Наурыз көжеге қосылатын МЫНА дәндер ЖЕТІ ауруды емдейді

0
9 441

Наурыз көжені тауысып ішіңіз. Ел ішінде кесеге құйылған наурыз көжемен бірге несібеңіз қоса құйылады. Түгел ішсеңіз жыл бойы тоқшылық пен молшылық сізге серік болады деген сенім бар.


Наурыз көжеге қосылатын МЫНА дәндер ЖЕТІ ауруды емдейді

фото:seykhuninfo.kz

Наурыз көжеге не үшін 7 түрлі азық қосылатынын бәріміз де жақсы білеміз.

Оны айтып жатудың еш қажеті жоқ. Бірақ құрамы дәрумен мен минералды затқа тұнып тұрған көже сан түрлі дертке дауа болады.

Көженің құрамындағы 7 түрлі дәннің әрқайсысының өзіндік емдік қасиеті бар. Төмендегі мақалада толығырақ тоқталып өтеміз.

фото: catch.today


  1. Тары

Құрамы: фосфор, кальций, магний, натрий, калий, хлор, күкірт, никель, кобальт, алюминий, темір, мырыш, йод, мыс, хром, марганец, фтор, молибден, бор, кремний элементтері мен РР, А, Е, В1, В2, В6 және В9 дәрумендеріне бай.

Емдік қасиеті: Тары ұйқыбезді емдейді. Ол үшін 250 гр. дәнді жуып, эмалды ыдысқа саласыз. Оған 2 литр су құйып, көлемі жартыға азайғанға дейін қайнатасыз. Сонан соң оған 250 гр. үгілген асқабақ қосып, тағы да 20 минуттай қайнатыңыз. Дәмін келтіру үшін аздап тұз, 20 гр. өсімдік майын қосып, кешкі асқа жеңіз. Бұл тағамды 7 күн үзбей жесеңіз, ұйқы безінің жұмысы жеңілдеп, саулығы жақсарады.


2. Бидай


Құрамы: В тобындағы дәрумендер мен фосфор, темір, магний, мырыш, калий сынды минералдардың қайнар көзі болып табылады.

Емдік қасиеті: қаназдық пен аққандылықты емдейді. Ол үшін 45 гр. жуылған бидай жармасын 250 гр. қайнатылған суға саласыз. Ыдыстың бетін мықтап жауып, тұндырып қойыңыз. Шамамен 2 сағаттан соң тұнбаны сүзіп алып, 15 грамнан ішесіз. Емді тамақтан алдын жүргізу керек.

Ал іш қату мен гастрит кезінде мына тұнбаны дайындайсыз. Тұнбаға 200 гр. бидай мен 1 литр су керек. Екеуін ыдысқа салып, отқа қойыңыз. Баяу отта 1 сағаттай қайнатып, сүзіп алыңыз. Дайын болған тұнбаны жылы күйінде жарты стақаннан ішесіз. Емді күніне 3-4 рет тамақтанудан 30 минут бұрын жүргізу керек.


3. Жүгері


Құрамы: Е, А, С, РР және В тобындағы дәрумендерге бай. Сондай-ақ, магний, кальций, калий, натрий, фосфор, темір, мыс сынды минералдарды кездестіруге болады.

Емдік қасиеті: Қан қысымын реттейді. Ол үшін 1 литр суға 200 гр. үгілген жүгеріні қосып, тұндырып қойыңыз. Бір тәуліктен соң дайын болған тұнбаны сүзіп алып, 4 жұтымнан ішесіз. Емді күніне 1 рет жүргізу керек.


4. Күріш


Құрамы: В тобындағы дәрумендердің қайнар көзі. Сонымен қатар калий, кальций, йод, темір, мырыш және фосфор элементтерін табуға болады.

Емдік қасиеті: қайнатылған күрішпен остеохондроз, артрит, ревматизм және құяң ауруларын емдеуге болады. Ол үшін бір курс емге жасыңыз қаншада болса, сонша қасық күріш аласыз. Белгілі мөлшердегі күрішті банкіге салыңыз. Үстіне қайнатылған салқын су құйып, тоңазытқышқа қойыңыз. Күнде таңертең күріштің суын ауыстырып тұруды ұмытпаңыз. Емді таңертең жүргізу керек. Дайын болсаңыз емді бастаймыз.

1 қасық күрішті 200 гр. суға салып қайнатасыз. Май мен тұз қоспайсыз. Піскен кезде оттан алып, жылы күрішті жейсіз. Емді таңғы 7-00-де жүргізу керек.


5. Арпа


Құрамы: Арпа мидың жұмысын жақсартатын фосфор, зат алмасуды реттейтін темір, марганец, мырыш, калий және кальций элементтеріне бай. Сондай-ақ, А, РР, Е, D және В тобындағы дәрімендердің қайнар көзі болып табылады.

Емдік қасиеті: 100 гр. арпаны 1 литр қайнаған суға салып, тұндырып қойыңыз. Шамамен 6 сағаттан соң тұнбаны отқа қойып, 15-20 минуттай қайнатасыз. Осы уақыт өткен соң тұнбаны сүзіп алып, күніне 3 рет ішке қабылдаңыз. Емді тамақтан алдын жүргізуді ескеріңіз.


6. Маш


Құрамы: фосфор, магний, темір, калий, кальций, мырыш, натрий секілді минералдарды, фолий қышқылы мен С, Е, К және В тобындағы дәрумендерді маштың құрамынан алуға болады.

Емдік қасиеті: машты үзбей жейтіндер жүрек қан-тамыр ауруларына шалдықпайды, жүйкелері тыныш, холестерін деңгейі қалыпты, қандағы қант мөлшері өзгеріссіз, ағзасы мықты болады.

Маш иммунитетті көтереді, ақыл-ойды дамытады, есте сақтау қабілетті жақсартады, көру қабілетін қырағы етеді. Сонымен қатар бүйрек пен әйелдерде кездесетін аурулардың алдын алады. Сіздің сүйікті тағамдарыңыздың арасынан маш орын алса, онда сіз тамақ, мұрын, құлақ ауруларына алаңдамасаңыз да болады.


7. Лобия


Құрамы: В, С және Е дәруменіне, фолий қышқылына, кальций, калий, мырыш, темір элементтеріне бай.

Емдік қасиеті: Қант диабетімен ауыратындарға керемет ем. Оны дайындау үшін термосқа 55 гр. үгілген лобияны саласыз. Үстіне 400 гр. қайнатылған су құйыңыз. Термостың қақпағын мықтап жауып, тұндырып қоясыз. Шамамен 10-12 сағаттан соң дайын болған тұнбаны сүзіп алып, ашқарынға қабылдайсыз. 7 күн қатарынан тамақтанудан 20 минут бұрын 150 мл тұнба ішуді ұмытпаңыз.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Ләззат АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ.


Тағы оқыңыз:


БАУЫРДЫ тазалауда қателесуге жол бермейтін БЕС қағида


1 литр СУ + 1 қасық ТҰЗ = АҒЗАНЫ артық заттан тазартады

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет