Картоптың емдік қасиетін білесіз бе?

0
12 448

Оның құрамындағы ақуызда адам ағзасына пайдалы амин қышқылдарының барлық түрi кездеседi. 300 грамм қайнатылған картопта бiр тәулiкке жетерлiк көмiрсулар бар. Сонымен қатар 100 грамм жаңа пiскен жас картоптың бойында 20 мг С дәруменi болады екен. Осындай бағалы қасиеттерге бай картоп түрлі дертке де дауа болады.


Картоптың емдік қасиетін білесіз бе?

Фото: Beautimy.ru

Бұл көкөнiстiң адамға азық, ағзасына ем боларлық пайдалы тұстары жетерлік. Картоп ең көп қолданысқа ие әрi өте дәмдi көкөнiстердiң бiрi. Ол С, Н, РР және В тобындағы дәрумендер мен калий, кальций, магний, мыс, мырыш, марганец, темір, хлор, йод, фтор және фосфор элементтеріне бай. Оның құрамындағы ақуызда адам ағзасына пайдалы амин қышқылдарының барлық түрi кездеседi. 300 грамм қайнатылған картопта бiр тәулiкке жетерлiк көмiрсулар бар. Сонымен қатар 100 грамм жаңа пiскен жас картоптың бойында 20 мг С дәруменi болады екен. Осындай бағалы қасиеттерге бай картоп түрлі дертке де дауа болады. Атап айтқанда:

* Аяқ пен қол iсiнген жағдайда картоптың қабығын аршып, үккiштен өткiзесіз. Үгілген картопты iсiнген жерге жағып, 15-20 минут жата тұрыңыз. Сыртын түктi сүлгiмен жақсылап орауды ұмытпаңыз.

* Егер гипертония болса, қабығымен қосып пiсiрiлген картоп жесеңіз керемет ем болады. * Остеохондроз дертiнде картоптан дайындалған компресс ауырсынуды басады. Ол үшін үккiштен өткен шикi картопты ауырған жерге таңып, 1 сағат ұстайсыз.

* Асқазан қыжылында, жүрек айнығанда, бас ауырғанда балғын картоп шырынын iшіңіз. Күнiне үш рет таңертең - ашқарынға, түсте – астан жарты сағат бұрын, кешке - ұйқыдан 1 сағат бұрын iшедi. Екi апталық емнен соң 6 күн демаласыз.

* Қайнаған картопты тiптi, асқазан жарасымен ауырған кезде де жеуге болады.

* Сондай-ақ, картоп крахмалы холестерин мөлшерiн азайтып, калийдiң көмегiмен ағзадағы артық суларды сыртқа шығаратын да қасиетке ие. Сондықтан да жүрегi мен бүйрегi ауыратын жандар тамақтану рационына картопты кiргiзiп қоюы керек.

* Басқа көкөнiстерге қарағанда картоптың калориясы жоғары. Сол себептi де арықтағысы келетiндер болса, картоп жеудi азайтқаны дұрыс.

* Халықтық медицинада картопен күйген терiнi, қышыманы емдейдi. Ол үшiн шикi картопты үккiштен өткiзiп, оны күйген жерге таңып қою керек.

* Сонымен қатар, жоғарғы тыныс жолдары қабынғанда қайнаған картоптың буымен емделуге болады. Ал, көмей мен жұтқыншақ қабынғанда шикi картоп шырынымен тамақты шаяды.

* Картоптың жаңа сығылған сөлiн тамақтан 2 сағат бұрын 1/2 стақаннан iшесіз. Шамамен 5 минуттан соң 1 стақан айран iшу керектігін ұмытпаңыз. Емдi қолдану мерзiмi – 2 апта. 10 күн үзiлiс жасап, емдi қайталау керек. Осындай тәсілмен емдi 3-4 курс қайталаған дұрыс. Бұл ұйқыбез ауруларына ем болады.

* Егер де сiздiң қан қысымыңыз жоғары болса, қайнап пiскен картопты көбiрек жеңiз.

* Ал, ағзадағы шлактардан арылу үшiн шикi картоп шырынына сәбiз бен балдыркөк шырын қосып iшу керек.

* Остеохондроз кезiнде ауруды басу үшiн шикi картопты үккiштен өткiзiп балмен қосып компресс жасасаңыз өзiңiздi жеңiл сезiнесiз. Мұндай компрестi ауырған жерге бiр сағат қоя аласыз.

Картоптың зияны

Пайдалылығы мол картоптың зиянды тұстары да жоқ емес екен. Мәселен, жасыл картоп адам өмiрiне өте қауiптi. Осындай жасыл түстi дақтары бар картоптың бойында улы зат соланин көп болады. Егер де адам соланинi көп картопты артық жеп қойған болса, онда оның терiсiнiң түсi өзгерiп, артынан өкінішті жағдайлар орын алуы ғажап емес. Сондықтан да мамандар картоптың жасыл дақтарын кесiп алып тастау керек деп кеңес бередi.

Ләззат Ахметова,

ERNUR.KZ