​ЛИМОН мен МАЙСАНА ішекті ШЛАКТАН тазалайды

0
10 617

Терінің қартаюы, тез шаршау, ұйқының қанбауы - ішекке шлак толғанын білдіреді. Оны тазалаудың ең оңай әдісі бар. Толығырақ білгіңіз келсе сілтемеге өтіңіз...


​ЛИМОН мен МАЙСАНА ішекті ШЛАКТАН тазалайды

фото: vseodetyah.com

Ішекті тазалау арқылы іштегі улы заттан, шлактан, аллергия туғызатын зияндардан арыласыз. Бұл емді жүргізу арқылы біз артық салмақтан құтыламыз, терімізді тазартамыз, жалпы ағзаның жағдайын жақсартамыз. Үй жағдайында ішекті тазалай отырып көптеген аурулардың алдын аламыз, түрлі дерттен құтыламыз.


Ішекті не үшін тазалау керек?

Алдымен осыны біліп алайық. Ішектің құрамында вирустармен, бактериялармен және рак клеткаларымен күресетін арнайы жасушалар (Т-лимфоциттер) бар. Егер азға артық заттарға толған болса, онда өзін қорғай алмайды. Адам ағзасы күнделікті жұтатын ауадан, тұтынатын тағамнан және ішетін судан зақымдалады. Олар ішкі ағзалар мен тіндерде жинақталады. Өнімдердің қалдықтары ыдырайды, шіриді. Салдарынан ішкі қабырғалар шлакқа толады, нәжіс пайда болады. Бұлар өз кезегінде ішектің жұмысын бұзып, қартаю процесін жеделдетеді. Қалдықтар қан арқылы бүкіл ағзаға тарайды. Улану мен ластану жүрек, бүйрек ауруларының дамуына, ісіктердің пайда болуына және адамның денсаулығының нашарлауына алып келеді.

фото: YouTube

Ішекті тазартудың пайдасы:

  • бүкіл ағзаның денсаулығына жақсы әсер етеді;
  • аш ішектің жұмысын жақсартады;
  • метаболизм процестерін қалыпқа келтіретін инсулиннің түзілуін қамтамасыз етеді;
  • метаболизмге жауапты бауырды қалпына келтіреді;
  • өттің дұрыс бөлінуін жақсартады;
  • несеп жолдарын тазалайды;
  • қант пен холестериннің деңгейін реттейді;
  • ағзадағы майлардың ыдырауы күшейеді;
  • жүйке жүйесіне оң әсер етеді,
  • көңіл-күйді жақсартатын серотонин деңгейін жоғарылатады;
  • Д дәруменінің сіңуіне ықпал етеді;
  • салмақты азайтуға көмектеседі.


Ішекті қай кезде тазарту керек?

  • Іштің кебуі;
  • Денеден жағымсыз иістің шығуы;
  • Тері аурулары;
  • Тез шаршағыштық;
  • Нәжіс шығарудың қиындауы;
  • Жұлынның зақымдануы;
  • Жиі суықтап ауру;
  • Тыныс алудың қиындауы ішектің шлакқа толғанын білдіреді.


Егер осындай жайсыздықтар орын алса, алдымен мынадан бастаңыз:

  • Тамақтану мәзіріңізді жемістермен, көкөністермен, табиғи шырынмен, түрлі ұнтақпен толықтырыңыз;
  • Майлы, ащы, қақталған тағамдарды шектеңіз. Нан мен ұн өміндерінен жасалған тағамдарды ұмытыңыз. Оған қоса, темекі мен спиртті ішімдіктен алыстаңыз;
  • Аштық емін бастаңыз;
  • Су ішу тәртібін орнатыңыз. Міндетті түрде ашқарынға 1 стақан су ішіңіз. Сосын күні бойы кем дегенде 1,5-2 литр су ішуге әдеттеніңіз;
  • Моншаға, саунаға баруды ұмытпаңыз. Ішекті тазартудың ең тиімді жолы – ыстық ванна екенін біле жүріңіз.


Ішекті халықтық әдіспен қалай тазалауға болады?

БАЛ

1 шай қасық балды 1 стақан қайнатылған жылы суға араластырасыз. Бал қоспасын таңертең ашқарынға ішу керек.


АСКӨКТІҢ ҰРЫҒЫ

300 мл қайнаған суға 1 ас қасық аскөктің ұрығын салып, тұндырып қойыңыз. Шамамен 1 сағаттан соң тұнбаны сүзіп алып, тамақтан алдын ішесіз. Емді күніне 3-4 рет жүргізу керек.

фото: obotravlenii.ru

ЗІМБІР

1 стақан қайнаған суға 1 шай қасық зімбір шырынын араластырасыз. Аталған емдік сусынды күніне 2-3 рет ішсеңіз, ішекті тазалайды, теріңізді жасартады.


АЛОЭ

1 дана алоэ жапырағын сығып сөлін аласыз. Оны 2 сағатқа тоңазытқышқа қою керек. Белгіленген уақыттан соң дайын болған шырынды сол күні қабылдау керек.


ЖУСАН

1 литр қайнаған суға 1 шай қасық жусан (полынь) шөбін араластырып, тұндырып қойыңыз. Шамамен 1 сағаттан соң тұнбаны сүзіп алып, тәулігіне 2 рет ішіңіз.


ҰН мен ҚАЙМАҚ

1 шай қасық зығыр ұны мен 100 гр. қаймақты араластырып, жейсіз. Аталған ботқа май алмасуды реттейді, ағзаны құрттан құтқарады, вируспен, бактериямен күреседі, улы заттарды шығарып, ішектің жұмысын жақсартады.

фото: chincilla-alena.ru

ЛИМОН мен МАЙСАНА

Қажетті затты салмағыңызға қарай аласыз. Мәселен, 50 келі шығатын болсаңыз, онда 50 мл майсана майы мен 100 мл лимон шырынын араластырасыз. Қоспаны сол мезетте ішу керек. Бұл емдік сусын нәжістің уақытында шығуына септігін тигізеді, ағзаны құрттан, улы заттан, шлактан тазалайды.


ЕСКЕРІҢІЗ! Біз ұсынған кез келген әдісті таңертең ашқарынға және тамақтан алдын жүргізу керек.

Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Дереккөз: healthperfect.ru



Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Мына ТӨРТ түрлі ДЕРТКЕ шалдыққандарға БАНАН жеуге БОЛМАЙДЫ


ГЕМОРРОЙДАН құтқаратын БЕС емді біле жүріңіз


БЕЛ мен БҮЙРЕК ауруын ШАТАСТЫРЫП алмаңыз