​Омыртқа ауруларын қолының сезімталдығымен емдейді

0
6 907

Басыңыз ауырып, балтырыңыз сыздаса қай емшіге барасыз? Жалпы емшілерге сенесіз бе?


​Омыртқа ауруларын қолының сезімталдығымен емдейді

фото: obzorus.com

Басыңыз ауырып, балтырыңыз сыздаса қай емшіге барасыз? Жалпы емшілерге сенесіз бе? Бұлай сұрап отырған себебіміз, бүгінде қарапайым халық дәрігерлерге емес, емші-балгерлерге көбірек сенім артатыны байқалады. Оның да өз жөні бар. Медицинадан емін таппай, жылдар бойы аурудың зардабын тартқандар амалсыз емшіге барады. Таңқаларлығы, олар жанын жегідей жеген дертінен айығып, аяқтарынан тік тұрып кетіп жатқанын емделгендердің өздері айтуда. Миная апа да омыртқа ауруларын қолының ерекше сезімталдығымен сипап-сезіп білетін емші. Емшілер арасында бірнеше мақтау қағаздарына ие болып, елдің алғысын алған жан.

Жетісай өңірінің тұрғыны Миная апа магнитті-резонанстық томографиясыз-ақ науқас жанның ауруындөп басып айтып, халықтық тәсілдермен емін жасайды. Тіпті, шалғай қалалар мен аудандардан ол кісіні іздеп келіп, емін алғандар да аз емес. Өйткені Миная апа қазіргі таңда көптеген аурулардың бетін қайтарып, әсіресе омыртқа жарығынан зардап шеккендерге көмегін көрсетуде. Бел омыртқа мен арқа омыртқасына жарықтың (грыжа) шығуы көбінесе күндіз-түні бел жазбай құрылыс жұмыстарында еңбек ететін ер азаматтар шалдығады. Бұдан бөлек, ауыр жүк көтергеннен де омыртқа ауруларының белең алатыны жасырын емес. Дегенмен, Миная емшіге тек ер-азаматтар ғана емес, үй тірлігіне жарамай, белін жаза алмай жүрген, тіпті, бала-шағасының алдында бойын тіктеп отыра алмай қалған әйелдер де келуде. Міне, осындай жазылуы қиын әрі күрделі емді әйел заты болса да қолының шипасы бар Миная апа жүргізіп келеді. Ол кісіге елдің алғысы шексіз.

Миная Ахмедова қазіргі таңда мына ауруларды емдейді:

  • Остеохондроз
  • Геморрой (отасыз емдейді)
  • Омыртқадағы жарық
  • Ұйқысыздық
  • Бас ауруы
  • Денеге жиналған тұздарды кетіреді
  • Құйымшақтың қисаюы
  • Әйелдердегі эрозияны отасыз емдейді
  • Тері аурулары (псориаз, экзема)
  • Жамбас, сегізкөз аурулары және т.б.

иллюстрациялық фото: zdorsustav.ru

Ауруынан айығып, Миная емшіге алғыс білдіргісі келетіндер өте көп. Осы орайда емшінің шипагерлік қасиетіне сеніп, емін алған жандардың ыстық ықыласын жеткізгіміз келеді.

Берік Мамбетов, Мақтарал ауданы, Қараөзек ауылының тұрғыны:

- Осыдан бір жыл бұрын ауыр темір көтеремін деп белімді ауыртып алған болатынмын. Алғашында не істерімді білмей, белімнің ауырғанына шыдап бақтым. Бірақ, кейін ауыр асқына бастады ма, әйтеуір жанымды қоярға жер таппадым. Сосын амал жоқ медицинаға жүгініп, біраз дәрілер, аспа уколдар салдырдым. Сөйтіп жүргенде ауылдағы бір жеңгемнен Миная емші жайлы естідім. Олар өз ұлдарын осы кісіге апарып, емдеткен екен. Басқа таныстарымнан да сұрастырып, ол кісінің жақсы емші екеніне қанығып алдым. Әсіресе, көңіліме қонғаны Миная апа жол апатына ұшырап, қатты зардап шеккен бір апаны емдеп жазған екен. Содан соң іштей сеніп, Миная апаға келдім. Апам барлық ем-домын жасап, белімді жазды. Екі аяғыма парафин қойып, белге жылқының майын тартты. Барлық емі көңілімнен шықты, қазір өзімді жақсы сезінемін. Мүлде терлемейтінмін. Қазір шайды да терлеп-тепшіп отырып ішетін болдым. Миная апаға рахмет, Алла ұзақ ғұмыр берсін! Осындай емшілер жүз жасай берсін! Бел, омыртқа ауруларынан зардап шегіп жүрген бауырларыма еш ойланбай Миная апаға келіңіздер дегім келеді.

Ғалымжан Турадилов, Шымкент қаласының тұрғыны:

- Иә, омыртқа ауруы мені де 2002 жылдан бері мазалап келеді. Бұл ауруды тек басынан өткізген жандар ғана түсінеді деп ойлаймын. Қай жерің ауырса, жаның сол жерде, - дейді ғой. Қанша жылдан бері азабын тартып келе жатырмын. Біраз ем қабылдағанымды да қалай жасырайын?! Бірақ ешбірі омыртқа жарығын жаза алмады. Миная ападан өзімнің ағам ем қабылдаған болатын. Ағам дертінен айығып, өзін жақсы сезінетінін көзіммен көргеннен кейін де осы кісіге келдім. Қазіргі таңда жағдайым жақсы. Миная апаның еміне еш күмән келтірмеңіздер. Ешбір аппаратсыз диагнозды тауып қояды. Міне, бұл екінің біріне беріле беретін қасиет емес. «Қасиет қонған» деп Миная апа жайлы ауыз толтырып айта аламын.

Құрметті оқырман, егер Сізді де жоғарыда келтірілген аурулар мазалап, дертіңізге дауа таппай жүрген болсаңыз, Миная апаның шипалы емін алуыңызға болады.

Байланыс телефоны: 8701 371 03 36

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы.

ERNUR.KZ