​Мына БЕС сусын НЕСЕП жолдарын емдейді

0
14 260

Аурудан айығуға асығыңыз. Асқынса қауіпті дертке ұласады...


​Мына БЕС сусын НЕСЕП жолдарын емдейді

фото: www.stayathomemum.com.au

Несеп жолдарына инфекцияның түсуі жиі қайталанатын ауру емес. Ол адам есейе келе пайда болатын ауру. Несеп жолдарының ауруына:

  • иммунитеттің әлсіздігі;
  • бүйректің дұрыс жұмыс істемеуі;
  • жүректің сыр беруі себеп болады. Мұнан басқа да жағдайлар несептің қабынуына себеп болуы мүмкін. Десе де, емделу үшін түрлі дәрі немесе екпе ұсынылады. Алайда фитотерапия әдісін қолдану ауруға да, ағзаға да әлде-қайда пайдалы әрі арзан.


Көбінесе, ішек пен бүйрекке микроб түскенде, несеп жолдары сыр береді. Сонымен қатар, тазалықты дұрыс сақтамағаннан, суықтағаннан, кіші дәрет қысқанда уақытылы бармағаннан, бүйреке тас пайда болғаннан, қант диабетінен, жүрек қан-тамыр жүйесі ауырғаннан несеп жолдарының жұмысы бұзылады.


Аурудың белгілері:

  • іштің айналасы ауырады;
  • кіші дәрет кезінде несеп жолдары дуылдап ашиды;
  • бөлінді пайда болады;
  • несепке қан немесе ірің араласады.

Оған қоса, қызу көтеріліп, бойыңызды әлсіздік билейді, жалпы жағдайыңыз нашарлайды. Осы кезде УРОЛОГ дәрігерінің кеңесін алыңыз және МЫНА емдік сусындардың көмегіне жүгініңіз.


ҚЫРЫҚБУЫН қайнатпасы

фото: sport-stroitel.ru

Қырықбуын (хвощ) – несеп айдайтын керемет өсімдік. Оны дайындау үшін 1 стақан суды ыдысқа құясыз. Қайнап шыққан соң 1 ас қасық ұнтақталған қырықбуынды салып, 2 минуттай қайнатасыз. Белгіленген уақыттан соң қайнатпаны сүзіп, салқындаған соң ішесіз. Емді күніне 3 рет жүргізу керек.

Бұл қайнатпа несептің уақытылы әрі дұрыс шығуына ықпал етеді. Несеп жолдары мен бүйректі тазалайды әрі суыққа қарсы күреседі.


ҚАРБЫЗ шырыны

Қарбыздың несеп айдайтын керемет қасиеті бұрыннан белгілі. Сонымен қатар ағзаны тазалауға да қабілетті. Шырынның құрамында бүйректі улы заттан тазалайтын, қабынуға қарсы күресетін пайдалы микроэлементтер мен дәрумендер бар.

Ем үшін күніне 3 стақан қарбыз шырынын ішу керек.

Ескеріңіз! Әр ем кезінде шырынды жаңадан дайындауға тырысыңыз. Сонда емдік күші арта түседі.


ҚАРАЖИДЕК шырыны

Емдік қасиеті мол бұл жидек дәруменге, антиоксидантқа және органикалық қышқылға бай. Осы пайдалы заттарының арқасында қаражидек бактерия мен инфекцияны өлтіруге қабілетті.

Шырынды дайындау жолы қарапайым ғана. Бірдей көлемде шырын мен суды араластырасыз. Егер татымы қышқылдау болса аздап бал қосуға болады. Шырынды күніне 2 рет ішесіз.


ЗІМБІР қайнатпасы

фото: narodzdorov.ru

Зімбір микроб пен суыққа қарсы күресетін күшке ие. Ал тамыры кез келген ауруды басады. Сондықтан да ішіңіз ауырып, несеп жолдарында қиындық туса, онда зімбір қайнатпасын ішіңіз. Оны дайындау үшін үгілген зімбір тамырының 1 шай қасығын 1 стақан қайнаған суға араластырасыз. Бөлме температурасында салқындаған соң шай ретінде ішесіз. Егер татымы ұнамаса лимон мен бал қосуға болады.


ҚИЯР шырыны

Ағзаны антиоксидантқа, дәрумендер мен минералды заттарға байытады әрі несеп айдайды. Жаңадан дайындалған шырын несеп жолдарындағы улы заттарды, шлакты шығарып, бактерияның көзін жояды.

Ем үшін күніне 2 немесе 3 стақан ішесіз.


ЕСКЕРІҢІЗ! Біз ұсынған емді 3 күннен 7 күнге дейін қабылдаңыз. Егер оң нәтиже бермесе, дереу уролог дәрігеріне қаралыңыз.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Дереккөз: zen.yandex.ru


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ТАМАҚ ауруын емдейтін ЖЕТІ әдіс


Мына БЕС сусын НЕСЕП жолдарын емдейді


ЕСІНЕУ қандай ҚАУІПТІ аурудың БЕЛГІСІ екенін білесіз бе?