Көз ауруларынан сақтайтын 10 тағам

0
10 754

Көз дәрігерлері сәбіз шырынының көз ауруларының алдын алатын керемет қасиеті бар екенін айтады.


Көз ауруларынан сақтайтын 10 тағам

Көз дәрігерлері сәбіз шырынының көз ауруларының алдын алатын керемет қасиеті бар екенін айтады. Бұл шырын А дәруменіне өте бай. Сонымен қатар асқазанда да оңай қорытылады. Емдік қасиеті мол бұл шырынды қай кезде ішсеңіз де болады. Бірақ жылына екі рет дәрілік үшін міндетті түрде ішу керек. Көздің көруін жақсартып, ауруларының алдын алғыңыз келсе, бір ай бойы үзбей ашқарынға 1 стақан сәбіз шырынын ішіңіз.

  • Суқараңғылық пен көздің қарығуы кезінде ақжелкен шырынын ішіңіз. Бұл аурудың алдын алу үшін күніне 1 стақан ақжелкен шырынын ішу керек. Егер дәмі ұнамаса аздап су немесе кез келген көкөніс шырынын қосуға болады. Ақжелкен шырыны мен сәбіз шырынын бірдей көлемде араластырып ішсеңіз, көздің көру қабілетін де жақсартып, көзіңізді тынықтырады.
  • Қызылша көздің жанарын жасартып, ағзадағы қанды тазалайды. 2 ас қасық қызылша шырынын сәбіз бен ақжелкен шырынына араластырып ішсеңіз, көздің көруін ғана жақсартып қоймайды, сонымен бірге ағзаны қуаттандырады.
  • Көздің көруін жақсартуға қара жидектің де ықпалы зор. Сондықтан да жаз мезгілінде мейлінше 10 стақан қара жидек жеуге кеңес береміз. Одан бөлек өрік те көзге өте пайдалы жемістердің қатарына жатады. Кептірілген жемістен жасалған шырынның да жанарыңызды жасартатын қасиеті бар.
  • С дәруменіне бай итмұрынның да көз жанарына тигізер көмегі орасан. Егер итмұрынды күнде тұрақты түрде жеп отырсаңыз, көздің қан тамырлары жасарады.
  • Ал долана алыстан көре алмайтындарға өте пайдалы. Оның құрамындағы каротин мен аскорбин қышықылы көздің көруін жақсартады.
  • Көз ауруларынан зардап шегіп жүргендерге асқабақ пен балықтың майын қолданыңыз деп кеңес береміз. Өйткені олардың құрамындағы лютеин мен зеаксатин көз ауруларының алдын алады.

Мейлінше күнделікті түтынатын асқа қүрамында лютеин мен зеаксатин заттегі бар тағамдарды қолданыңыз. Бұл бағалы затты - саумалдықтан, жүгеріден, ақбас қырыққабаттан, брокколиден, фасольдан, асбұршақтан, жасыл салаттан, сары бұрыштан, кәдіден, картоптан, асқабақтан, қауыннан, кивиден, жүзімнен, апельсиннен, мангодан, шабдалыдан және қара өріктен алуға болады.

Көз ауруларынан сақтайтын 10 тағам

1. Сәбіз. Бұл көкөністің құрамында жанарыңыздың саулығын сақтайтын А, С, В, D, Е дәрумендері, бета-каротин антиоксиданты, калий, кальций, натрий, фосфор, темір, мыс, мырыш және фтор секілді пайдалы элементтер бар. Мәселен, бета-каротин жасы ұлғайғандардың жанарына керемет көмектеседі.

2. Саумалдық. Бұл көкөніс көзді түрлі аурулардан сақтайды. Оның құрамында көздің жанарын суқараңғылықтан сақтайтын лютеин заттегі, А, С, Е, К, В2, В6 дәрумендері мен мыс, мырыш, фосфор, калий, магний элементтері кездеседі. Сонымен бірге ақуыз бен майлы қышқылды да алуға болады. Дәрігерлердің айтуына сенсек, саумалдықты тұрақты түрде қолданатындардың 90 пайызы көз ауруларынан зардап шекпейді екен.

3. Соя. Мұның құрамында Е дәрумені мен майлы қышқыл бар. Соя қосылған тағамдар көздің көру қабілетін керемет жақсартады.

4. Пияз бен сарымсақ. Бұл екі көкөніс күкірт элементінің қайнар көзі болып табылады. Ал күкірт көздің көргіштігін жақсартады.

5. Жұмыртқа. Көзге ең пайдалы тағамдардың бірі жұмыртқа. Оның құрамында күкірт, лютеин және амин қышқылы бар. Бұл заттар көзді суқараңғылықтан сақтап, жанарыңызды құрғаудан қорғайды.

6. Брокколи - көздің көруін жақсартып, суқараңғылықтан сақтайды. Оның құрамынан көзге аса қажетті лютеин мен зеаксатинді кездестіруге болады.

7. Қара шоколадтың құрамында көздің қантамырларын сақтайтын флавоноид бар. Ол көз ауруларынан қорғап, көздің қабығын сақтайды.

8. Қаражидек антиоксидантқа өте бай. Оның құрамынан түрлі қышқылды, микроэлементтер мен А, С, В және РР дәрумендерін алуға болады. Сонымен қатар көзді сақтайтын лютеин заттегі де бар.

9. Балық және балықтың майы. Бұлар да өз кезегінде көз үшінөте пайдалы тағам қатарына жатады. Өзіңіздің және отбасыңыздың денсаулығы үшін арқан балығын жеуге кеңес береміз.

10. Жемістер. Әсіресе киви, апельсин, өрікті күнде жеу керек. Ал С дәруменіне бай лимон, апельсин, мандарин секілді жемістерді де үзбеуге кеңес береміз. Бұл жемістер көздің тамырларын сақтап, көруін жақсартады. Сонымен бірге түрлі аурулардан қорғайды.