​ҚАНДЫ үш ӘДІСПЕН тазарту арқылы МЫНА аурулардан айығасыз

0
28 308

Бар-жоғы 3-ақ әдіс жалпы саулығыңызды жақсартады, теріңізді тегістейді, қуатыңызды арттырады.


​ҚАНДЫ үш ӘДІСПЕН тазарту арқылы МЫНА аурулардан айығасыз

фото: fb.ru

Қанды тазалау арқылы РЕВМАТИЗМ (буын-буын мен бұлшықеттердің шаншып, сырқырап ауыруы), АРТРИТ (буынның қабынуы) және АНЕМИЯ (қаназдық) ауруынан құтыласыз.

Денсаулық саласының мамандары қанды тазартып тұруға кеңес береді. Оның денсаулыққа пайдасының ұшан-теңіз екенін алға тартады. Өйткені көптеген аурулардың пайда болуына қанның тікелей ықпалы бар. Біз қанды тазарту арқылы ағзадағы улы заттардан, шлактан, белгісіз аурулардың қоздырғыш ошақтарынан арыламыз. Нәтижесінде:

фото: samiysok.com

  • қанның қоюлануы болмайды;
  • ішкі ағзалардың жұмыс істеуі жақсарады;
  • ұйқысы түзеледі;
  • ойлау, есте сақтау қабілеттері артады;
  • иммундық жүйе нығаяды;
  • аллергиялық аурулар азаяды.


Қанды тазарту үшін медициналық құралдарды пайдалануға болады. Бірақ оған уақыт пен ақша кетеді. Егер сіз алтын уақытыңызды үнемдеп, қаржыңыздың қалтаңызда қалғанын қаласаңыз, онда үй жағдайында мына 3 әдіспен қанды тазарта аласыз...


№1-әдіс

Термосқа 1 ас қасық балғын қалақай (крапива) жапырағын, 2-3 дана қарақарақат жапырағын, 2 дана таңқурай жапырағын, 1 дана грек жаңғағының жапырағын саласыз. Үстіне 1 литр қайнаған су құйып, бетін жауып қойыңыз. Шамамен 20-25 минуттан соң тұнбаны сүзіп алып, жылы күйінде қабылдайсыз. Егер татымы ұнамаса бал немесе лимон қосуға болады. Емделу тәртібі 100-150 мл-ден күніне 2-3 рет ішесіз. Емделу ұзақтығы – 2-3 апта.


№2-әдіс

200 гр. қалақай жапырағын жақсылап жуып, эмаль ыдысқа саласыз. Үстіне 500 мл қайнаған су құйып, қақпағын жауып қойыңыз. 1-2 сағаттай тұнған сусынды сүзіп алып, 500 гр. қант араластырасыз. Ыдысты отқа қойыңыз. Қант ерігенше баяу отта қыздырасыз. Бір қайнап шыққан соң дайын болған тұнбаны шыны ыдысқа құйып, қақпағын мықтап жабыңыз.

Бұл тұнба қанды тазалаумен қатар, жөтелді, баспаны, суықты емдеп, иммунитетті көтереді.

фото: proctologys.ru

№3-әдіс

200 гр. балғын қалақай жапырағын тазалап жуып, ыдысқа саласыз. Үстіне 1 стақан қайнаған су құйып, отқа қойыңыз. 2 минуттай қайнаған соң оттан алып, қақпағын жауып қоясыз. Салқындаған соң емдік сусынды сүзіп алып, шыны банкіге құйыңыз. Үстіне ұсақтап туралған 3 дана лимон мен 1 стақан балды қосып, мұқият араластырыңыз.

Дайын болған тұнбаны 1 ас қасықтан күніне 2 рет ішесіз. Егер үзбей қабылдасаңыз 1 аптадан соң-ақ қаныңыз тазарып, бойыңыздан жеңілдік сезінесіз. Қанмен бірге теріңіз де, ағзаңыз да жасарады.

Ескеріңіз! Дайын тұнбаны тоңазытқышқа қойып, 6 айға дейін сақтауға болады.


ҚАЛАҚАЙ жапырағынан дайындалған 3 тұнба да астмадан, аллергиядан зардап шегетіндерге таптырмайтын емдік сусын екенін біле жүріңіз. Сонымен қатар тыныс жолдары мен несеп жолдарындағы кез келген ауруды да емдеуге қабілетті. Одан бөлек, шаштың түсуін тоқтататын, қанды тазартып, жаңалайтын әрі ағзаны улы заттан, шлактан артылтатын да қасиеті бар.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Дереккөз: zdorovie-otnosheniya.ru


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ҚЫЖЫЛДАН бір-ақ күнде ҚҰТЫЛУҒА болады


Несептің ТҮСІ мен ИІСІ қандай ДЕРТТЕН дерек береді?


ҚЫСТА қандай ДӘРУМЕН ішу керектігін БІЛЕСІЗ БЕ?