​Өкшеге ЙОД жағу арқылы ЗОБТЫ емдеуге болады

0
19 627

Үй жағдайында зоб ауруын анықтаудың 3 әдісі


​Өкшеге ЙОД жағу арқылы ЗОБТЫ емдеуге болады

фото: newsinform.info

Қалқанша бездің өсуі (зоб) – қауіпті ауру. Дер кезінде емдемесе хирургиялық ота жасалынуы мүмкін. Десе де халық емін қолдана отырып қауіптің алдын аласыз әрі ота жасатпауға болады. Емді бастамас бұрын зобтың бар-жоғын анықтап алайық.


ЗОБ ауруын анықтаудың 3 әдісі

Эндокринолог дәрігерлер зобты үй жағдайында анықтауға болады дейді. Ол үшін мына 3 түрлі нұсқаны жасап көресіз.


№1. Йодтапшылығы

Қалқанша безді сақтайтын да, қорғайтын да йод екенін білеміз. Ендеше, йодтың көмегімен ағзада йод элементі жеткілікті ме, әлде тапшы ма анықтаймыз. Ол үшін мақта оралған таяқшаның көмегімен білегіңізге кесте түрінде йод жағасыз. Егер 1 сағаттың ішінде йод теріге сіңіп жоқ болса, онда ағза йодтапшылығына ұшырағанын білдіреді. Өздеріңіз білетіндей, зоб йод элементінің тапшылығынан асқынады.

фото: magia.fandom.com


№2. Қалқанша бездің өсуі

Айнанаың алдына жайғасып отырыңыз. Аузыңызға толтырып су аласыз. Сосын иегіңізді жоғары көтеріп, аз-аздан су жұтасыз. Осы кезде қалқанша бездің іскенін байқасаңыз, онда зобтың пайда болғанын білдіреді.

Анығын білу үшін қалқанша безді УДЗ-ден өткізіңіз.


№3. Шаштың түсуі

Қалқанша без ауруына шалдыққан науқастардың шашы уыстап төгіле бастайды. Одан бөлек қастары да түсе бастайды. Шаштың түсуіне аса алаңдамаймыз. Алайда бұл ойланатын жағдай екенін ескеріңіз.


ЗОБ ауруының белгілері:

  • жылауықтық;
  • ашуланшақтық;
  • жүрек соғысының өзгеруі;
  • ауа жетіспеу;
  • мазасыздану;
  • жұтынған кезде ауырлықты сезу;
  • себепсіз жөтел;
  • үнемі көңілсіз жүру.

Бұл белгілер жанымызға батпаған соң аса мән бермейміз. Салдарынан ауру асқынып, саулығыңызды нашарлатады. Сондықтан төменде ұсынылған халықтық әдіспен ем жүргізіп жүруді ұмытпаңыз.


ТАМАҚТАНУ

Сау болу үшін салауатты өмір салтын ұстану және дұрыс тамақтану керек. Егер сізде ЗОБ-тың белгілері болса онда құрамы йод элементіне бай тағамдарды көбірек тұтыныңыз. Ас мәзіріңізден балықты, пиязды, сарымсақты, қызанақты, сәбізді, құлпынайды, цитрусты жемістерді, ананасты үзбеңіз.

Ал алкогольді сусындарды, консервіленген, қуырылған, майлы ет пен тағамдарды, кофені шектеңіз.

фото: forumsamogon.ru


ГРЕК ЖАҢҒАҒЫ

  • Жаңғақтың жапырағы мен тамырын жақсылап ұсақтап алыңыз. Үгіндіні ыдысқа салып, үстіне салқын су құясыз. Бетін жауып 30 минуттай тұндырып қойыңыз. Осы уақыт өткен соң ыдысты отқа қойып, 10 минуттай қайнатасыз. Сосын қайнатпа салқындаған кезде сүзіп алып, ваннадағы суға араластырасыз. Емдік ваннаны ұйқыға жатар кезде қабылдау керек. Егер 15-18 рет қайталасаңыз, зобтан біржолата құтыласыз.
  • 1 стақан грек жаңғағын 500 мл араққа салып, бетін нығыздап жабасыз. Ыдысты балалардың қолы жетпейтін әрі күн тимейтін жерге қоюяды ұмытпаңыз. 1 айдан соң дайын болған емдік тұнбаны сүзіп алып, 1 ас қасықтан ашқарынға ішесіз. Емді күніне 1-2 рет жүргізу керек.


