​Мына БЕС түрлі АУРУДЫ тауықтың ЖҰМЫРТҚАСЫМЕН емдеуге болады

0
15 260

Ем үшін 1-ақ күн қолдана аласыз.


​Мына БЕС түрлі АУРУДЫ тауықтың ЖҰМЫРТҚАСЫМЕН емдеуге болады

фото: zen.yandex.ru

Жұмыртқа - қуырып-қайнатса азық, салаттың дәмін келтіретін қоспа, оған қоса кез келген пісірменің жақсы шығуына ықпал етеді. Тіпті косметикалық қызметті де керемет атқарады. Бір ғана жұмыртқадан адам ағзасы үшін аса қажетті ақуызды, дәрумендер мен минералды заттарды алуға болады. Оның құрамындағы А және Е дәрумендері күйікті кетірсе, лейцин қандағы холестерин деңгейін төмендетеді. Сонымен қатар, тамақ ауруларын емдеп, жөтелді жазатын қасиетке ие.


Жұмыртқаның тағы да мына ауруларға ем екенін білесіз бе?


ЖӨТЕЛДІ КЕТІРЕДІ

2 ас қасық қолдың таза сары майына 2 дана балғын жұмыртқаның сарыуызын, 1 шай қасық бидай ұнын және 2 шай қасық табиғи балды араластырыңыз. Дайын болған қоспаны 1 шай қасықтан күніне 3-4 рет ішке қабылдайсыз.


КҮЙГЕНДІ ЕМДЕЙДІ

фото: econet.ru

2-3 дана жұмыртқаны қайнатасыз. Піскен соң сарыуызын бөліп алып, майсыз табаға салыңыз. Табаны баяу отқа қойып, қарайғанша қуырыңыз. Дайын болған қуырманы күйген теріге жақсаңыз, жараның орны тез жазылады. Қалған қоспаны тоңазытқышқа қою керектігін ұмытпаңыз.


ТЫНЫС ЖОЛДАРЫН ТАЗАЛАЙДЫ

Тыныс жолдары қабынып, ұзаққа созылған тамақ ауруына осы емді қолдансаңыз, өкінбейсіз. Емдік қасиеті мол бұл әдісті жақындарыңызға да айта жүрсеңіз болады. Қоспаны дайындау үшін: 10 дана жұмыртқаның қабығын жинақтап, жақсылап ұнтақтайсыз. Оған 10 дана лимонның шырынын қосыңыз. Араласпаны шыны ыдысқа салып, күн тимейтін жерге қоясыз. Шамамен 10 күннен соң қоспаны қабатталған дәкенің көмегімен сүзіп алу керек.

Басқа ыдысқа 10 дана жұмыртқаның сарыуызын саласыз. Оған 10 ас қасық шекер қосып, мұқият көпіршітесіз. Қант еріген кезде сарыуызды 1 бөтелке коньякпен араластырасыз.

Енді жұмыртқаның ұнтағы мен коньякты араластырыңыз. Дайын болған емдік қоспаны 1 ас қасықтан күніне 3 рет қабылдайсыз. Емді тамақтанудан 30 минут бұрын жүргізу керек.


ТҰМАУДЫ КЕТІРЕДІ

фото: poleznosti.mirtesen.ru

500 мл жылы сүтке 1 дана шикі жұмыртқаны саласыз. Оған 1 шай қасық бал мен 1 шай қасық сары май араластырыңыз. Қоспаны мұқият араластырып алып, жатар кезде ішсеңіз, жөтел сап тыйылады. Таңертең тұмаудан да, суықтан да құтыласыз. Бойыңызды тіктеп, сергек қалпыңызға келесіз.


БУЫН АУРУЫНАН БІРЖОЛАТА ҚҰТЫЛАСЫЗ

1 дана жұмыртқаны қайнатасыз. Піскен кезде сарыуызын алып, екіге бөліңіз. Енді жарты сарыуызды шанышқының көмегімен езесіз. Кеңдеу ыдысқа 1 стақан тазартылған күнбағыс майын құясыз. Оған сіріңкенің қорабындай көлемдегі ара балауызын қосыңыз. Ыдысты баяу отқа қойып, балауыз ерігенше қозғап тұрыңыз. Қайнап тұрған майға жұмыртқаның езілген жарты сарыуызын саласыз. Сарыуыз көзге көрінбейтіндей жоқ болып кеткенше қайнау керек. Сосын оттан алып, капронмен (дәке жарамайды) сүзесіз.

Емдік қасиеті мол қоспаны ауыратын буындарыңызға сіңдіре отырып жағып, компресс жасайсыз. Емді әр 2 сағат сайын қайталап отырсаңыз, оң нәтижесін тез байқайсыз. Бұл сұйықтықты шыны ыдысқа құйып, 10 айға дейін тоңазытқышта сақтауға болады.

Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Дереккөз: fithacker.ru

Аударған: Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Пияз ҚАБЫҒЫНЫҢ қайнатпасы ҚАНДАЙ АУРУҒА ем?

Кімдерге БАЛ жеуге БОЛМАЙДЫ