​Қызыл түсті ШЫРЫН балаңыздың ИММУНИТЕТІН көтереді

0
4 929

Егер 3 апта бойы ішкізсеңіз, баланың иммунитеті жақсы көтеріліп, жылдың қай мезгілі болса да ешқандай аурумен айырмайды.


​Қызыл түсті ШЫРЫН балаңыздың ИММУНИТЕТІН көтереді

фото: thevirtueblog.com

Иммундық жүйе – ағзаны вирустан, бактериядан, микробтан қорғайтын күш. Егер төмен түссе денсаулыққа айтарлықтай зиян келеді. Егер иммунитет төмен болса, кез келген ауруды жұқтырып алуы ғажап емес. Сондықтан да балаңыздың ауырмай, дені сау болып жүруін қаласаңыз, ең алдымен иммунитетін көтеріңіз. Иммунитеті мықты баланың қашанда саулығы күшті болатынын ескеріңіз. Баланың иммунитетін көтеретін түрлі дәрумендер бар. Десе де, үй жағдайында да пайдалы азықтармен иммундық жүйеге оң әсер етуге болады. Ендеше, мына әдістерді қолдана отырып балапаныңыздың иммундық жүйесін күшейтіңіз.


Баланың иммунитеті неге түседі?

- дұрыс тамақтанбау (тәтті, майлы, тұзды тағамдар мен фастфуд);

- дәрумен мен минералды заттың жетіспеуі;

- ұйқының бұзылуы;

- асқазан, ішек жолдарының ауыруы;

- ұзақ уақыт дәрі ішу;

- аллергиялық аурулар;

- физикалық және психикалық салмақ салу иммунитетке КЕРІ ӘСЕР етеді.

фото: medaboutme.ru

Иммунитетті нығайту үшін үй жағдайында мына әдістерді қолданыңыз

  • 300 гр. қабығынан тазартылған грек жаңғағын, 300 гр. кептірілген өрік, 300 гр. мейіз және 3 дана лимонды қабығымен еттартқыштан өткізіңіз. Осы езбеге 1 ас қасық бал қосып, жақсылап араластырасыз. Дайын болған дәруменге бай қоспадан ересектерге 1 ас қасық, балаларға 1 шай қасықтан жегізесіз. Емді күніне 1 рет ашқарынға немесе тамақтан алдын қабылдау керек. Қоспаны тоңазытқышқа қоюды ұмытпаңыз.
  • 100 гр. қабығынан тазартылған грек жаңғағының үгіндісін, 100 гр. үгілген алманы, 2 дана лимонның шырыны мен 1 ас қасық балды ыдысқа салып, жақсылап араластырыңыз. Дайын болған емдік қоспаны 1 ас қасықтан күніне 2-3 рет қабылдау керек. Емді тамақтан алдын жүргізіңіз.
  • 3 апта бойы қызыл түсті жеміс пен көкөністің шырынын ішкізсеңіз, баланың иммунитеті жақсы көтеріледі. Жылдың қай мезгілі болса да ешқандай аурумен айырмайтынына сеніңіз.

Ендеше, балапаныңыздың тәбеті тартқан қызылша, шие, бүлдірген, құлпынай, жүзім, анар немесе мүкжидекті алып, шырынсыққыштың көмегімен шырынын алыңыз. Алғашқы аптада 1/2 стақаннан күніне 3 рет бересіз. Екінші аптада 2, ал үшінші аптада 1 рет ішкізесіз. 10 күн үзіліс жасап, емді қайтадан жалғастыруға болады.

  • 1 келі қара шетенге 1,5 келі қант араластырып, 1 ас қасықтан жегізесіз. Емді таңертең және кешке жүргізу керек. Емделу мерзімі – 3 апта.

фото: nogostop.ru

Шетеннен тұнба әзірлесеңіз де болады. Ол үшін

  • 1 ас қасық шетенді термосқа саласыз. Үстіне 1 стақан қайнаған суға құйып, бетін жауып қойыңыз. Шамамен 4-5 сағаттан соң тұнбаны сүзіп алып, ішесіз.
  • 0,5 келі езілген мүкжидекті ыдысқа саласыз. Оған 1 стақан грек жаңғағының үгіндісін, 2-3 дана текшелеп туралған көк алманы қосасыз. Басқа ыдысқа 0,5 стақан су құйып, отқа қойыңыз. Бір қайнап шыққан соң 0,5 келі қант қосып, ерігенше қайнатасыз. Еріген соң жемістерді салып, баяу отта 1 минут қайнату керек. Ыстық тосапты банкіге саласыз. Күніне 2 рет 1 ас қасықтан шаймен бірге қабылдайсыз.
  • 2 ас қасық кептірілген шетенді 2 стақан қайнаған суға салып, бетін жауып қоясыз. 20 минуттан соң сүзіп алып, 0,5 стақаннан күніне 3-4 рет ішіңіз. Емді тамақтан алдын қабылдау керек. Егер тәбеті тартпаса бал қосып ішкізуге болады.
  • Жаужапырақ (мелисса), жалбыз (мята), талшын (каштан), күреңот (иван-чай) шөптерін үгітіп араластырыңыз. Оның 5 ас қасығын 1 литр қайнаған суға салып, бетін жауып қоясыз. Шамамен 2 сағаттан соң дайын болған тұнбаны сүзіп алып, ем ретінде ішкізесіз.


Жалпы, иммундық жүйені нығайту – денсаулықтың басты кепілі екенін ескеріңіз. Мейлінше баланың өмір сүру салтына, жеп-ішкен тамағына, көңіл-күйіне өте мұқият болғаныңыз жөн. Өйткені дұрыс тамақтанбау, ұйқы мен демалыстың дұрыс болмауы, таза ауада серуендемеу, тазалықты сақтамау ИММУНИТЕТТІҢ төмендеуіне әкелетін төте жол екенін ұмытпаңыз. Сондықтан да бала денсаулығы өзіңіздің байлығыңыз. Оны сақтау сіздің қолыңызда!


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Дереккөз: derinat.ru


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Кіші ДӘРЕТКЕ жиі БАРУ ненің БЕЛГІСІ?


Түнде ТЕРЛЕУ қандай ДЕРТТІҢ белгісі?


ИНФЕКЦИЯНЫ жою үшін қияр ТҰЗДЫҒЫН ішіңіз