Сіздің АУРУЫҢЫЗДЫ емдейтін табиғи АНТИБИОТИК бар

0
2 402

Керемет табиғи антибиотикпен бірге танысайық


Сіздің АУРУЫҢЫЗДЫ емдейтін табиғи АНТИБИОТИК бар

фото: belissimma.ru

Антибиотик – түрлі ауруды емдейді. Ол ағзадағы микробты, вирусты, инфекцияны өлтіріп, аурудан айықтырады. Десе де, антибиотик ауруды емдегенмен, басқа ағзаға зиянын тигізеді. Ал біз ұсынатын табиғи антибиотик ауруыңызды да емдейді. Оған қоса, иммунитетті көтереді, барлық ағзаға пайдасын тигізіп, жалпы жағдайыңызды жақсартады.

Сонымен осындай кереметке ие табиғи антибиотикпен бірге танысайық:

фото: about-tea.ru


  • Сарымсақ – бактериямен, вируспен және құртпен күреседі. Көкөністің құрамындағы диаллид сульфид ағзаны уланудан қорғайды. Одан бөлек, стафилококк, стрептококк, сальмонелл, сүзек ауруларынан қорғайды.
  • Пияз – стафилококк пен стрептококк вирусының өршуіне жол бермейді. Сонымен қатар, пияз жеп жүрген адам тұмау болмайды және суықтап ауырмайды.
  • Ақжелкек – бактерия мен инфекцияның көзін жояды. Оның құрамындағы лизоцим мен бензилизотиоцинат заты несеп жүйесінің жұмысын жақсартады.
  • Шомыр – ағзадағы бактерияны өлтірді. Одан бөлек, жара мен жарақаттың тез жазылуына септігін тигізеді.
  • Итбүлдірген (брусника) – зардабы мол бактерия мен саңырауқұлақты жояды. Ал мүкжидек (клюква) мен мүкжидек шырыны несеп жолдарындағы инфекцияны емдейді.
  • Анар – асқазан ауруларына керемет ем болады. Ал оның қабығын қайнатып ішсеңіз, жұқпалы ішек ауруларын емдейтін тамаша антибиотик болады.
  • Ара желімі – ағзадағы бактерияны жояды. Оның құрамындағы флавонид, флавоноид, органикалық қышқыл ағзаны қуаттандыруға қабілетті. Ара желімі ағзаны қуаттандырады, жырып, сырып алған жараны тез емдейді, күйікке және үсуге де керемет ем болады.

Ол үшін мына мазьді дайындап аласыз. 15-20 гр. ара желіміне 100 гр. зәйтүн майын араластырып, ыдысымен ыстық суға саласыз. Үздіксіз қозғай отырып, 1 сағат қайнатасыз. Осы уақыттан соң қоспаны сүзіп алып, шыны ыдысқа құясыз. Дайын болған қоспаны жараға жақсаңыз, тез жазылады. Ал емдік қоспа салынған ыдысты күн тимейтін салқын жерде сақтайсыз.

фото: homesteaderdepot.com


  • Мумие – микробқа қарсы күресетін антибиотик. Ол ішек таяқшалары мен стафилококк инфекциясын емдейді.
  • Алоэ Вера – ағзадағы инфекцияны жоятын антибиотик. Оның құрамындағы мукополисахарид аценманан иммунитетті нығайтып, жалпы жағдайыңызды жақсартады.
  • Түймедақ (ромашка) – қабынуға қарсы күресетін антибиотик. Оған қоса, жарақатты тез жазатын антисептиктің де қызметін атқарады.


Дегенмен, әрбір өсімдіктің қарсы көрсетілімдері бар екенін есте ұстаған жөн. Сондықтан қайсысын қолданғыңыз келсе де алдымен дәрігермен кеңескен дұрыс.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз!

Дереккөз: m.ilive.com.ua


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ГЕМОГЛОБИНДІ мына 4 ӘДІСПЕН көтеруге болады


Қандай ДӘРІ есте САҚТАУ қабілетін жақсартады?


ИНГАЛЯЦИЯ: КІМГЕ және ҚАШАН жасау керек?