ҚАЗТАБАН

1 ас қасық ұсақталған қазтабанды (лапчатка) шыны ыдысқа саласыз. Үстіне 1 стақан арақ құйып, бетін жауып, күн тимейтін жерге қоясыз. Ыдысты күнде қозғап тұруды ұмытпаңыз. Тура 14 күннен соң дайын болған тұнбаны сүзіп алып, 1 шай қасықтан тамақтанудан 30 минут бұрын ішесіз. Емді күніне 3-4 рет қайталау керек.


СҮЙЕЛШӨП

1 ас қасық сүйелшөпті (чистотел) 1 литр қайнаған суға салып, тұндырып қойыңыз. Шамамен 2 сағаттан соң тұнбаны сүзіп алып, 65 мл-ден тәулігіне 2-3 рет ішесіз.


ҚАЙЫҢ САҢЫРАУҚҰЛАҒЫ

1 ас қасық ұсақталған қайың саңырауқұлақты 2,5 литр қайнаған су құйылған ыдысқа саласыз. Ыдыстың бетін жауып, күн тимейтін жерге қойыңыз. Екі күннен соң тұнбаны сүзіп алып, 125 мл-ден ішесіз. Емді тамақтанудан 30 минут бұрын күніне 5-6 рет жүргізу керек.

ЕСКЕРТУ! Қайың саңырауқұлақты кез келген дәріханадан табуға болады.

фото: ittoot.ru


БӨРІАЯҚ

Халық емшілері зоб ауруын бөріаяқтың (зюзник) көмегімен емдеген екен. 1 шай қасық емдік шөпті 250 мл қайнаған суға салып, тұндырып қоясыз. Тұнба жылыған кезде сүзіп алып, 65 мл-ден ішесіз. Емдік тамақтанудан 30 минут бұрын қабылдау керек.


ҚЫЗЫЛКҮРЕҢ

1 ас қасық қызылкүрең (эхинацея) шөбін 250 мл қайнаған суға салып, бетін жауып қоясыз. Шамамен 25-30 минуттан соң дайын болған тұнбаны сүзіп алып, 65 мл-ден ішіңіз. Емді түске дейін қабылдау керек.


ЙОД

Ұйқыға жататын кезде табаныңызға йод жағып, мақта матадан тігілген шұлық киіп жатыңыз. Түнімен йод өкшеңізге сіңіп, зоб ауруын емдейді. Алғашында йод бірден сіңіп кетеді. Егер емді үзбей жасап жүрсеңіз, уақыт өте келе йод қалай жақсаңыз, солай тұратын болады. Бұл зобтың жазылғанынан дерек береді.


ШИЕ

100 гр. шие бұтақшасын үгітіп ыдысқа салыңыз. Үстіне 2 стақан ыстық су құйып, отқа қоясыз. 30 минуттай баяу отта қайнау керек. Сосын қайнатпаны сүзіп алып, 1 ас қасықтан күніне 3 рет ішесіз.


Міне, осы әдістер зоб ауруынан айықтырып, саулығыңызды жақсартады. Қайсы емді бастасаңыз да үзбей жалғастыруды қадағалаңыз. Бұл емнің көңіліңізге ұнаған бірін жасап, дертіңізге дауа табыңыз.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Материал түрлі дереккөздерінен алынды


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


БҮЙРЕК ауруынан САҚТАНУДЫҢ 8 әдісі


ТЫНЫС алуыңыз қиындаса КОФЕ ішіңіз


Коронавирустан САҚТАНУДЫҢ 7 жолы бар