасату қажет болмаса, халық әдісімен дертіңізге дауа табуға болады.


ҚЫРЛЫШӨП ТҰНБАСЫ

2 ас қасық кептрілген қырлышөпті (купена) 2 стақан сүтке салып, отқа қоясыз. Бір қайнап шыққан соң отын бәсеңдетіңіз. Баяу отта 7 минут қайнаған соң, оттан аласыз. ыдыстың бетін жауып, тұндырып қойыңыз. Тура 1 сағаттан соң тұнбаны сүзіп алып, 2 ас қасықтан күніне 3-4 рет ішіңіз.

Қырлышөп – жүрек тамырларының атеросклерозына, ми ауруларына, жүректің ишемиялық ауруларына, инфаркт, қант диабеті ауруларына керемет ем болады.

фото: stoletnik.ru

КАМФОРА МАЙЫ

Грыжаға камфора майын жағып, бетіне қарағай шайырын жабыстырып қойыңыз. Сыртынан жылы орап, 15-20 минуттай жатасыз.

Ал кішкентай нәрестелердегі грыжаны да камфора майымен емдеуге болады. Ол үшін ауырған тұсқа сағат тілімен жұқа етіп майды жағасыз. 3-5 минуттай баяу қимылмен массаж жасайсыз.


ҚЫРЫҚҚҰЛАҚ

Түнде жатар кезде ыстық суға малынған қырыққұлақты (папоротник) грыжаға жабыстырыңыз. Таңертеңге дейін қалдыруға болады.


КЕКІРЕ ТҰНБАСЫ

  • 0,5 литр қайнаған суға 3 шай қасық кекіре (василек) гүлін салып, бетін жауып қойыңыз. Шамамен 1 сағаттан соң сүзіп алып, ішесіз.
  • 3 шай қасық кекіре гүлін 0,5 литр қайнаған суға демдеп, күні бойы шай орнына ішіңіз. Татымы ұнамаса 1 шай қасық бал қосуға болады.


БЕДЕ ҚАЙНАТПАСЫ

1 стақан қайнаған суға 1 ас қасық беде (клевер) шөбін араластырып, тұндырып қоясыз. Тура 1 сағаттан соң сүзіп алып, 1/3 стақаннан күніне 3 рет ішіңіз. Емді ашқарынға немесе тамақтанудан 30 минут алдын жүргізу керек.

фото: stop-kashel.ru


ҚАЛАҚАЙ

Балғын қалақай (крапива) жапырағын жақсылап ұнтақтап аласыз. Оған қаймақ қосып, араластырыңыз. Дайын болған қоймалжыңды грыжаға жағып, бетіне қырыққабат жапырағын жабыстырып қойыңыз. Емді түнде жатар кезде жасаған жөн.


ҚАРЛЫҒАН

1 ас қасық қарлыған (крыжовник) жапырағын 0,5 литр қайнаған суға салып, тұндырып қойыңыз. Шамамен 2 сағаттан соң тұнбаны сүзіп алып, 0,5 стақаннан күніне 3-4 рет ішіңіз. Емді тамақтанудан алдын жүргізу керек.


ЕМЕН

  • 1 стақан суға 1 ас қасық 4 пайыздық сірке суын араластырып, грыжаны сүртесіз. Сосын емен тұнбасын жылы күйінде жағып, 20-30 минут жатыңыз. Бұл ем грыжаны түбегейлі емдемесе де, үлкеюіне жол бермейді.
  • Еменнің жаңғағын (желудь), қабығын және жапырағын жақсылап үтіңіз. Оны 1 литрлік банкінің 2/3 бөлігіне саласыз. Үстіне толтырып қызыл шарап құйып, күн түспейтін қараңғы бөлмеге қойыңыз. Тура 21 күннен соң дайын болған тұнбаны сүзіп алып, грыжаға компресс жасайсыз. Сыртынан жылы орауды ұмытпаңыз.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз!

Дереккөз: apteka72.com


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Ағзаға ЙОД жетіспесе мына ТОҒЫЗ түрлі ауру белең алады


БАЛ мен ҰН терідегі ҰШЫҚТЫ кетіреді


СҮЙЕЛДІ кәдімгі ЖОЛЖЕЛКЕН кетіреді