Лавр жапырағы қант диабетін емдейді

0
7 777

Оның пайдасының ең бастысы - адамның иммунитетiн көтеруiнде. Ол әсiресе суық тиiп ауырған кезде өте пайдалы. Лаврдың құрамында ағзадағы зат алмасу қызметiнiң дұрыс жұмыс iстеуiне қажеттi микроэлементтер мол. Сондай-ақ ол ағзаны қалдықтардан тазартатын қасиетке де ие.


Лавр жапырағы қант диабетін емдейді

фото: Boovery.ru

Лавр жапырағы көптеген тамақ түрлерiне айрықша дәм мен хош иiс беретiн таптырмас дәмдеуiштердiң бiрi. Медицина өкiлдерi жүргiзген зерттеулер нәтжесiнде бұл өсiмдiктiң денсаулыққа берер пайдасы мен тигiзетiн залалдары анықталған. Оның пайдасының ең бастысы - адамның иммунитетiн көтеруiнде. Ол әсiресе суық тиiп ауырған кезде өте пайдалы. Лаврдың құрамында ағзадағы зат алмасу қызметiнiң дұрыс жұмыс iстеуiне қажеттi микроэлементтер мол. Сондай-ақ ол ағзаны қалдықтардан тазартатын қасиетке де ие. Кептiрiлген лавр жапырағының тұнбасын iшу бауырдағы тастың түсуiне ықпал етiп, асқазан ауруын емдеп, адамның асқа тәбетiн ашады.

  • Терi ауруымен сырқаттанғанда лавр тұнбасын iшу керек, ал ревматизм мен буыны, белi ауыратындар осы тұнбаға сiрке қышқылы мен бал қосып iшкенi жақсы. Оны дайындау үшiн 5 гр. лавр жапырағына (12-17 дана), 300 гр. су құйып, 5 минут қайнатады. Содан кейiн оны термосқа құйып алып, 4-5 сағат тұндырып қояды да, сүзiп, күнi бойы бiр ас қасықтан iшедi. Келесi күнi де тұнбаны осылайша дайындап, бiр ас қасықтан iшу керек. Тұнбаны үш күн қатарынан iшкеннен кейiн екi апта демалып, сегiз күндiк курсты қайтадан бастаған дұрыс.
  • Майдаланған лавр жапырағының 2 ас қасығын 200 гр. қайнаған суда 2-3 сағат тұндырып, дайын тұнбаны құлаққа тамызса ауырғанын басып, аққан сұйықтықты тоқтатады. Ал диабет ауруы кезiнде 10 дана лавр жапырағын термосқа салып, 3 стақан қайнаған су құйып 2-3 сағат тұндырып, суын сүзiп алып ас iшерден 30 минут алдын күнiне үш мезгiл қабылдау керек. Осы процестi екi апта бойы жүргiзiп, екi апта демалыстан кейiн тағы да қайталау қажет. Алғашқы екi апталықта-ақ ағзадағы көмiрсулар айналымы едәуiр жақсарып, қант мөлшерi қалыпқа келедi.
  • Гайморитпен ауырғанда мұрынға лавр жапырағынан алынған майдың бiр тамшысын тамызса, тыныс алу жақсарады. Сондай-ақ 10 дана лавр жапырағын 1 литр суға салып бiр қалыпты отта 5 минут қайнатып, оттан алған соң сол қайнатпаның буымен бес минуттай тыныстау да гайморит кезiнде жақсы көмектеседi. Лавр жапырағын iш өтiп ауырғанда iштi қатыру үшiн де iшуге болады. Стоматит кезiнде жас лавр жапырағын шайнау керек.
  • Құрамында эфир майы мен хош иiстi заттар мол болғандықтан лавр жапырағы туберкулездiң де алдын алады екен. Сондай-ақ лаврды рак, псориаз, диабет секiлдi дерттердi емдеу үшiн де пайдаланады. Ол үшiн 10 дана жапырақты жарты литр қайнап тұрған суға салып, 2 сағат тұндырған соң, сүзiп алып тамақтанардан 20 минут бұрын iшу керек.
  • Лавр жапырағы ағзада жиналған тұзды шығарады. Ол үшін 20-30 дана лавр жапырағына 2 стақан қайнаған су құйып, 5 минут қайнатасыз. Белгіленген уақыттан соң қайнатпаны термосқа сүзіп құйып, 3-4 сағат тұндырыңыз. Дайын болған қайнатпаны 12 сағат бойы ұрттап iшiп отыру керек. Бiрақ бұл емдi iшектердi тазартып барып жасаған дұрыс. Осы емнің әсерінен кiшi дәретке жиi шыға бастасаңыз, онда сiздiң бойыңыздағы тұздың шыға бастағаны. Емдiк курсты жылына 1-2 рет қайталап тұруға болады.
  • 30 дана лавр жапырағын майдалап, ұнтақтаңыз да, 10 ас қасық бал қосып үстiнен 1 литр су құйып қоймалжың болғанша қайнатыңыз. Дайын болған тұнбаны сүзгiден өткiзiп, жатар алдында 1/2 стақаннан iшсеңiз, бауырдың iсiнгенін басады. Қайнатпаны тоңазытқышта сақтауға болады.
  • 20 дана лавр жапырағын 3 литр қайнап тұрған суға салып, кiшкене суытыңыз да, аяғыңызды сол суға салып, парлаңыз. Сонда аяқтағы тершеңдіктен арыласыз.
  • Ал аяғыңыздың сiңiрі тартылып маза бермесе, онда лавр жапырағын ұнтақтаңыз. Оның 50 грамына 250 мл тазаланбаған өсiмдiк майын қосып, жақсылап араластырыңыз. Қоспаны қараңғы жерде 2 апта қоясыз. Белгіленген күннен соң дайын болған қоспаны ауырсынған жерге жақсаңыз, көп уақыт өтпей-ақ оң нәтижесін байқайсыз.

Лавр жапырағының зияны

Ал, лавр жапырағының зиянды тұстарына келер болсақ, оның ең бiрiншi керi әсерi аллергия тудыруға бейiмдiлiгiнде. Сондықтан да аллергиясы бар адамдар оны емделу үшiн немесе тағамға қосып пайдаланғанда абай болғаны жөн. Сондай-ақ емiзулi аналар да лавр жапырағына үйiр бола бермегенi абзал. Ал жүктiлiк кезеңiнде лавр жапырағын мүлде тұтынбаған дұрыс. Себебi ол жатырдың белсендiлiгiн арттыратын қасиетке ие. Соның салдарынан жүктiлiк кезеңi уақытынан бұрын тоқтауы, яғни, түсiкке әкеп соқтыруы ықтимал.

Бүйрек, бауыр мен жүрек ауруларына шалдыққанда да бұл өсiмдiк жапырағынан бас тартқан жөн.

Ләззат Ахметова,

ERNUR.KZ