​Пияз ҚАБЫҒЫНЫҢ қайнатпасы ҚАНДАЙ АУРУҒА ем?

0
19 691

Пияздың қабығы бірталай дертке дауа


​Пияз ҚАБЫҒЫНЫҢ қайнатпасы ҚАНДАЙ АУРУҒА ем?

фото: chlena.ru

Пияздың емдік қасиетін көпшілігіміз білеміз. Суықтап ауырғанда көбірек пияз жейміз. Мұрыннан су аққанда пияздың сөлін тамызамыз. Тіпті жүрек пен бүйрек ауруына да пияздың шипасы бары белгілі.

Ал пияздың қабығы туралы не білесіз? Оның емдік қасиеті орасан зор екенін естігенсіз бе? Сізге таңсық тақырып болса, төмендегі жазбаға назар салыңыз.


Пияздың қабығы Е, В, С, РР дәрумендеріне, калий, магний, темір, мырыш және күкірт элементіне бай. Сонымен қатар құрамындағы каротин, кверцитин сынды заттарының арқасында вирусқа, инфекцияға қарсы күресетін күшке ие.


ПИЯЗДЫҢ ҚАБЫҒЫ:

  • терінің саулығын жақсартады әрі жасартады;
  • жүрек қан-тамыр ауруларының алдын алады;
  • еркектік қуатты арттырады;
  • иммунитетті нығайтады;
  • рак ауруымен күреседі;
  • ағзаны шлактан тазалайды;
  • аяқ ауруларын емдейді;
  • шаршауды басып, қуаттандырады;
  • ағзаны құрттан арылтады;
  • ішек жолдарын реттейді;
  • асқазанның жұмысын жеңілдетеді;
  • мидың қан тамырларын тазалайды;
  • қан қысымын қалпына келтіреді;
  • қақырықты түсіреді;
  • несеп жолдарының жұмысын реттейді;
  • терідегі безеу мен экземаның жазылуына септігін тигізеді.


ҚАЛАЙ ЕМДЕЙДІ?


Жүрек

Жүрек қан-тамыр жүйесін қуаттандырады, қанның ұюын болдырмайды, жараның тез жазылуына септігін тигізеді, жүрек қағысын реттейді.


Асқазан

Асқазан, асқорыту жолдарының жұмысын қалпына келтіреді. Ағзадағы шырышты шығарады, артық сұйықтықтан арылтады әрі бүйрек ауруының алдын алады.


Қан айналымды реттейді

Варикоз, геморрой, белсіздік және атеросклероз ауруларынан айықтырады. Ағзадағы артық тұзды шығарып, буынның айналасындағы ауруларды емдейді.


Инфекциямен күреседі

Суыққа, вирусқа, саңырауқұлаққа қарсы шипа. Сонымен қатар қайызғақ, табанның қотырын, тері ауруларын, қабыршақтануды, терінің сезімталдығы мен тегістігін емдейді. Бұлшықеттердегі ауырлықты, шаршауды, күйзелісті болдырмайды. Сондай-ақ, шаштың түсуін тоқтатып, қайраттандырып, қуаттандырады әрі жылтырлығын арттырады.

фото: vapeadept.ru


ҚАЛАЙ ДАЙЫНДАЙДЫ?

  • Бүйректі емдеу үшін 2 ас қасық ұсақталған пияздың қабығын 2 стақан суға салып, отқа қоясыз. Бір қайнап шыққан соң қақпағын жауып қойыңыз. Шамамен 30 минуттан соң тұнбаны сүзіп алып, 1 ас қасықтан күніне 5 рет ішесіз.
  • Қан қысымы жоғарылаған кезде пияз қабығынан шай демдеп ішіңіз. 1 стақан қайнаған суға 1 ас қасық ұнтақталған қабықты саласыз. 15-20 минуттан соң сүзіп алып, шай ретінде ішесіз. Бұл шай қан қысымын реттейді, сіңірдің тартылуын қойдырады әрі ісінуді болдырмайды. Сонымен қатар, бас аурынан айығасыз, суық тигізуден сақтанасыз, тәбетіңіз артып, қан тамырларды тазалайды.
  • Ал холестериннен құтылып, тамырдың саулығын арттырғыңыз келсе, мына тұнбаны дайындап ішесіз. Ол үшін 1 ас қасық ұнтақталған қабықты 1 стақан араққа саласыз. 2 аптадай күн тимейтін жерге тұндырып қою керек. Осы уақыт өткен соң тұнбаны сүзіп алып, 20 тамшы өсімдік майын қосасыз. Дайын болған тұнбаны 2 апта бойы тамақтанудан жарты сағат бұрын қабылдаңыз.
  • Жүрек ауруын емдеу үшін 2 ас қасық пияздың қабығын, 1/2 ас қасық бақбақ (одуванчик) тамырын және 1/2 ас қасық мыңжапырақ (тысячелистник) шөбін араластырыңыз. Оны 1,5 литр қайнаған суға салып, тұндырасыз. Шамамен 15-20 минуттан соң сүзіп алып, 150 мл-ден ішесіз. Емді тамақтанудан 1 сағат бұрын қабылдайсыз. Емделу мерзімі – 10 күн.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Материал түрлі дереккөздерінен алынды


Аударған: Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Мына БЕС түрлі АУРУДЫ тауықтың ЖҰМЫРТҚАСЫМЕН емдеуге болады


Емізулі АНАЛАРДЫҢ ісінген КӨКІРЕГІН мына 5 ӘДІСПЕН емдеңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет