ҚОЛТЫҚТАҒЫ жағымсыз ИІСТІ мына ҮШ әдіспен кетіруге болады

0
2 763

Оңай, тез әрі нәтижесі керемет


ҚОЛТЫҚТАҒЫ жағымсыз ИІСТІ мына ҮШ әдіспен кетіруге болады

фото: Яндекс Дзен

Денеңізден шығатын жағымсыз иіс сізді жайсыз жағдайға қалдырады. Оны кетіруден алдын шығу себебін анықтап алыңыз. Жалпы, жағымсыз иіс терлеудің нәтижесінде пайда болады. Себебі терлеу барысында бактерия көп бөлінеді де, нәтижесінде қолтықтан жағымсыз иіс шыға бастайды. Оны кетіру үшін үй жағдайында мына әдістерді қолданыңыз.


Гигиена сақтаңыз

Қолтығыңыз терлеген кезде ылғалды сулықпен, артынан құрғақ сулықпен сүртіңіз. Күніне кем дегенде бір рет душ қабылдаңыз. 2-3 сағат сайын қолтығыңызды сабынды сумен жуыңыз.


Бактериямен күресіңіз

Бактерия ылғалды жерде қатты өршиді. Сондықтан терлеген кезде құрғақ сүлгімен сүртуді ұмытпаңыз. Алдымен қолтығыңызды түктен тазартыңыз.

Киіміңізді жиі ауыстырыңыз. Мейлінше киіміңізді басқа киімдерге араластырмай, бөлек сабынмен жуған дұрыс.

фото: nogostop.ru


Жаман әдеттен арылыңыз

Темекінің иісі жағымсыз екенін білесіз. Сол секілді спиртті ішімдіктен де жұпар иіс аңқымайды. Сондықтан да жаман иісті денеңізге сіңдіріп алмау үшін барынша сақтаныңыз. Темекі шегуді, арақ ішуді доғарғаныңыз жөн.


Су режимін сақтаңыз

Су – өмір. Сіз бір тәулік түгілі 1 сағат сусыз жүре алмайсыз. Сондықтан күніне кем дегенде 6 стақан су ішуге әдеттеніңіз. Бұл қолтықтан шығатын жағымсыз иісті жоятын қасиетке ие. Себебі су ағзадағы улы токсин мен шлакты сыртқа шығарып, бактерияның пайда болуына жол бермейді.

Дұрыс тамақтаныңыз

Қолтықтағы жағымсыз иіске тамақтану мәзіріңіз де себеп болуы ғажап емес. Мүмкіндігінше құрамы пробиотикке бай тағамды тұтыныңыз. Күніне бір рет табиғи йогурт ішіңіз. Оған қоса, жасыл түсті көкөністерді көбірек жеңіз.

Ал майлы, қуырылған тағамдарды, кофені шектегеніңіз жөн.


Халық әдісі де қолтықтағы жағымсыз иісті кетіреді

Фото: krashevseh.ru


Алма сірке суы

1 ас қасық алма сірке суды 1 стақан суға араластырып, ыдысқа құйыңыз. Басына сепкіші бар қалпақ киігізіп, қолтығыңызға себесіз. Немесе мақтаны алма сірке суынн малып алып, қолтығыңызды сүртесіз.


Ас содасы

1 шай қасық соданы 1 шай қасық лимон шырынымен араластырып, қолтығыңызға жағасыз. Шамамен 2 минуттан соң қолтықтағы қоспаны жылы сумен жууға болады. Соданың жағымсыз иісті кетіретін қасиеті бар екені ежелден белгілі.


Лаванда майы

Шағын ыдысқа 10 тамшы лаванда майын құясыз. Оған 2 шай қасық ас содасы мен 3 шай қасық жүгері крахмалын араластырып, бетін жауып қойыңыз. Ыдысты күн тимейтін салқын жерге қою керек. Шамамен 5-7 күннен соң дайын болған қоспаны қолтығыңызға жағыңыз. Емді күнде жүргізу керек.

Антибактериялық қасиеті бар лаванда қолтықтағы жағымсыз иісті жойып, терлеуін тоқтатады.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз!

Дереккөз: medaboutme.ru


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ШАНШУДАН қалған БЕЗДІ қалай кетіруге болады?


Бүйректегі ҚҰМ қайдан ПАЙДА болады?


Кімге БАЛМҰЗДАҚ жеуге БОЛМАЙДЫ?