​МЫНА жеміс шырыны АЛТЫ күнде бүкіл АҒЗАНЫ тазалайды

0
8 749

Бұл керемет әдіс сағат тілімен жүргізіледі.


​МЫНА жеміс шырыны АЛТЫ күнде бүкіл АҒЗАНЫ тазалайды

фото: goodfon.ru

Әр мезгілде адам ағзасын тазалап тұру керек. Әсіресе жаз мезгілі ең тиімді әрі қолайлы кезең. Жазғы тазалану жұмыстары жалпы жағдайыңызды жақсартып, саулығыңызды нығайтады, ағзаны қуаттандырып, иммунитетті нығайтады.


Біз ұсынған сағат тілімен тазалану:

  • асқазан-ішек жолдарын тазалайды;
  • тоқ ішекті емдейді;
  • іш қатуды болдырмайды;
  • омыртқа жотасы мен бауырдың жұмысын қалпына келтіреді;
  • остеохондроз ауруының алдын алады.

Жалпы жаныңыз бен тәніңізді жақсартады әрі теріңізді жасартады. Әсіресе бұл жазғы тазалану жұмыстары 40 жастан асқан кез келген адамға пайдалы әрі аса қажет.

фото: sobesednik.ru


Ендеше, сызба бойынша тазалану жұмыстарын бастаймыз.

Таңертең қай уақытта тұрсаңыз да ең алдымен аз-аз жұтымнан бөлме температурасындағы су ішесіз. Бір жұтым су ішіп 10-15 минут басқа шаруамен айналысыңыз. Қайтадан келіп су жұтып алып, тағы да іске кірісіңіз. Мұндай әдіс асқазан мен ішекті қажетті сумен толтырады да жақсы жұмыс істеуіне ықпал етеді. Осыдан соң сіз міндетті түрде үлкен дәретке шығасыз.

Таңғы асты сағат 9-да жеңіз. Өте асықпай шайнап жеуге тырысыңыз. Тіпті ботқаны да шайнап жеуге кеңес береміз. Бір бума аскөкті ұсақтап турап жеуге әдеттеніңіз. Артынан цитрусты жемістен әзірленген 1 стақан шырын ішіңіз.

Сағат 10-да 150-200 гр. қайнатлыған күріш жеңіз. Бұл тағамды да өте асықпай шайнау керек. Осы уақытта калий элементіне бай 200 мл кәді, қияр немесе асқабақ шырынын ішіңіз.

Сағат 11-де және 12-де 200 мл цитрусты жемістен дайындалған шырын ішіңіз.

Түскі 13-де 10-15 гр. бір бума аскөк пен цитрусты жемісті қанағат етіңіз.

Сағат тілі 14-ті көрсеткенде кез келген шикі көкөніс немесе жемісті нансыз әрі тұзсыз жейсіз.

Сағат 15-де және 14-те 200 мл цитрусты жемістен әзірленген шырынын ішіңіз.

17-де 150-200 гр. қайнатылған күріш жеңіз.

Сағат 18-де 200 мл цитрусты жемістен әзірленген шырын ішесіз.

Ал 19-де 10-15 гр. көктердің бірін жейсіз.

Сағат тілі 20-ны көрсеткенде 200 мл цитрусты жемістен әзірленген шырын ішіңіз.

21-де кез келген шикі көкөніс немесе жемісті нансыз әрі тұзсыз жейсіз.

Сағат 22-де 200 мл цитрусты жемістен әзірленген шырын ішіңіз.

Түнгі 23-де аз-аз жұтымнан 200 мл таза су ішіп жатыңыз.

фото: www.instagram.com


ЕСКЕРІҢІЗ!

Түнде кіші дәретке бір емес бірнеше рет шығасыз. Тіпті, үлкен дәрет те мазалауы мүмкін. Таңертең өзіңізді жақсы әрі сергек сезінсеңіз, тазалану жұмыстарын тағы да қайталаймыз. Бүкіл ағзаны тазалауға 1 күн жеткіліксіз. Егер өзіңізден ешқандай да жайсыздықты байқамасаңыз онда 6-7 күнге дейін тазалану жұмыстарын жалғастырыңыз.

Бір жұмадан соң асқазан, ішек, бауыр, бүйрек, жүрек, өкпе, тіпті қан тамырларына дейін улы заттан, шлактан тазаланғанын сезінесіз. Себепсіз шаршаудан, ұйқысыздықтан, маужырап, қалжыраудан, көңілсіздіктен арыласыз. Бір аптаның ішінде-ақ өзіңізді ерекше қуатты, белсенді, сергек сезінесіз.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Дереккөз: ochishchenie.ru


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Балаңыздың ІШІ қатса БАЛ қосылған СҮТ ішкізіңіз


Қолтықтың ТЕРЛЕУІ қандай АУРУДЫҢ белгісі екенін білесіз бе?


Бұл БЕЛГІЛЕР ағзаның ШЛАКҚА толғанын білдіреді